Ұлттық парктер мен қорықтар аумағынан бизнес ашуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленеді
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
- Отандық кәсіпкерлердің ұлттық парктер аумағына, осыған ұқсас басқа да локацияларға кіруі қиын. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін кәсіпкерлердің ұлттық парктер мен қорықтарға, резерваттар аумағына реттеу арқылы кіру тетіктері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеп, ұсыныстар енгізу қажет. Экология министрлігі кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеуге тиіс, - деді ол.
Үкімет басшысы бизнес өкілдері инвестициялық жобалардың кейбірі іске асыру кезінде су айдындарын қорғау талаптарының кесірінен кедергіге тап болып жатқанын атап өтті.
- Мысалы, аквапарк құрылысына қажетті инфрақұрылым жүргізу мүмкін емес. Бұл мәселеде барлық тарапқа қолайлы болатын шешім іздеген жөн. Су ресурстары министрлігі озық халықаралық тәжірибені зерттеп, тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеуі қажет, - деді Премьер-министр.
Сондай-ақ ол «Kazakh Tourism» басшысы Талғат Ғазизовке лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керектігін ескертті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 12:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















