Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Украинаның КТК ға шабуылы: Ахуалға байланысты сарапшылар не айтады?

Украинаның КТК ға шабуылы: Ахуалға байланысты сарапшылар не айтады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бірер күн бұрын Украина тарапы кезекті рет Каспий құбыр консорциумына (КТК) шабуыл жасады. 29 қараша күні, Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06:00-де Новороссийск қаласында орналасқан порт ауданындағы теңіз инфрақұрылымына ұшқышсыз құрылғылар шабуылдаған. Салдарынан айлақтағы тиеу қондырғысы (АТҚ-2) істен шығып қалды. Танкерлер терминал акваториясынан тыс жерге шығарылған. КТК арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ын экспорттайды. Әрине, геосаяси жағдай ушыққан 2022 жылдың ақпанынан бастап мемлекет мұнай тасымалын әртараптандыру жолдарын қарастыруға кірісті. Алайда КТК сияқты алпауыт құбырды кез келген тасымал жолы оңайшылықпен алмастыра салмайды. Бұл – түсінікті жәйт. Украина шабуылына қатысты әуелі Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, одан соң Украина Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Телеграмдағы Energy Monitor каналының авторы, сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, Қазақстан КТК арқылы жыл сайын 55 млн тоннаға жуық мұнай тасымалдап, 30 млрд доллар табыс түсіріп отыр. 

«Оның үштен бірі (10 млрд доллардан астамы) мемлекет қазынасына түседі. Бұл – елдегі салық түсімдерінің 20%-ы. КТК мұнай құбыры Ресейге тиесілі емес, құбыр – ағылшын құқығы қолданылатын халықаралық жоба. КТК – өз акционерлеріне жыл сайын 1 млрд долларға дейін дивиденд бере алатын әлемдегі ең табысты мұнай құбыры. «ҚазМұнайГаз» жылына 200 млн доллар дивиденд алады. КТК-ның тек Қазақстанға төлейтін салық төлемінің өзі жылына 100 млн долларды құрайды.

Салыстырар болсақ, БТД (Баку-Тбилиси-Джейхан) мұнай құбыры әлі өз-өзін ақтамады. БТД-ға қарағанда қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін КТК 3 есе арзанға түседі. Ал жүк жөнелтушілер ең оңтайлы маршрутты өздері таңдайды, оларды мәжбүрлей алмаймыз.

Айта кету керек, мұнайды Баку бағытына қосымша экспорттау маршрутын қарастыратын, құрамында 8 компания бар жұмыс тобының құрылғанына да бір жыл болды. Жоба бойынша мұнайды Атыраудан Ақтауға дейін құбыр арқылы жеткізіп, ары қарай танкерлермен тасымалдау немесе Каспий теңізінің табанымен құбыр салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Алайда қазір акционерлер бұл бағытты тек зерттеу деңгейінде ғана қарап отыр. Тіпті оң шешім қабылданған күннің өзінде, жаңа маршрут КТК-ның орнын толық алмастыра алмайды: КТК-ның өткізу қуаты 70 млн тонна болса, жаңа бағыттың әлеуеті – шамамен 20 млн тонна көлемінде ғана.

Акционерлер бұл мәселені де Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы секілді ұзаққа созатынына сенімдімін.

Сондықтан Каспий құбыр консорциумының (КТК) тұрақты жұмысы еліміз үшін аса маңызды, әрі Сыртқы істер министрлігінің КТК-ға жасалған шабуылға жедел реакция білдіруі – орынды қадам», дейді сарапшы.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетовтың пікірінше, КТК-ға жасалған шабуыл Қазақстанның экспорттық инфрақұрылымының қаншалықты әлсіз екенін аңғартады.

 

«Теңіз терминалында АТҚ-3, АТҚ-2-де жөндеу жүргізіліп жатқанына 2 аптадан асты. Яғни, еліміз жалғыз АТҚ-1 арқылы тасымалды жүзеге асырады, бұл өз кезегінде тиеу және өндіру үшін айтарлықтай тәуекел туғызады. Бірақ басты сауал мынау: Қалайша еліміздің мұнай экспортының 80%-ы бір ғана инфрақұрылымға тәуелді болып қалды? Соңғы 11 жылда мұнай экспортындағы КТК үлесі 40%-дан 80%-ға ұлғайды:

2013 жылы – 40%

2016 жылы – 66%

2019 жылы – 76%

2021 жылы – 81%

2024 жылы – 80%

Яғни, КТК қазір мұнай өндіру өсімінің де, экспорттан түсетін валюталық кірістің де негізгі, іс жүзінде монополиялық дәлізіне айналып отыр», дейді.

Сарапшы сөзінше, соңғы 3-3,5 жылда балама маршруттарды дамыту бойынша айтарлықтай жетістікке қол жеткізбедік.

«Ахуал бізден соны талап еткен еді. Қараңыз, 2022 жылдан соң нарық, логистика және геосаясат күрт өзгеріп кетті. КТК-ның бірнеше рет тоқтауы резервтік қуаттар керек екенін байқатты. «Каспий арқылы балама бағыт ұйымдастыруды» талқылау сол талқы күйінде қалды. Баку және Қытай бағытындағы жобалар тәуекелді төмендете алатындай көлемді бере алмады. «Әртараптандыру бойынша жұмыс» туралы мәлімдемелер мен баяндамалар ұдайы жасалып тұрады. Бірақ шын мәніндегі іс-әрекет деңгейіне әлі жетпедік. Бүгінгі жағдай – КТК проблемасы емес, бұл – стратегияның проблемасы», дейді Абзал Нарымбетов.

Оның айтуынша, бізге қазір жүйелі ұзақмерзімді бағдарлама керек. Олар:

Каспий арқылы логистиканы кеңейту; Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы орнықты дәліз қалыптастыру; Шығыс бағытты күшейту; Гибридті танкерлік-құбыр желісі моделін жасау.

Сарапшы Төлеутай Рахымбеков 2024 жылы елімізде 87,7 млн тонна мұнай өндірілгенін айтады. Соның 68,6 млн тоннасы экспортқа шығарылса, оның 54,9 млн тоннасы (80%-ы) КТК арқылы әлемнің әр қиырына аттандырылған.

Тағы 8,8 млн тоннасы (12,8%-ы) – Атырау-Самара, 1,2 млн тоннасы (1,75%) – Атасу-Алашаңқай, 3,6 млн тоннасы (5,2%-ы) – «Ақтау» порты («кавказ» маршруты) арқылы экспортталған. 

«Балама маршруттарды қалыптастыру бойынша Қазақстан ештеңе істемеді деп айтуға болмайды. Атасу-Алашаңқай маршрутына үлкен сенім артылды. Ұзындығы 1 000 шақырым болатын бұл мұнай құбырын салу 2004 жылы қыркүйекте басталып, 2008 жылы аяқталды. Жобалық қуаты – жылына 20 млн тонна. Бірақ бұл құбыр толық күшінде жұмыс істеген жоқ. Жоғарыда көрсетілген цифрдан белгілі, 2024 жылы құбыр арқылы небәрі 1,2 млн тонна мұнай жіберілген, бұл – бүкіл қуаттың 6%-ы», дейді.

2025 жылдың басынан бері 21 қарашаға дейінгі аралықта КТК жүйесі арқылы 65,5 млн тоннадан астам мұнай экспортталған. Бұл былтырғы көлемнен 9 млн тоннаға көп.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see138

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see136

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see135

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see132

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see126

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see124

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see116

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see115

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see113

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see112

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see108

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see108

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see108

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see107

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see107

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see106

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары