Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

7 жанартауды бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист: өміріңді таразы басына саласың

7 жанартауды бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист: өміріңді таразы басына саласың

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АЛМАТЫ, 22 қараша - Sputnik. Ғалымжан Құспанов - әлемдегі ең биік жеті жанартауды бағындырған алғашқы қазақ. Ол халықаралық "7 жанартау" бағдарламасын орындаған 67-ші адам болып, әлемдік альпинизм тарихына еніп отыр. Талай биікті бағындырған альпинистің ендігі арманы қандай? Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Құспановтың соңғы шыңы Мексикадағы Орисаба (5636 м) болды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ол шыңға Қазақстанның мемлекеттік туын тігіп, бағдарламасын ресми түрде аяқтады.

Осылайша қазақстандық альпинист барлық континенттегі ең биік жанартауларды бағындырды:
— Сидли (4285 м, Антарктида),
— Охос-дель-Саладо (6893 м, Оңтүстік Америка),
— Гилуве (4 368 м, Австралия),
— Килиманджаро (5895 м, Африка),
— Эльбрус (5642 м, Еуропа),
— Демавенд (5609 м, Азия),
— Орисаба (5636 м, Солтүстік Америка).

© Photo : Ғалымжан Құспановтың жеке архивіненҒалымжан Құспанов - әлемдегі ең биік жеті жанартауды бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист

Ғалымжан Құспанов - әлемдегі ең биік жеті жанартауды бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист

© Photo : Ғалымжан Құспановтың жеке архивінен

Ғалымжан Құспанов Алматы облысы Талғарда дүниеге келген. Екі баланың әкесі. Тауға шығумен бұрыннан машықтанады, бірақ 5 мың метрден астам шыңдарды бағындырғанына екі жыл болыпты.

"Биіктікке шығып өзімді байқап көрейін дедім. Биіктіктегі альпинизм дегеніміз барлық керекті құрал-жабдықпен жабдықталып, арнайы шығатын альпинизм, ең алғашқы бағындырған биіктігім 2023 жылы 15 қыркүйекте Еуропаның 5642 метрлік Эльбрус биіктігі болды", - дейді Ғалымжан Құспанов.

Альпинистің айтуынша, биікке шығу бұл – спорт. Қара күш, табанды еңбек, төзім мен сабырлықты талап етеді.

"Биікке шыққанда ауа жетпейді, әлсіреп кетесің. Тау бойыңдағы күшіңді тартып алады. Алғаш рет биіктікке бір күнде шығып түстік. Негізі альпинистер тауға шығу үшін арнайы дайындалады. Бес мың метрге шығарда бір апта, ал сегіз мың метрге шығарда бір ай немесе бір жарым айдай дайындаламыз", - дейді Ғалымжан Құспанов.

© Photo : Ғалымжан Құспановтың жеке архивіненҒалымжан Құспанов - әлемдегі ең биік жеті жанартауды бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист

Ғалымжан Құспанов - әлемдегі ең биік жеті жанартауды бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист

© Photo : Ғалымжан Құспановтың жеке архивінен

Екі жыл ең биік тауларды бағындырып жүрген альпинисті соңғы шың үрейге бөлепті.

"Соңғы Орисаба шыңына шыққанымда ауа райы өте қиын болды. Оның алдында Манаслу шыңы қиын болды. Бұл шыңға алғаш рет көтеріле алмай, келесі 2025 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицері подполковник Аманжол Рахметов екеуіміз шықтық", - дейді альпинист.

Биіктерді бағындырып жүріп, өмірмен қоштасқан сәтіңіз болды ма деген сұрақ қойдық. Езу тартып күлген альпинист мұндай ой сәт сайын болады дейді.

"Ондай ой жиі келеді.Ондай ойдың болғаны да жақсы, өйткені мына өміріңді, ақылмен ойланып, өмірдегі басыңнан өткен сәттерді таразы басына саласың", - дейді ол.

Биікке шыққан кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес деген Ғалымжан Құспановта альпинистікке қатысты ешқашан әттеген-ай деген өкініш болмағанын айтты.

"Әлемнің 7 шыңы" деген жоба бар, соны жүзеге асырсам деймін. Оның 6 шыңына шыққанмын, жетіншісі қалды. Аляскадағы Денали (Мак-Кинли) шыңына барсам деймін, өте суық жер. Биыл барғанымда қар көшіп кету қаупі жоғары деп қайтарып жіберді. Енді келесі жылы барамын", - дейді Ғалымжан Құспанов.

© Photo : Ғалымжан Құспановтың жеке архивіненҒалымжан Құспанов - әлемдегі ең биік жеті жанартауды бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист

Ғалымжан Құспанов - әлемдегі ең биік жеті жанартауды бағындырған алғашқы қазақстандық альпинист

© Photo : Ғалымжан Құспановтың жеке архивінен

Жеті ең биік жанартауды бағындырып, енді биік жеті шыңның бәріне шықсам деген альпинистің арманы бір бұл емес. Әлемдегі 8 мың метрден көп ең биік 14 таудың 12-сіне шықсам дейді. Екеуін еңсеріп қойған.

"Тауға шыққанда Алланы көп еске аласың. Биікке шыққанда Аллаға бір табан болсын жақын тұрмын деген бір керемет сезім болады", - дейді ол.

Ғалымжан Құспанов тауға сапары кезінде марқұм болған альпинистерді көргенін айтады.

"Шыңға шыққанда өкінішке орай биікті бағындырамын деп мерт болған марқұмдарды көрдім. Тағдыр ғой. Бірақ биікке шығып, арманым жоқ деп жан тәсілім етуге болмайды, менің ойымша альпинистер олай істемейді. Бірақ жазым солай болған шығар. Менің мақсатым – биікке шығып, аман-есен елге оралып, бала-шағаммен аман-есен қауышу", - дейді ол.

Жеті жанартаудың соңғысына шыққан альпинистік сапарында Ғалымжан Құспанов шамамен 2,5 млн теңге жұмсаған. Бірақ әр тауға әртүрлі қаражат кетеді дейді ол.

"Альпинистерде негізі демеушілер болады, бірақ менде жоқ. Өз қаражатымды жұмсаймын. Альпинист болғысы келетін жандарға ешбір ақыл-кеңес айта алмаймын. Бол да демеймін, болма да демеймін. Болған жағдайда ешнәрседен қорықпау керек, мықты болу керек дер едім", - дейді жеті жанартауды бағындырған тұңғыш қазақстандық альпинист Ғалымжан Құспанов.

"Елге амандық пен татулық қана тілеймін, бар биіктікке шыққанда да тілеуім сол болды" деді альпинист.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 13:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары