Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

​Сабақтан тыс уақытқа жауапты емес: Қазақстанда педагогтарға арналған ереже өзгеріп жатыр

Теңге мен инфляция не болады Ұлттық банк жаңа болжамдарды жариялады

Қазақ өзбек туризмі қалай дамиды?

Жол инспекторлары Беларусьтегі халықаралық байқауда 1 орын алды

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

Жедел жәрдем: ауруханаға жеткізген науқастың 80 пайызы үйіне қайтарылады

Бала бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойды Ақтөбе облысында мектептегі төтенше жағдай тергелуде

Әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы бой тасалаған: Қазақстан әуежайында Ресей азаматы ұсталды

Әл Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады

Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?

Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады

Бет әлпетті жабатын киім киген 1 100 ден астам адам жауапқа тартылды

“Ел имиджіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасының жанындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

Су саласындағы венгерлік тәжірибе: қазақ жастары не үйреніп жүр?

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы қалай қаржыландырылатынын айтты

TURGYNDAR AMANATY Тұрғындардың ұсынысы ескерілді

Үкімет су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықтайды

Үкімет су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықтайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдері тарапынан туындайтын сауалдарға жауап береді.

Айта кетейік, еліміз бойынша жыл сайын пайдаланылатын судың көлемі шамамен 25 млрд текше метрді құрайды. Оның 65 пайызы ауыл шаруашылығы дақылдарын суару алқаптарына жұмсалады. Алайда инфрақұрылымның тозуына байланысты судың 30–40 пайызына дейінгі бөлігі ысырап болады.

Осыған байланысты су шаруашылығын басқару және дамытуға арналған стратегиялық құжаттар аясында 14,5 мың шақырым каналды жөндеу көзделіп отыр. Сонымен қатар қосымша су қоймаларын салу жоспарда бар. Осындай жұмыстарды кезең-кезеңімен 2030 жылға дейін жүзеге асыру көзделген.

Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі мен германиялық HUESKER компаниясы суармалы су шығынын азайту үшін ирригация каналдарында заманауи геотекстиль материалдарын енгізу жобасын әзірлеуді бастағанын жазған едік.

Фото: Pixabay

Ауыл шаруашылығындағы сумен жабдықтау саласында негізгі басымдық заманауи, су үнемдейтін суару әдістеріне көшуге беріліп отыр. Осы мақсатта мемлекеттік қолдау шаралары қайта қаралып, олар тұрақты нәтиже беріп келеді. 

Егер 2023 жылға дейін су үнемдеу технологиялары енгізілген егіс алқаптарының көлемі жыл сайын орта есеппен 30 мың гектарды құраса, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бұл көрсеткіш еселеп ұлғайып, соңғы екі жылда орта есеппен 150 мың гектарға жетті. Су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің алқабы 543,5 мың гектарға дейін ұлғайды.

2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. Осы мақсаттарға жету үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте 228 млрд теңгеден астам қаражат көзделген, бұл алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есе (2023-2025 жылдар – 55,5 млрд теңге) көп.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатына орай бірқатар министрлікке нақты тапсырмалар берді.

Фото: Freepik

Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісу жүктелді. 

Ауыл шаруашылығы министрлігіне бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Ал Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарын енгізе отырып, 2029 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, түзетуі қажет. Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, туризм саласында кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдауы тиіс.

Коллаж: Kazinform/Canva

Энергетика министрлігі салалық агенттікпен бірлесіп, атом энергетикасы саласындағы жобалар бойынша жұмыстарды бақылауда ұстауы керек.

- Сонымен қатар жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігіне назар аударылды. Арттық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені баріне мәлім. Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын, - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтық жағдайларын болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қарастыруды тапсырды.

Ішкі істер министрлігіне цифрлық технологияларды енгізе отырып, жолдар мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алу жұмыстарын күшейтуді, Оқу-ағарту министрлігіне жол қозғалысы ережелерін оқыту бағдарламаларына енгізуді жалғастыруы жүктеді.

Коллаж: Kazinform; Nano Banana Pro

Отырыста цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту жайы қаралды. Негізгі баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі спутниктік байланыс жобалары арқылы шешіліп жатыр. Қазір Қазақстанда 3 спутниктік интернет операторы жұмыс істейді. Таяу уақытта тағы 2 шетелдік компания пайда болады.

- Олар бойынша пилоттық сынақты осы жылы өткізу жоспарланған. Сонымен қатар биыл Қазақстан темір жолы пойыздары мен Air Astana ұшақтарында спутниктің интернет іске қосылады. Әкімдіктер интернет жоқ жерлерде, туристік және жету қиын локацияларда жергілікті бюджет қаражаты есебінен спутниктік интернетпен қамтамасыз етуі қажет, - деді Жаслан Мадиев.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдар заңнамамен бекітілген ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзады. Осыған орай вице-премьер орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына және азаматтардың дербес деректерінің қорғалуына бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілерге қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін цифрлық жұмыс орны құрылып жатқанын айтты.

- Аталған жұмыс ортасы күнделікті қызметтік жұмыс үшін, оның ішінде Қазақстаннан тысқары жерде толыққанды қашықтан жұмыс істеу үшін барлық негізгі құралға ие болады. Біз бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырады деп санаймыз, - деді Жаслан Мәдиев.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 100 мың студент жасанды интеллект бойынша тереңдетілген курстарды оқитынын айтты.

- Президенттің тапсырмасына сәйкес AI-Sana бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бірінші кезеңде студенттерімізге 646 мың сертификат берілді. Қазіргі таңда студенттер 229 жасанды интеллект шешімін әзірледі. Екінші кезеңде Жасанды интеллект кеңесінің мүшесі Пол Ким мырза әзірлеген әзірленген жасанды интеллект бойынша тереңдетілген курстарды 100 мың студент оқытылады. Ақпан айында іріктеу басталады, - деді министр.

Отырысты қорытындылаған Премьер-министр Олжас Бектенов ведомстволарға бірқатар нақты тапсырма берді.

- Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сәтті өткізу үшін кәсіби қоғамдастық пен халықты кеңінен тартуды қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты Жасанды интеллект министрлігіне қаңтар айының соңына дейін Жылдың іс-шаралар тізбесін анықтап, бекітуді тапсырамын. Сондай-ақ мүдделі тараптармен бірлесіп, «Digital Qazaqstan» стратегиясын әзірлеуді және бекітуді жеделдету қажет, - деді Үкімет басшысы. 

Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне Стратегиялық жоспарлау агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрландыруды кеңейтуді және жасанды интеллектінің қолданылуын ескере отырып, басқарудың барлық деңгейлеріндегі функцияларды қайта қарауды тапсырды.

Фото: naryk.kz

Жасанды интеллект министрлігіне министрліктердің бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары – CDO қызметінің нәтижелеріне сапалы талдау жүргізіп, 2026-шы жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жаңа көрсеткіштерді белгілеуді жүктеді.

- Ақпараттық жүйелердің сенімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік Tier-III деңгейіндегі деректерді өңдеу орталығы жұмыс істейді. Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1-ші жартыжылдықтың соңына дейін ақпараттық жүйелерді жаңа деректерді өңдеу орталығына көшіруді аяқтауы қажет, - деді ол.

Сонымен қатар Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне Жасанды интеллект, Ұлттық экономика және Өнеркәсіп министрліктерімен бірге цифрлық инфрақұрылым мен өнеркәсіп саласындағы жобаларды жүзеге асыруды ескере отырып, электр энергиясының өндірісі мен тұтынудың ұзақ мерзімді балансын жаңартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

​Сабақтан тыс уақытқа жауапты емес: Қазақстанда педагогтарға арналған ереже өзгеріп жатыр

28 Мамыр 2026 17:28see123

Теңге мен инфляция не болады Ұлттық банк жаңа болжамдарды жариялады

28 Мамыр 2026 18:15see121

Қазақ өзбек туризмі қалай дамиды?

28 Мамыр 2026 18:47see120

Жол инспекторлары Беларусьтегі халықаралық байқауда 1 орын алды

28 Мамыр 2026 15:20see120

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

28 Мамыр 2026 00:01see119

Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

28 Мамыр 2026 12:32see118

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

28 Мамыр 2026 10:53see115

Жедел жәрдем: ауруханаға жеткізген науқастың 80 пайызы үйіне қайтарылады

28 Мамыр 2026 15:22see113

Бала бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойды Ақтөбе облысында мектептегі төтенше жағдай тергелуде

27 Мамыр 2026 19:09see112

Әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы бой тасалаған: Қазақстан әуежайында Ресей азаматы ұсталды

28 Мамыр 2026 10:55see110

Әл Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады

28 Мамыр 2026 15:13see110

Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?

28 Мамыр 2026 12:08see110

Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды

28 Мамыр 2026 15:14see109

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады

27 Мамыр 2026 21:14see109

Бет әлпетті жабатын киім киген 1 100 ден астам адам жауапқа тартылды

28 Мамыр 2026 11:14see108

“Ел имиджіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасының жанындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

28 Мамыр 2026 13:44see108

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

28 Мамыр 2026 15:21see108

Су саласындағы венгерлік тәжірибе: қазақ жастары не үйреніп жүр?

28 Мамыр 2026 11:14see107

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы қалай қаржыландырылатынын айтты

28 Мамыр 2026 16:49see107

TURGYNDAR AMANATY Тұрғындардың ұсынысы ескерілді

28 Мамыр 2026 18:44see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары