Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Ұлт зердесіне таразы

Ұлт зердесіне таразы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл жоба әрбір адамның ойлау қабілетін, логикасын, креативтілігін және кәсіби бейімділігін кешенді түрде зерттейді. Руханияттың цифрлық кеңістігіне жаңа леп әкелген платформаның авторы – Ш.Есенов атын­дағы университеттің аға оқытушысы, PhD докторант Бақтыбай Жайлауов. Ай­туынша, тың жобаны да­йын­даудағы мақсаты –  қо­ғамдағы әр адамның ойлау, түйсіну, пайымдау қабілетін ұлттық таным тұрғысынан анықтап, талантты жастарды әділ бағалау, олардың білім жолындағы бағытын айқындауға көмектесу.

Аталған платформа – Қазақ­станда алғаш рет жасалған ұлттық интеллектінің жаңа үлгісі. Жоба авторының айтуынша, бұл – тест емес, тұтас жүйе. Яғни, IQ Test Center тек балл қойып қана қой­майды. Талдап, кеңес береді, тренд­терді бақылап отырады. Бағдарлама білім беру ұйымдарына, өңірлік басқармаларға, универ­ситеттерге арналған нақты инди­катор­лар ұсына алады. Мәселен, белгілі бір аймақтағы оқушылардың логикалық және аналитикалық ойлау деңгейінің кеңістік-уақыт­тық талдауын жасауға болады. Бұл тіпті білім беру стратегиясын тү­зетуге себеп болуы мүмкін. 

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында адами капиталды дамытуға, білім беру мен кадр сая­сатын түбегейлі жаңғыртуға бағыт­талған нақты міндеттер қойды. Мемлекет басшысы атап өткенд­ей, жасанды интеллект тек экономика­ның емес, қоғамның барлық са­ласын өзгертетін қозғаушы күшке айналмақ. Ал осындай дәуірде бас­ты құндылық – ұлттың интел­лектуалдық әлеуеті. Осы орайда біз жаңа бастама көтердік. Бұл – IQ Test Center атты ұлттық интеллек­туалдық диагностика және дамыту орталығын ашу. Жоба – жай плат­форма емес, ұлттық интеллект брен­дін қалыптастыратын қоз­ғалыс. Ертең әр мектепте, универ­ситетте, тіпті жұмыс орнында IQ-паспорты болуы қалыпты дүниеге айналады. Біз бүгін соның негізін қалап жатырмыз, – деді жоба авторы.

Ұлттық білімді дамытудағы тың бастама

IQ Test Center-дің қазіргі нұс­қасы 15 жастан жоғары қатысушы­ларға арналған. Болашақта бала­ларға, жоғары сынып оқу­­шы­­ларына, мемлекеттік қызмет­керлерге ар­налған нұсқаларын шығару жос­парлануда. Бұл жүйені кәсіби бағдар беруге, дарынды балаларды анық­тауға, адами ресурс жоспарлауға қолдануға болады, – деді жоба авторы.

IQ деңгейін көтеру үшін ар­найы жаттығулар да бар. Ең жақсы жаттығу – классикалық көркем әдебиетті оқу. Бұл – ақыл-ойға арналған нағыз фитнес. Логика, қиял, ойлау, жады – бәрі дамиды. Сол себепті IQ Test Center база­сында әдебиетке негізделген ар­найы білім беру бағдарламасын жасадық. Бұл – сананы күшейтетін жүйелі әдістеме. Қазір жобаның жұмыс істейтін MVP-нұсқасы бар. Оған арнайы эксперимент жүр­гізілді, алғашқы аналитикалық нәтижелер де алынды. Автордың айтуынша, пайдаланушылар өз нәтижелерін көріп қана қоймай, оларды өңір, сала, жас санаттары бойынша салыстыра алады. Келесі қадам – ауқымды масштабтау. Бақ­тыбай Жайлауовтың тырнақалды жобасы мемлекеттік қолдауға бағытталған коммерциялық жоба. Яғни, коммерциялық бөлігі – жо­ба­ның өзін-өзі қаржыландыру тетігі. Бірақ басты миссия – стра­тегиялық қоғамдық платформаға айналу болғандықтан, өнертапқыш Astana Hub-тың Startap Orda, AI-Sana, «Инновациялық жобалар» сияқты бағдарламаларына қаты­сып, мемлекеттік құрылымдармен әріптестік орнатып жатқанын негізге алды.

– Президент айтқандай, жасан­ды интеллект – мемлекеттік даму­дың стратегиялық басымдығы. Біз осы бағытқа үлес қосуды көздейміз. Осыған орай Astana Hub пен Mangystau Hub акселерациясынан өттік. Идеямыз Президент Жол­дауын­да айтылған стратегиялық ба­ғыттармен толық үндеседі: жа­сан­ды интеллект, білімдегі теңдік, адами капитал, дарындарды ерте анықтау. Сондықтан бұл жоба – ұлттық интеллектуалдық брендтің не­гізі деп айтуға да толық негіз бар, – деді Б. Жайлауов.

Ұлттық IQ стандарты нағыз ноу-хау. Жоба авторының ай­туынша, бастаманың маңызды мақ­саттарының бірі – Mensa ха­лық­аралық қауымдастығымен се­ріктестік орнатып, олардың лицен­зиясын алу. Бұл қадам қазақстандық өнімді жаһандық зияткерлік кеңіс­тікке шығарып, халықаралық ин­тег­рация аясында бірлескен жұ­мыс­тарды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Mensa тестін қазақтың ұлттық танымына бейім­деу де жобаның негізгі бағыт­тары­ның бірі саналады. Қазір Mensa тестін тапсыру құны 60-100 мың теңге аралығында. Ал серіктестік жүзеге асқан жағдайда, бұл қыз­метті отандық пайдаланушыларға үш есе төмен бағамен ұсыну жос­пар­ланып отыр. Сонымен қатар жобаның авторлық тестін тап­сырып, ақыл-ой деңгейін ұлттық форматта бағалауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, тест IQ-мен қатар EQ, креативті ойлау, кәсіби бейімділік, когнитивтік рефлексия, тұлғалық қасиеттерді қамтиды, яғни толық 360° диагностика жасайды. Бұл EdTech пен HR салалары үшін таптырмас құрал. Бұл – еліміздегі алғашқы интеллектуалдық эко­жүйе, өйткені бұған дейін Қазақ­станда тіліміз бен дүние­таным­ы­мызды ескеретін жүйе бұрын бол­­­маған. 

– Білім саласында жұмыс істей­тін адам ретінде шетелдік тесттерге тым тәуелді екенімізді байқадым. «Неге Қазақстанда әлі күнге дейін өз IQ-орталығы жоқ?» деген сауалға жауап бергім келді. Біздің мәде­ниетімізге бейімделмеген, тілді, мен­талитетті білмейтін тесттік құ­ры­лымдар ғана бар. Сөйтіп, ин­теллектуалдық тәуелсіздікке жасал­ған алғашқы қадамға кірістік. Жобамызды Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігіне таныстырдық. Вице-министр Дмитрий Мун сайт пен мобильді қосымшаға жауапты серіктесімді жеке қабылдап, суперкомпьютерлер мен жоғары технологиялар тұрғы­сынан қолдау көрсететінін айтты. «IQ Test Center – қазақша ойлай­тындар үшін!» деген ұранымыз жобаның ғана емес, жаңа дәуірдегі ұлттық дамудың да кредосы бол­мақ, – деді ол.

Заманауи білім мен технологияның синтезі

Қазіргі таңда IQ Test Center-дің жасалуы білім беру және цифрлық технологиялар саласындағы маңыз­ды серпіліс ретінде баға­ла­нып отыр. Сарапшылардың пі­кірінше, жоба тиісті деңгейде жүзеге асса, ол инновацияға ашық, білімге бағытталған және болашақ­тың сын-қатерлеріне дайын жаңа буынды даярлау жүйесінің құрамдас бөлігіне айналады. IT маманы, аналитик Тимур Бектұр қазақ тіліне бейімделген интел­лектуалдық тест жүйесінің инно­вациялық мазмұнының, нарықтағы бәсекелік артықшылығы және әлеуметтік маңызының ерекше екенін айтты. Айтуынша, Қазақ­станда әлі күнге дейін ресми IT орталықтар жоқ, сондықтан бұл бастама жаңа нарықтың есігін ашатын тың жоба саналады. Жоба офлайн және онлайн форматтағы тестілеуді біріктіре отырып, заманауи цифрлық платформалар негізінде жұмыс істеуді көздейді. Бұл тәсіл EdTech саласында айтар­лықтай серпіліс жасауға мүмкіндік береді.

«Жыл сайын мыңдаған түлек пен студент кәсіби бағдар мен интеллектуалдық бағалауға мұқтаж. Мұндай құралдың қажеттілігі жоғары. Сол сияқты компаниялар үшін де бұл қызметтің практикалық құндылығы зор. Біз, IT саласында 15 жылдық тәжірибесі бар ана­литик, ағартушы маман ретінде, «IQ тест орталығы» (IQ Test Center) жобасы­мен танысып, оны Қазақ­стандағы білім беру, психология және EdTech салаларын тоғыс­тыратын заманауи әрі өзекті бас­тама деп бағалаймыз», – дейді Т.Бек­тұр.

IQ Test Center бастамасы Пре­зидент Жолдауында көрсетілген бірнеше негізгі міндетке тікелей жауап береді. Мәселен: «мектеп оқушыларына жасанды интеллект негіздерін оқыту». Интеллек­туалдық жүйе жасанды интеллектті тәжірибелік тұрғыда қолдануға мүмкіндік береді; «Кадрларды бағалау және іріктеу жүйесін толық цифрландыру». Жоба осы бағыт­тағы нақты қадам болмақ; «Адами капитал – басты құндылығымыз» деген талапқа сәйкес, бастама ұлттың интеллектуалдық әлеуетін көтеруге бағытталған. Жоба авто­рының айтуынша, бастаманың ең маңызды қыры – оның зият­кер­лік меншік ретінде заңдық тұрғыда қорғалуы. IQ Test Center идеясының жалғыз авторы әрі толық құқық иесі – Бақтыбай Жайлауов. Жобаға қатысты барлық материал, концеп­ция, әдістемелік құрылым, тест сұрақтары, сертификат үлгілері, логотип пен бренд элементтері уақытында тіркеліп, сақталған. Инновациялық жоба Astana Hub-қа ресми стартап ретінде ұсынылып, Qazpatent арқылы авторлық куәлік алынған. Б.Жайлауовтың ай­туынша, бұл шаралар жобаны кө­ші­руден, заң­сыз пайдаланудан және авторлық құқықбұзу­шылық­тан қорғайды. Кез келген серіктес­тік, мемлекеттік немесе жекемен­шік ұйыммен жұмыс істегенде, авторлық үлес келісімшарт арқылы бекітіледі. Айта кету керек, жоба ғылыми-әлеуметтік мәнге ғана ие емес, экономикалық тұрғыдан да тұрақты жүйе. Әрбір тест өткізілген сайын, сертификат берілген сайын немесе онлайн қызмет көрсетілген сайын, авторлық үлесіміз (роялти) есеп­теліп отырады. Лицензиялау, фран­шиза және консалтинг қызмет­терінен де пайыздық үлес қарас­­тырылған. Бұл модель жобаға өміршеңдік беріп қана қоймай, зияткерлік еңбектің құнын арт­тыруға үлес қосады.

Yessenov University магистранты Асан Шақабаев –  IQ тестті қазақ тілінде алғаш тапсырғандардың бірі. Ол тест тапсырмаларында қазақы дүниетаным элементтері бар екенін, тест тапсыру процесі жеңіл, түсінікті әрі заманауи форматта жасалғанын айтып берді.

– Халықаралық тесттер қазақы танымның ерекшелігін қамти бермейді. Сондықтан IQ Test Center-ге барып, ұлттық контекске бейімделген жүйеде тест тапсыру – өзім үшін де, ғылыми ізденісім үшін де пайдалы болды. Ең бірінші, бұл тесттің қазақ тіліне, қазақы ойлау логикасына бейімделгеніне қуандым. Қазақтың мақал-мәтел­дері, логикалық жүйесі, ұғымдық құрылымы өзгеше ғой. Батыстық тесттер бұл ерекшеліктерді ескер­мейді. Ал жаңа IQ Test Center жобасы бұл олқылықтың орнын толтырады. Қазақ қоғамы әлі күнге дейін талант пен еңбекті толық бағалай алмай отыр. Біреу ақылды ма, жоқ па – оны сезіммен емес, нақты өлшеммен анықтау керек. Батыстың тесттерін көшіре салу дұрыс емес, өйткені бізде ойлау құрылымы, тілдің әсері, мәдени код мүлде бөлек. Егер біз адамның ақыл-ойын өз болмысымызға сай өлшей алсақ, қабілетті жастарды ерте анықтап, оларға жол ашамыз, – деді магистрант Асан Шақабаев.

Президент «Ғылым мен білім – әлемді өзгерте алатын басты күш. Ғылым өмірге нақты әсер етуі керек», деді. IQ Test Center – білім мен ғылымды қоғаммен цифрлық трансформация арқылы байланыс­тыратын нақты құрал. Сондықтан жоба авторы: «Президенттің сөзі – біздің жұмысымызға берілген идеологиялық қолдау» деген қағи­даны ұстанады. 

Ойлау мәдениетін қалыптас­тыруды мақсат еткен жоба авторы жаттап өсуге бейім ұрпақты ойлай­тын, жасайтын, ойлап табатын адамдардың қатарына қосқысы келеді. Ол үшін Big Data мен жасанды интеллект көмегімен әр адамның интеллектуалдық даму траекториясын құруға болады. Өнертапқыш үшін бұл кезектегі стартап емес, миссия саналады.  Экономиканы сандармен, ғылым­ды формуламен, демографияны статистикамен өлшейміз. Енді ұлттық интеллектті де дәл өлшейтін уақыт келген сыңайлы.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары