Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Киізден рух сезінген атыраулық жас шебер ұлттық өнерді дәріптеп жүр

Киізден рух сезінген атыраулық жас шебер ұлттық өнерді дәріптеп жүр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бала кезден қолөнерге бейім Наргиз бұл қызығушылығын кәсіби деңгейге жеткізіп, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған. «Көркем тоқыма» мамандығын меңгеру барысында ол киіз өнерінің өзіне жақын екенін түсініп, осы бағытта тереңірек жұмыс істеуге бет бұрған.

Қазір ол тек шебер ғана емес, үйретуші ұстаз ретінде де танылып, ұлттық өнердің жаңа буынға жетуіне ықпал етіп отыр.

— Алғашында бұл өнер мен үшін оңай болған жоқ. Киіз дұрыс басылмай, тесіліп, жасаған дүнием көңілімнен шықпайтын кездер жиі болды. Жүнмен жұмыс істеудің өзі үлкен тәжірибені талап ететінін сол кезде түсіндім. Тіпті кейбір сәт те бұл істі жалғастырмауға кеңес бергендер де болды. Бірақ дәл сондай сөздер мені керісінше қайрап, өзіме деген сенімді арттырды. Сол себепті бар күшімді салып, осы өнерді меңгеруге бел будым, — дейді Наргиз Аймағамбетова.

Фото Наргиз Аймағамбетованың жеке архивінен

Жас шебердің айтуынша, киіз басу — тек физикалық еңбек емес, аса мұқияттылық пен ішкі сезімді қажет ететін үдеріс.

Әсіресе жүнді дайындау мен оны дұрыс орналастыру — сапалы өнімнің басты кепілі. Бұл кезеңде жіберілген қателік бүкіл жұмыстың нәтижесіне әсер етеді.

— Киіздің сапасы ең алдымен жүннің қалай салынғанына байланысты. Әр тал жүнді ретімен, өлшеммен, тіпті граммен есептеп орналастыру қажет. Егер сол сәтте ұқыпсыздық танытсаң, кейін оны түзету өте қиын. Сондықтан мен үшін ең маңыздысы — жүнді сезіну, оның құрылымын түсіну. Бұл бір жағынан тәжірибе болса, екінші жағынан ішкі түйсікке байланысты деп ойлаймын. Киізбен жұмыс істегенде асықпай, әр қимылға мән беру керек, — дейді ол.

Наргиздің шығармашылығында ұлттық ою-өрнектер ерекше орын алады. Ол ата-бабадан жеткен өрнектерді жаңғыртып, олардың мәнін тереңірек түсінуге тырысады.

Фото Наргиз Аймағамбетованың жеке архивінен

Сонымен қатар, киіз бұйымдарын күтіп ұстау, табиғи қалпын сақтау да шебер үшін маңызды. Қазір шебер Атыраудағы қолөнер шеберлерінің басын қосқан, киіз басу бойынша шеберлік сабақтарын жиі ұйымдастыратын «Мұнара» атты шығарамышылық орталыққа мүше.

Мұндағы әр сабақ — тек техниканы үйрету емес, тарих пен дәстүрге бойлау, ата-бабамыздың дүниетанымын терең түсіну дейді кейіпкер.

Фото Наргиз Аймағамбетованың жеке архивінен

— Киіз — мен үшін жай ғана қолөнер емес, өмірімнің бір бөлігі. Кейде бұл өнердің маған неге соншалық жақын екенін сөзбен жеткізу қиын. Киізбен жұмыс істегенде мен тек бұйым жасап отырғандай емес, бір терең рухани күйді бастан өткеретіндей боламын. Ішкі бір байланыс, тіпті генетикалық жады оянатындай әсер қалдырады. Сол себепті киізді ұлттық код, халқымыздың болмысы деп толық айта аламын, — дейді шебер.

Оның айтуынша, киіз басу — тек қолөнер ғана емес, адамды тәрбиелейтін, сабыр мен талғамды қалыптастыратын маңызды құрал.

Фото Наргиз Аймағамбетованың жеке архивінен

— Жастарға бұл өнер арқылы сабырды, төзімділікті үйреткім келеді. Еңбекке, қолөнерге деген құрметке баулығым келеді. Киіз басу сырт көзге қолөнер болып көрінуі мүмкін, дегенмен мұның ішінде үлкен тәрбие бар. Бабаларымыздың даналығын байқауға болады. Терең мәдениет, тыныштық және талғампаздық жатыр. Мен осыны адамдарға сезіндіргім келеді. Киіз — қазақтың тұрмысы, ұлттық код, өмірдің философиясы десем қателеспеймін. Бұл жай материал емес, тұрмыс-тіршілікке сіңген мәдени құндылық. Киізге қарағанда ұлтымыздың мінезін, тарихын, жадын көремін, — дейді Наргиз Аймағамбетова.

Қолөнерге жаны құштар Наргиз Аймағамбетова Атырауда жеке шеберхана ашып, киіз басу, ши тоқу, тықыр кілем және батик өнерін дамытқысы келеді. Арманы — өзі сияқты шеберлермен бірге ұлттық қолөнерді кеңінен насихаттап, оны күнделікті өмірге енгізу. 

Фото Наргиз Аймағамбетованың жеке архивінен

Бұған дейін көмеймен ән салу шебері Аманжол Нығмет асықтан ерекше аспап жасап, шетелдік тыңдармандарды таңғалдырғаны жөнінде жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Наурыз 2026 15:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары