Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Аида Балаева 2030 жылға дейінгі Қазақстан балалары тұжырымдамасын ұсынды

Аида Балаева 2030 жылға дейінгі Қазақстан балалары тұжырымдамасын ұсынды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

 Отырыс барысында Аида Балаева білім беру — бұл әрбір адам үшін де, қоғам үшін де өте маңызды бағыт екенін айтты. Жаңа Конституция жобасында білім саласының мәні айқындалып, маңызды құндылық ретінде көрініс тапқанын атап өтті. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданғанын тілге тиек етті. Бұл құжат елдегі әрбір баланы қамтып, қауіпсіздікке, сапалы білімге, денсаулыққа, отбасыға және әлеуметтік қорғауға қатысты негізгі мемлекеттік шараларды бірыңғай жүйеге біріктіреді.

Фото: Үкімет

— Жиында білім беру саласындағы жетістіктер де аталды. Қазақстан әлемдегі халық санына шаққанда оқушылар саны ең көп 10 елдің қатарына енген. Сонымен қатар алқа отырысында саладағы өзекті мәселелер туралы да сөз қозғалды. Осы орайда Аида Балаева мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сапасын арттыруды тапсырды. Мектеп оқулықтарына талдау жүргізіп, оларды балалардың жас ерекшеліктеріне сай әзірлеу керектігін және педагогтердің біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Аида Балаеваның пікірінше, басты назарды балаларға аударып, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру — басты міндет, — делінген хабарламада.

Жиында педагогтерді ЖИ технологиялары саласында даярлау мәселесіне ден қойылып, мұғалімдерді қайта даярлау қажеттігі де қозғалды. Осыған байланысты барлық профильді педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттерін ашу тапсырылды. Бұдан бөлек, вице-премьер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін де қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Атап айтсақ, қаржыландыру тетігін жетілдіру, еңбек нарығын жүйелі зерттеу және дуальды оқыту үлгісін енгізу бойынша бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.

Фото: Үкімет

– Алқа отырысында инклюзивті білім беру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Премьер-министрдің орынбасары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін барлық жағдай жасалу керектігін ерекше атап өтті. Кадр тапшылығын шешу мақсатында бейінді кафедралар ашу, инклюзия бойынша міндетті пәндерді енгізу және педагогтерді қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Оқу-ағарту министрлігіне қолданыстағы оқулықтарды іріктеу тәсілдерін шұғыл түрде қайта қарап, оларды әзірлеу мен сараптау сапасын арттыруды міндет етті. Аида Балаева тәрбие және идеологиялық жұмысты күшейту мәселесіне де арнайы тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстар Президент бекіткен Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтарына негізделуі тиіс екені атап өтілді, – деп хабарлады Үкіметтен.

Жиын барысында Жұлдыз Сүлейменова баяндама жасады. Оқу-ағарту министрі былтырғы ведомство қызметінің қорытындыларына тоқталып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды таныстырды.

Айта кетейік, бұған дейін педагог-ассистенттер жұмысқа конкурссыз қабылданатынын жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары