Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Ұлттық рух шамшырағы

Ұлттық рух шамшырағы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Жас сахна» театры қойған спектакль одан кейін еліміздің 13 өңіріне гастрольдік сапармен барып, тұлғаның елге сіңірген еңбегі, ұлттық мәдениетті жаңғырту жолындағы қайраткерлігі сахна тілінде көрініс тапты. Тарих пен тағылымға толы көрініс астаналық көрерменнің де ыстық ықыласына бөленді.

Қойылым интерактиві – өнерде

Өзбекәлі Жәнібековтің қой баққан қыр балаларын сауат­тандырудағы жанкештілігі қойылым кіріспесіне негіз болды. Қолында билік болған тұста «Ата-бабаң қой баққан, сен де мал бақсаң озасың!» деген бір кездегі қазақтың санасына сіңген солшыл ұғымның жаңашыл­дыққа жат екенін түсіндіруге тырысады. «Қала – бұзылғандар мен өмірі өксігендер тұратын өлке. Қазақтың орны – мал жайлауы болған, бабадан қалған ен дала» сынды қызыл ұранның жалған екенін ұғындыру үшін мектеп бітіріп, асқақ арманға қол созады. «Қой соңында қарны тойып, құйрық жеуді» ғана білген елге дүниенің жаңалығын айтып, кеудесіне қоғамдағыны жеткізетін радионы үлестіргені – ел үшін қызметте ұсақ-ірі істің аражігі болмайтынының анық айғағы.

«Шетке кеткен Тайқазанды Отанына қайтарамын, «Бес Арыс», «Үш Бәйтерек» сияқты алаштың игі жақсыларының атына жұққан қара күйені тазартамын» деп жүріп, тың даласына айналған тасы да қастерлі Торғай өлкесіне жер аударылған сәті қойылымда көрініс тапты. Арқалықтағы бөтен тілді атауларды қазақыландырудан бастап, халықты қазақыландыруға дейінгі қылған ісі көрермен алдында сомдалды. Цензураның ортасында отырған тұста идеологияны тізгіндей жүріп, үш жыл ішінде Торғайды Республикадағы алдыңғы қатарлы өңірге айналдырды. Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов пен Халықтың аңыз ақыны Мұхтар Шахановқа «Арқалықтың ақ таңын» жырлатқан Өзбекәлі Жәнібековтің өнер мен өлеңге деген құрметіне көпшілік бағзыдан тәнті. Қойылым­дағы интерактив те осы жерде. Ха­лық Шәмшіні сомдаған актермен бірге Торғайдың таулары мен паң даласын «Арқалықтың ақ таңы» деп әнге қосты.

Бірнеше қалада гастрольде жүріп, саханалап жүрген шығармашылық құрамның өнеріне әр өңірдің ықыласы да түрліше болыпты. Мәселен, қойылымның премьерасы Алматы, Қызылжар қалаларында аншлагпен өтті. Қазақ жастарына үлкен үміт артып, «Олар қой бақпайды, әрқайсысы асқақ арманына қол жеткізіп, ұлтқа қызмет ететін тұлғаға айналады» деген өмірлік ұстанымына адал болған тұлғаның бейнесі сахнада жан-жақты ашылғандай. Спектакльде мұндай өмірде болған тұлға болмысын көрсету үшін актерлік шеберлік жеткіліксіз, кейіпкердің мінезін, рухын, тіпті болмыс-бітімін де дәл бере білу керек. Осы тұрғыдан алғанда Өзбекәлі бейнесін сомдаған актер Диас Жағыпаров көрерменге тек тарихи тұлғаны емес, тұтас дәуірдің рухын жеткізе алды дерсіз, себебі Өзбекәлі Жәнібековтің көзін көргендер дәл осындай пікірін айтып, актерге деген жылы лебізін толассыз білдіріп жатты. 

– Өзбекәлі атамыздың рөлін ойнасам да, болмысын толық аша алдым деп айта алмаймын. Өйткені әр қалаға барған сайын, әр адаммен жақын сөйлескен сайын атамыздың бізге беймәлім жаңа қырын біліп жатырмын. Қазір көбі Өзбекәлі атамызды мәдени майданға, өнерге ғана үлес қосқан тұлға деп таниды. Негізі олай емес екен. «Өзбекәліні» Семей қаласында қойғанымызда жасы сексенді алқымдаған бір ақсақал келіп: «Мен Өзбекәлі ағамен жолдас әрі сапарлас болдым. Абай облысында Үржар деген аудан бар. Сол ауданда үлкен емхана ашуға себепкер болды. Халықтың әл-ауқатына, көптеген жағдайы төмен отбасыға көмек беріп, үй де алып берген», – деген еді. Одан кейін арнайы Қонаев қаласында қойғанымызда Түркістан­нан Өзбекәлі атамыздың ет-жақын­дары келді. Жасы 90-дар шамасын­дағы ақжаулықты апа келіп: «Өзбек­әлі атамды тірідей көрдім, балам. Рең-басың мен мінезіңді қатты ұқсаттым» деп маңдайымнан сүйді. Осындай тұлғаның образын сахнаға алып шыққаныма, көрер­менге жеткізе алсам – маған сол қуа­ныш, – дейді актер Диас Жағы­паров. 

«Театр шығарманы тірілтеді»

Қойылымның сценарий авторы – белгілі кинорежиссер Жандос Құсайынов. «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Шабдалы», «Шатқал» фильмдерінің сценарийін жазған Жандос Құсайынов о баста Өзбекәлі Жәнібек туралы кино түсірмек болған. Алайда жоба кейін театр сахнасына лайық болып шықты. Сахна тілінде жазылған портреттік спектакль Өзбекәлінің қырын емес, оның кім екенін көрсетуді мақсат еткен. Қойылымның режиссері Берікқан Төкеновтің айтуынша, спектакль тарихи тұлғаға негізделсе де, көр­кемдік тұрғыда қосылған кейіпкерлер бар. 

– Қойылымда «Аты жоқ адам­ның» образы бар. Бұл – нағыз ойдан қосылған жиынтық кейіпкер. Қо­ғамды азғыратын да, жаман жолға түсіретін де, қысқасы сол кезде қандай тақырып өзекті болып тұрса, соның бәрін бір бойына жинап алған кейіпкердің образы. Осы арқылы Өзбекәлі атамыздың қиын­дықты қалай еңсергенін, ұрпаққа қалай із қалдырғанын жеткіздік. Басты кейіпкердің болмысын ашу үшін, жандандыру үшін осындай көркемдеуші образдар керек. Ал шынайы өмірде болған адамдар Өзбекәлінің өзі, жары Халихан, Сақан Құсайынов, Дінмұхамед Қонаев, Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шахановтың образдары бар, – деді режиссер.

Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен қызметіне арналған «Өзбекәлі. Мәдени майдан» атты кітаппен жақсы таныс көрермен қойылымды көрмес бұрын оны осы кітап негізінде сахналанды деп ой түйген еді. Алайда күткенінен артығын алған олар кейіпкермен бірге қуанып, кейіп­кермен бірге мұңайды, кей сахна­сында бірге ән шырқады. Тарихи, танымдық, портреттік сипаттағы спектакльді сахнаға шығару 6 айлық дайындықты қажет еткен. Режиссер осы уақытта бір тұлғаны толық ашуға болатын деректі тапқанын тілге тиек етті.

– Біз, режиссерлер жазылған сценарийге қарап «өмір сүреміз». Шығарманы  тірілтеміз. Пьесаны жазу мен сахналау екі бөлек. Сондықтан актерлер де ізденісте жүрді. Актерлер таңдау мәселесі жоба авторлары үшін оңайға соқпады. Бірінің уақыты, бірінің гонарары сәйкес келмеді. Сөйтіп, кастинг жарияладық. Басты кейіпкер Өзбекәліні таңдауда көрерменді сендіру үшін сыртқы бейнесі ұқсайтын актер іздедім. Жалпы, атамызды көрсету үшін айналасын­дағы қосымша рөлдердің толық ашылуына көңіл аудардық. Өйткені рөлді ашатын сондай кейіпкерлер еді, – деді Б.Төкенов.

Қойылымды тамашалауға келген көрермен қарасы қалың. Бәрінің жүзінен тарихи тұлға туралы тың дерек білгенін, жан-дүниесіне жақындай түскенін көруге болады. Театрдың әр спектаклін қалт жібермей көретін көрерменнің бірі Шаттық Садуақас «Өзбекәлі» қойылымының сәтті шыққанын айтып, жүрекке жеткенін жасырмады. 

«Қойылымды тамашалап отырып, үлкендердің айтып жүрген «қаладан қашқан қазақ» туралы оқиғасына тағы бір мәрте қанық болдым. Мы­салы, менің атам Сәдуақас Сегізов – Ақтөбеден 550 шақырымда Торғай өзен бойындағы Нұра деген жерде совхоздың малын бағып, тракторын айдаған, жылдар бойы жоспардан асырып, егіз төл ала білген адам. Атамның Кеңестік кеңістікте ме­дальға толған кеудесінде күн-түні радиосы жүретін көрінеді. Совхоздың 60 жылдық тойына қонаққа келген телеарна журналис­тері өз материал­дарында «Көзі ашық, көкірегі ояу Секең» деген ат берген. Бүгін мен мақтанатын, газет пен журналға жиі мақала жазатын, «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Озат малшы», «Үздік Механизатор» атанған атамның кімнің арқасында осындай сауатты тұлға болғанын білдім. Өз ауылымызда көз көргендердің әлі күнге дейін аңыз қылып айтып жүрген тағы бір оқиғасы бар. Атам күй тартып, жыршылығымен көзге түскен соң, өнер сүйетіндер Алматыға шақыртқан екен. Бірақ әкесі жалғыз баланы бұрын көріп-білмеген қаладағы өркениетке жібермесе керек. Дәл бүгінгі қойылымдағы «қалада қаңғып қалудан қорыққан қазақтың» күні сияқты. Бұл – көз алдымызда сахналанған сәттің шын тарихта да сахналанғанына айқын айғақ. Ұжымда малшы тапшылығы­нан жастарды қой соңына салып, сауатсыз етуді көздегендерге қарсы шыққан Өзбекәлі атамызды ұрпақ ұмытпайды деген сенімдемін! Қа­зақт­ың қаншама ұл-қызының көзін де, басындағы бағын да ашқан тұл­ғаның есімі ұлықталуға тиіс!» – дейді көрермен-журналист Шаттық Садуақас.

Өзбекәлі Жәнібеков – бүгінгі күндегі ел алдында басшылықта жүрген тұлғаға үлгі боларлық жан. Билікте отырып, жанына бауыры мен тамыр-танысын жимаған, шын мықтыны алыстан тани біліп, мұқалғанға қамқор бола білген ел ағасының елеулі ісі қойылымда ерекше сахналанды. Бала күнгі көрген қиындығы мен жетімдігінен бастап, жан-жарымен қарым-қатынасы, қиын күндегі сүйеу бол­ғандар мен сырт айналғандардың да образдары көркем жеткізілді.    

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see124

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see123

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see121

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see120

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see120

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see117

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see117

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see116

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see116

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see116

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see116

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see114

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see114

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see113

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see113

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see112

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see112

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see111

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары