Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

Теміржолда төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін күдіктілер ұсталды

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы балалар үйіне жіберілді

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

Инфляция 2026: бір айда азық түлік, техника және қызмет бағасы қалай өзгерді

Қытайдың Xiaopeng Motors компаниясы жаңа буындағы IRON роботын таныстырды

Парламент реформасы мен бизнес құқықтарын қорғау Конституцияда бекітіледі Азат Перуашев

Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты үш негізгі ереже көзделген Үнзила Шапақ

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Жетісу облысында зорлық белгілері бар үш жасар бала ауруханаға жатқызылды

JOLTAP жобасы: Көпбалалы ана Kaspi дүкен арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

Ұлттық қолөнермен ұпайымыз түгенделеді

Ұлттық қолөнермен ұпайымыз түгенделеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жуырда Шымкентте «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының ұйымдастыруымен «Ер-тұрманым күмістен» атты республикалық шеберлік сағаты өтті. Онда еліміздің әр өңірінен жиналған қолөнер шеберлері ер шабу, былғарымен қаптау, күміспен өрнектеу, қамшы өру секілді ұлттық қолөнердің сан түрін көрсетті. Ер-тұрманның жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Қолөнершілер осы бұйымдарды көпшіліктің алдында жасап, шеберліктерін паш етті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ер-тұрман жасау өнерін насихаттап, жаңғырту. Ең бастысы, келген қонақтар шеберлік сағатынан өздеріне пайдалы көп мағлұмат алды. Ұлттық қолөнер бұйымдарымен жақынырақ танысып, шеберлермен бетпе-бет тілдесті. Әсіресе жастардың қызығушылығы зор. Әрбір затты қолдарымен ұстап көріп, таңдана қарасты. Қолөнершілер ұсталық өнер жайында ой өрбітіп, қызықты әңгімелерін де айтты. Шеберлердің қолынан шыққан ең таңдаулы туындылардан арнайы көрме ұйымдастырылды.

Ер шабудың шебері

Түркістан облысы Төлеби ауданынан келген қолөнерші Құрбанәлі Ағаділов қазақы ердің отызға жуық түрін таныстырды. Соның ішінде найман ер, қыпшақ ер, үйсін ер секілді түрлері бар. Үйсін ерінің өзі үш түрге бөлінеді екен. Шошақбас ердің мүсіні ерекше болып келеді. Әйелдерге арналған ер де басқаша шабылады. Оның арасында ашамайды да атап өткен жөн. Сол отыз түрдің бәрі жалпы алғанда қазақы ер деп аталады. Қолөнерші осы күнге дейін үш мыңнан астам ер шапқан. 23 түрін жасаған. Осы кәсіппен айналысып келе жатқанына отыз бес жылға жуықтады. Ер шабумен бірге қамшы өріп, белдік, зергерлік бұйымдар жасаумен де әуестенеді. Жас кезінде бір айда жиырма ер шауып отбасын асырапты. Базарға апарып сатып пұл қылған. Ал бүгінде шебердің таны­малдығы өңірден асып республикаға жеткен. Оның қолынан шыққан дүниелер кәдесый ретінде ең көрнекті орындарда сақталып тұр. Мәселен Астанадағы Бәйтерек кешенінде тұрған күмістен соғылған ер осы кісінікі.

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров музейіндегі ер де осы кісінің қолынан шыққан. 2004 жылы Саят Жансүгіровке арнайы сыйға тартыпты. Қазақстанда ешкім қолға алмаған түйенің ерін де жасаған. Екі түйеге арналға ер кезінде өркешті жануарға пайдаланылған. Қазір жәдігер есебінде сақтаулы. Қолөнершінің айтуынша, ер шабуда ешқандай өзгеріс жоқ. Бәрі сол бұрынғы қалпында. Орта ғасырда ата-бабаларымыз қалай шапса, дәл бүгін сол тәсіл қолданылады. Оған керегі шот, қашау мен ара. Міне осы үш құралдың көмегімен кепкен ағаш ойылып қазақы ерге айналады. Қ.Ағаділовтің айтуынша, ердің мықтылығы ағашына байланысты. Негізінен қаратал мен терек жарайды. Бірақ олар күнге кеппеу керек. Күннің астында жатқан терек борпылдақ келе­ді. Ол тіпті отындыққа да жарамайды. Қараңғыда салқын жерде сақталған ағаш 2–3 жылда тастай болады. Ердің беріктігін шегемен тері қаққанда біледі. Бір кірген шеге сол бойы қатып қалу керек. Шебер мәлімдегендей, ер-тоқым халқымыздың тәуелсіздігіне үлкен үлес қосқан. Батыр бабаларымыз аттан түспей бес қаруын ерге байлап жүрген. Демалса жастық ретінде пайдаланған. Мал бақса да, егін салса да атқа жайдақ мінбеген. Қай істе де бабаларымыз аттан, ерден түспеген. Сосын қазақтың ұлттық спортының көпшілігі ат үстінде өтеді. Аударыспақ, жамбы ату, қыз қуу, теңге ілу, көкпар – осының бәрі де атпен байланысты спорттар. Ат спортын ер-тұрмансыз елестету мүмкін емес. Ағамыздың айтуынша, ер шабатын азаматтар азайып барады. Кезінде осы өнерді қолға алғандар қазір қартайып қалды. Енді олардың орнын басатын жастар керек. Сол үшін осы іс-шараның аясын кеңейту қажет, әр өңірде қолға алынғаны жөн деген пайымын жеткізді. Қазақтың мәдени мұрасы киіз үй болса, ер-тұрман да одан қалыс емес. Тіпті қатар тұр деуге болады. Қазақтың еріне халықтың құрметі ерекше болуға тиіс. Төлеби ауданында ер-тұрманға арналған ескерткіш бар. Осындай мүсіндер әр өңірде тұрғызылса артық емес. Жоғарыда айтқанымыздай, Қ.Ағаділов бұл өнерді күнкөріс үшін бастаған. Кезінде зауытта еңбек етіп жүрген тұста кәсіпорын жабылып жұмыссыз қалады. Енді қандай іс қылсам екен деп жүргенде теледидардан бесік жасап жатқан сюжетті көреді. Бір сәт ойға беріліп, мен де осылай жасап көрейін деп ұйғарады. Содан алғашында білетіндерден біраз нәрсе үйреніп, қолөнершілік кәсіпке біржолата ден қояды. Ұсталық өнердің арқасында жаман болған жоқ. Табысқа кенеліп жақсы өмірге қол жеткізді. Негізі өзі мектепте, техникумда оқыған кездері еңбек сабағын мүлдем ұнатпаған. Қолдарына құралдарын ұстап шұқыланған балаларды көрсе, неменеге уақыттарын текке өткізеді деп жаны ашитын. «Адам тағдырдан қашып құтыла алмайды екен, ақырында ғұмырымның соңына дейін шұқыланып келемін» деп күледі қолөнерші. Оның пікірінше, ұлттық қолөнерді насихаттау шебердің мойнындағы бір парыз. Халық өз тамырынан ажырамау керек. Қолөнерді ұмыт қалдыру – тамырдың үзілгенімен бірдей. Әлемнің дамыған елдері өз мәдениетін ұмытқан жоқ. Қайта тірілтіп, жандандырып жатыр. Бүгінгі заман технологиясы оған ешқандай да кедергі емес. Жапония секілді технология мен дәстүрді қатар алып жүруге болады. Қазақ – өнерге бай халық. Соның ішінде қолөнердің орны әрқашан бөлек. Ат әбзелдері қолөнер туындыларының ең көнесі әрі осы күнге дейін сұраныстан түскен жоқ. Бұл өнерді атадан балаға мұраға қалдыру бүгінгі ұрпаққа аманат деген ой айтты ағамыз. Интернет дамыған заман шеберлерге де ыңғайлы жағдай туғызды. «Осы күні бұйымдарды базарға апарып сатуға әуреленудің қажеті жоқ. Әлеуметтік желі арқылы саудасын қыздыруға болады. Сондай-ақ тиісті жерге тапсырыс берсе ұсталарға ағашты кептіріп жеткізіп беретін қызмет те бар» дейді Қ.Ағаділов.

Қазақтың құрышы Дамаскіден кем емес

Іс-шарада бұйымдарын жалпақ жұртқа таныстырғандардың бірі Абдул­ла Наурызбаев. Темір ұстасы. Негізгі мамандығы суретші. Шымкенттегі Ә.Қас­­теев атындағы көркемсурет училищесін бітірген. Бүгінде жасы жет­пісті алқымдаған қария. Соған қарамас­тан өзі қызыққан өнерді өміріне серік етіп жүр. Жақында Алтайға барып кен балқытып, темірден қылыш жасап қайтыпты. Өзінің айтуынша, кезінде атасы ұста болған екен. Сол өнер кейін немересіне, яғни Абдулла ағаға дарыған болып тұр. Өзі суретші болғанымен, темір ұсталығына қатты қызығыпты. Әсіресе кенді балқытып, одан темір алып, түрлі бұйымдар жасағанды жақсы көреді. Осы күнде адамға қажетті дүние дайын күйінде алдына жеткізіледі. Кәсіпорын, зауыттар жаңа технологиямен бүкіл керек-жарақты шығарып отыр. Ал ерте заманда соның бәрі темір ұсталарының мойнында болған. Шеберлер әскермен бірге майдан даласында көшіп жүрген. Садақтан ұшқан жебе қайтып орнына келмейді, қылыш сынуы мүмкін. Осының бәрін темір ұсталары қайта жасап отырған. Ағамыздың айтуынша, қазақ халқы ежелден темір балқытуды, одан әртүрлі құрал-сайман жасауды меңгерген. Тіпті металл кендерінің қайда бар екенін де білген. «Мәселен, Түркістандағы Тайқазанды құюдың өзіндік құпиясы бар. Оның бүгінгі заманға дейін сырының кетпеуі құрамындағы металына байланысты. Көп жағдайда үлкен, бағалы дүниелер қоладан құйылған. Жалпы, табиғатта қола металл күйінде кездеспейді» дейді А.Наурызбаев. Мысқа қалайы, мырыш секілді металдар қосу арқылы қолдан жасайды. Қоланың бір ерекшелігі, жылдам құйылады әрі салмағы жеңілдеу шығады.

Бұл күнде ресейлік режиссер С.Двор­цевой Тайқазан туралы көркем фильм түсіргелі жүр. Түсірілім жұмыстарын бастамас бұрын режиссер Тайқазанның тарихы мен оны құюдың технологиясына зерттеу жүргізді. Өзіне темір ұсталығы жайында құпия-сырмен бөлісетін мамандарды кеңесшілікке тартқан. Солардың ішінде Абдулла аға да бар.

Шебер өзінің ұстаханасында төс, көрік, атауыз бен балға соғарды пайдаланады. Осы құралдармен ұста темір­ден түйін түйеді. Қолөнерші жаса­ған бұйымдар арасынан ел соғыс құрал­дарынан бөлек көркем дүниелерді ұнатады екен. Оның біраз экспозициясы осы күнде Қазақстанның музейлеріне қойылған. Қалталы азаматтар да қолөнер­ші қолынан шыққан көркем туындыларды сатып алуға әуес. Оны мәдени тілде композияция мен инстоляция деп атайды. Айтуынша кез келген дүниені отыра салып жасап тастауға болмайды. Ол үшін өнер адамына бірінші шабыт керек. Сосын қиялы яки фантазиясы бай болу қажет. Әрбір затты жасауға күрделілігіне қарай уақыт жұмсалады. Кей дүние басы құралмай айлап жатады. Ал кейбірін құрауға аз уақыттың өзі жетеді. Бұл жерде жоғарыда айтып өткеніміздей, шебердің көңіл күйі мен шабыты үлкен рөл ойнайды. Ұстаның мәлімдеуінше, темір қызғанда ермексаз секілді жұмсақ болады. Кейін оны әртүрлі затқа икемдеп, иіп әкеп жасай береді. Ағамыз сонымен бірге темір кенін алу, оны балқыту технология­сын да жақсы біледі. «Өкінішке қарай, бойындағы бар таланты мен тәжірибесін қалдырып кететін шәкірттерім жоқ» дейді. Жастар да осы күні ұсталыққа аса қызыға қоймайтын секілді. Темір 1 500 градуста балқиды. Оны балқыту үшін ұста қолдан дайындаған ағаш көмірді пайдаланады. Дүкенде сатылатын тас көмір оған жарамайды. Темірдің сапасын төмендетеді. Ал ағаш көмірге балқыған металл өте берік келеді. «Әлемде Дамаск құрышының атағы кең тараған. Біздің бабаларымыз да металл балқытуда Дамаск құрышынан кем болат алмаған. Мәселен, кенді балқытса одан таба нанға ұқсаған темір шығады. Сол темірдің ортасындағы өзегінен жасалған кез келген металл бұйым Дамаск құрышынан асып түспесе кем соқпайды. Ата-бабаларымыз сол әдісті ерте кезден білген және соны темір ұсталығында кеңінен пайдаланған» дейді қолөнерші ағамыз.

Өнер бірегейлікті қажет етеді

Шеберлік сағатында бұйымдары дүйім жұрттың қызығушылығын тудыр­ған қолөнерші Әшірбек Желдібаев ағамыз­ды ерекше атауға болады. Шым­кент қаласының тұрғыны. Қазақстан суретшілер мен қолөнершілер одағының мүшесі. Сүйек, тас, металл, ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Елу жылдан бері осы өнермен айналысып келеді. Негізінен туындылары жеке тапсырыспен орындалады. Арнайы дүкендерде көп сатыла бермейді. Көбінесе республикалық, халықаралық көрмелерге қойылады. Бірегей жұмыс болған соң адамдар қолөнершіге жеке тапсырыс береді. Көпшілікке ұсынылған бұйымдардың ішінде қазақтың бесігі көзге оттай басылды. Ою-өрнегі мен әшекей тастарына қарап кәсіби шебердің қолынан шыққаны бірден байқалады. Қолөнершінің айтуынша бесік қазақ мәдениетінің төлқұжаты іспетті. Сан ғасыр бойы қолданылып келе жатқан ең көне бұйым. Бесік тербетпеген қазақтың шаңырағы жоқ. Ұлт­тық салт-дәстүрде орны бөлек бесіктің киесі бар. Ел тарихында өткен небір алыптар осы бесікте тербеліп өсті. Қазақ­тың әйелі десе бесік тербетіп отыр­ған ана бейнесі көз алдымызға келері хақ. Бесік пен шаңырақтың берекесін қылдай нәзік байланыс жалғап жатыр. Осындай ұғымдар қазаққа жақын болғандықтан, қолөнерші бесік жасау­ды көп өнерден биік қойыпты. Оның айтуынша, бесікті тәтті ағаштан жасаған жөн екен. Оған шие, алма, аққайың секілді жеміс ағаштары кіреді. Бір бесік бір отбасының бүкіл ұрпағына жетеді. Атадан балаға мирас ретінде келе жатқан бұл құндылықты сақтап қалу міндет деп санайды қолөнерші. Кезінде Ә.Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде мұғалім болған Ә.Желдібаев бүгінде зейнет демалысында. Бірақ сүйікті ісінен қол үзбей, ұсталық өнерін жалғастырып келеді. Шебердің ең жақын шәкірттері – ұлы мен қызы. Екеуі де қолөнершінің қолғанаттары. Дүкенде сатылатын бесік пен ұста жасаған бұйымның арасы жер мен көктей. Қара базарда саудаланатын тауар жаппай көпшілікке арналады. Ол жерде қолөнершілік талаптар сақтала бермейді. Ал даналап жасалатын дүниеге ұста бар қиялы мен жанын салады. Қолөнершінің пікірінше, кез келген жәдігерге ою-өрнек қолдану, әшекей тастармен көмкеру, зергерлік бұйымдармен әдемілеу маңызды. Оларды да заттың түр-сипатына қарай дұрыс таңдай білу қажет. Сан ғасырдан бері келе жатқан бесік жасаудың дәстүрі бар. Бүгінгі заман үрдістеріне еліктеп, дәстүрлі жолдан тайып кетуге болмайды. Осы орайда қолөнерші өздігінен тербетілетін электронды нұсқасына қарағанда, ағаштан жасалған кәдімгі бесікке ештеңе жетпейтінін айтады. Электронды бесіктің балаға кері әсері болуы мүмкін. Ал ағаш бесік тек табиғи заттардан жасалады. Тіпті шүмегінің өзі сүйектен ойылады. Мұндай бесік ешқашан тозбайды, егер дұрыс күтіп ұстаса атадан балаға жетіп, әулеттің жәдігері мен бабалар көзіне айналмақ.

Қолөнершінің тағы бір құнды дүниесі – асатаяғы. Мұны істеуге бір жарым жыл уақытын сарп етіпті. Оның алдында бір жылын ер-тұрманға арнаған. Асатаяқтың бір ерекшелігі, қанжар да, найза да, тәспі де бола береді. Былайша айтқанда, әмбебап асатаяқ. Осы бағалы заты халықаралық көрмелерде көзге түсіп, Түркия мен Мажарстан президенттері арнайы тапсырыс беріпті. Ұстаның айтуынша, бүгінде халықтың өнерге деген көзқарасы өзгеріп келеді. Адамдардың көпшілігі қолөнерді бағалай бастады. Соған қарай жеке тапсырыстар да көбейген. Қолөнершілік бірегей жұмыс. Ол сонысымен ерекше. Шебердің қолынан туған дүние еш жерде қайталанбауға тиіс. Шетелдіктер осы құндылыққа бола көне жәдігерлерді жақсы көреді. Ағамыз соңғы рет Түркістанда өткен халықаралық көрмеге қатысыпты. Сонда елімізге арнайы іссапармен келген Түрікменстанның бұрынғы президенті Г.Бердімұхамедов бұйымдарына ерекше қызығушылық танытыпты. Қолөнершінің пікірінше, өнер туындылары әрдайым бірегей болып қалу керек. Пайда табу мақсатында зауыттан шыққандай жаппай өндіріске көшсе, қасиетін жоғалтады.

Орталық жеткен жетістік

«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орта­лығының басшысы Жұмабай Әбдиевтің айтуынша, қазіргі жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғырту басты міндеттердің бірі. Сол себепті салт-сананы насихаттау, дәстүрді дәріптеу өте қажет. Оның бірден-бір жолы – танымдық жобалар мен жиындар ұйымдастыру. «Ер-тұрманым күмістен» – осы мақсат аясында қолға алынған іс-шараның бірі. Ж.Әбдиевтің мәлімдеуінше қазақ халқының ер-тұрманы тек көлік құралына қажетті бұйым ғана емес, тұтастай бір дәуірдің мәдени коды, батырлық, ерлік, сұлулықтың белгісі. «Шеберлік сағатын осынау өнерді жас­тар санасына сіңіріп, ұлттық мұраны жаңғырту жолындағы маңыз­ды қадам деп түсінген жөн» деді маман.

Іс-шара барысында сахналық қойы­лым арқылы халқымыздың ұмыт бола бастаған көне дәстүрлері ат ерттеу, үзеңгінің астынан өткізу, тоқымқағар секілді рәсімдер орындалып, көпшілік алдында қайта жаңғырды. Сондай-ақ ер жігіттер көкпардағы ептіліктерін көрерменге паш етті. Ұлттық спорттан аударыспақ, асық ату, арқан тарту ойындары ұйымдастырылды. Қорыта айтқанда, бұл игі шара — ата-баба мұрасын ұлықтап, ұлттық өнердің қадір-қасиетін жас ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісі.

Жалпы, «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы мәдениетімізге байланысты көптеген игі бастамаларды қолға алып келеді. Әртүрлі мереке мен тақырыпқа орай жыл басынан бері көптеген іс-шараның өтуіне мұрындық болды. Осы мекеменің арқасында қала тұрғындары мен қонақтары қазақ­тың көне дәстүрлері мен ұмытыла баста­ған әдет-ғұрыптарымен қайта қауы­шып жатыр. Орталық ұжымы тек ұйым­дастырушылық жұмыстармен шектелмей, ежелгі салт-дәстүрлерді зерттеумен, сараптаумен де айналысады. Бүгінге дейін тек республика шеңберінде емес, халықаралық деңгейде де түрлі іс-шаралардың ұйытқысына айналды.  Мәселен, өткен айда ұйым­дас­тырыл­ған «Дән мен дәм Fest» фести­валін­де шымкенттіктер ұлттық асхана­ның бай мұрасы бар екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Сол іс-шарада күбі пісу, май шайқау, келі түю, жүгері мен би­дай қуыру, талқан жасау сынды көне ас әзірлеу әдістері көрсетіліп, шебер­лік сағаттары өтті. Ұлттық тағамдар жәр­мең­кесі ұйымдастырылып, келген қонақтар қазақтың дархан дастарқанынан дәм татты. Сол секілді «Халқымыздың мәдени мұрасы – тоқыма өнері» шебер­лік сағатын атап өтуге жарайды. Жиынға қатысушылар тоқымашылық қолөнердің қыр-сырына әбден қанықты. Іс-шарада тоқыма өнерімен бірге оны қазіргі техно­логияға бейімдеп жаңғырту мәсе­лесі де көтерілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:55
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 09:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

03 Ақпан 2026 22:53see112

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

03 Ақпан 2026 17:28see112

Теміржолда төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін күдіктілер ұсталды

03 Ақпан 2026 13:40see111

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы балалар үйіне жіберілді

03 Ақпан 2026 16:35see111

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

04 Ақпан 2026 08:50see110

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

04 Ақпан 2026 08:23see110

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

03 Ақпан 2026 12:42see110

Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді

02 Ақпан 2026 17:23see109

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

04 Ақпан 2026 12:08see109

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

04 Ақпан 2026 00:06see109

Инфляция 2026: бір айда азық түлік, техника және қызмет бағасы қалай өзгерді

02 Ақпан 2026 17:53see109

Қытайдың Xiaopeng Motors компаниясы жаңа буындағы IRON роботын таныстырды

02 Ақпан 2026 21:46see108

Парламент реформасы мен бизнес құқықтарын қорғау Конституцияда бекітіледі Азат Перуашев

03 Ақпан 2026 13:43see108

Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

03 Ақпан 2026 00:31see108

Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты үш негізгі ереже көзделген Үнзила Шапақ

03 Ақпан 2026 17:19see107

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

03 Ақпан 2026 19:56see107

Жетісу облысында зорлық белгілері бар үш жасар бала ауруханаға жатқызылды

03 Ақпан 2026 01:20see107

JOLTAP жобасы: Көпбалалы ана Kaspi дүкен арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

03 Ақпан 2026 14:04see106

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

04 Ақпан 2026 14:32see105

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

04 Ақпан 2026 15:30see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары