Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Тоқаев бағалы металдар үшін күресте Қазақстанның артықшылығын атап өтті

Ұлттық қордың балаларға шарапаты

Ұлттық қордың балаларға шарапаты

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Балалар жылы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – бала­ларға» атты жаңа бағдарламаны ұсын­ған еді. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы бала­лар­д­ың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын­дағы арнаулы есепшотына түсетінін білген жұртшылық бас­таманы бірден қуана қабылдады.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бағдарлама іске асқан санаулы жылда тиімділігін ел көре бастады. Балалардың бо­лашағына инвестиция ретінде түсетін қаражаттың көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мысалы, осы жолы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 18 жасқа толмаған әрбір баланың шотына 130,71 доллардан түсіпті (2025 жылға есептелген төлем). Бағдарламаға 2008–2025 жылдар аралығында туған 6 918 656 бала қатысқан. Яғни Ұлттық қор табысының бір бөлігі осы балаларға тепе-тең үлестіріліп, әр баланың өзіне тиесілі қаражаты шотына түскен. Биыл кәмелет жасқа толатын 356 613 балаға 132,1 млн доллар аудару көзделіп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін әрбір отбасы көруі керектігін қадап айтты.

«Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асыра бастауды тапсырамын», деді Президент.

Бала – біздің болашағымыз. Балаға құйылған инвестиция – ертеңгі күн­нің қам-қарекеті. Мемлекет байлы­ғы­­ның бір бөлігі балалар игілігіне жұм­­салғаны орынды. Бұл бастама әді­­летті, ашық, құқықтық мемлекет­тің ұстанымына толық сай келеді. Жас ұрпақтың төрт құбыласы түгел ортада, ешкімнен қысастық көрмей, алаңсыз өмір сүруіне Үкімет қана емес, қоғам да мүдделі. Отбасы жағдайы­на, қаржылық ахуалына байланысты білім алуға құлшынысы жоғары немесе үйлі болуды көздеп жүрген талай жас арманынан қол үзуі мүмкін. Келешекте осындай озық ойлы, талапты буын тасада қалмаса, бұл бірінші кезек әділетті мемлекеттің жеңісі.

Ұлттық қордың инвестиция­лық табысы молайса, оның шарапаты ертең «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына тиеді. Елімізде туу көрсеткіші жоғарылап жатқанын ескерсек, инвестициялық табыс та сол қарқынмен көбейіп келеді. Бағдарлама жөніндегі жыл сайынғы аударымдар әр есепті жылдағы Ұлттық қордың тиімділігіне байланысты қалыптасады. Себебі өткен 18 жылдағы орташа табыстылық алынады. Кейінгі 3 жылдағы жыл сайынғы аударымдардың динамикасын бағамдасақ, онда тиісті сомалардың жылдан-жылға артып келе жатқанын байқаймыз. Мысалы, бағдарлама басталған 2024 жылы қордан балалардың шотына 760 млн доллардан астам ақша жіберілсе, 2025 жылы 880 млн доллар, биыл 900 млн доллардан астам қаржы аударылған. Осылайша, үш жыл ішінде Ұлттық қордан 7 млн балаға 2,5 млрд доллардан астам қаражат есептелген. Оның ішінде 18 жасқа толған 985 мыңнан астам баланың шотына 200 млн доллардан астам ақша аударылған. Бір сөзбен айтқанда, аударым мөлшері әр есепті жылдағы Ұлттық қордың инвестициялық табысына байланыс­ты болып отыр. Алдын ала есептеулерге сәйкес, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына 18 жасқа толғанша қатысатын бала шамамен 3,5 мың доллардан астам қаражат жинайды екен. Мұның өзі мектеп бітірген түлектерге әжептәуір қолдау. Қаржы министрлігі алға тартқан ақпаратты назарға алсақ, 2025 жылдың инвестициялық кірісі жөніндегі деректер биыл шілде айынан ерте белгілі бола қоймайды.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Бұл ретте нысаналы талаптар жыл сайын есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы, есепті жылдың алдындағы 18 жылдағы орташаланған осы сомаға жыл сайын есептелетін инвестиция­лық кірістің есебінен қалыптасады. Тақырыпқа қатысты маңызды дерек-дәйектерді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтен сұрап білген едік.

– Балаларға есептелетін жыл са­йынғы сома инвестициялық табысқа байланысты. Яғни кейінгі 18 жыл кезеңіндегі әр жылдың пайыздық кі­рісіне қатысты деректер алынып, ин­вестициялық табыстың 50%-ы алы­натын орташа мән қалып­та­­сады. Мәселен, 2024 жылдың қоры­­тындысында Ұлттық қордың кейінгі 18 жылдағы орташа жылдық та­быс­тылығы (2007 жылдан бастап 2024 жылды қоса алғанда) жылдық мәнде 2,97%-ға жетті. 2025 жылдың қо­рытындысында жылдық мәнде 18 жыл­дағы инвестициялық табыс 1,8 млрд­ долларды құрады. Бағдарла­ма­ға 6 918 656 бала қатысса, аудару­ға болатын жалпы сома 900 млн доллардан астам қаржыны құрайды. Әр балаға 130,71 доллар осылай есептелді, – деді Д.Темірбеков.

Бағдарлама іске қосылған сәттен ­бастап үш жылдағы (2024–2026 жылдар) инвестициялық кірісті ескере отырып, балаларға аударылған жи­нақтардың жалпы сомасы әр­қайсысына 370,56 долларды құрайды. Яғни қор есебінен әр балаға бүгінге дейін түскен қаржының жалпы көлемі осындай. Еске сала кетелік, 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын­ Ұлттық қордан алынған сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтері құрамында қалып, инвестицияланады. Инвестициялауды жалғастырудың арқасында жыл сайын әр баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық кіріс есебінен қосымша өсіп отырады. Бағдарлама басталғалы бір-екі жылда түскен ақшасын өз мақсатына жұмсаған жастар бар. Олар қаржысын оқуға немесе үй алуға құйған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне сәйкес, биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 241 522 өтінім түссе, оның ішінде жалпы сомасы 31,6 млн долларға 205 506 өтінім орындалған. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 140 716 өтінім берілген. Оның ішінде жалпы сомасы 19,7 млн долларға 127 446 өтінім орындалыпты. Сол секілді оқу ақысын өтеуге 100 806 өтінім жолданса, 78 060 өтінімді орындауға 11, 9 млн доллар төленіпті. Бағдарлама 2024 жылдан бастап іске қосылғанын ескерсек, осы аралықта 600 мыңнан астам азамат кәмелет жасқа толып, оларға 100 млн доллар шамасында ақша аударылған.

Биылғы қаңтардағы жағдайға сәйкес, 205 мыңнан астам адам шамамен 31 млн доллардың үстінде қаражат пайдаланыпты. Бүгінде 18 жасқа толғандардың дені қаража­тын мақсатты жұмсап үлгерсе, сәй­кесінше кәмелетке енді толатын балалар өз құқықтарын әлі пай­даланбаған. Олардың қаражаты БЖЗҚ-да сақтаулы. Жалпы, әр бала мемлекеттік байлықтан өзіне тиесілі еншіден қағылмайды. Ол кәмелет жас­қа толғаннан кейін Ұлттық қорда жи­налған қаражат БЖЗҚ-ға жібері­ліп, арнайы шот ашылады. Егер бұл қаражат 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, онда бұл сома зейнетақы шоты­на аударылады. Ескеретін жайт, атал­ған ақша БЖЗҚ-ның арнайы шотын­да сақталған кезеңде жинақ үдерісіне жұмсалмайды әрі өзгеріссіз қалады.

Бағдарлама тетігі цифрлан­ды­рылған әрі барынша ашық. Ата-аналар өз баласының жүйеде бар-жоғын немесе жинақ қаражатын kids.enpf.kz сайты (баланың ЖСН бойынша) арқылы, eGov.kz порталындағы жеке кабинетінен, Halyk, Kaspi.kz, Bcc.kz мобильді қосымшалары арқылы оңай біле алады. Қорыта келгенде, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бастамашы болған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы ұлттық байлықты әділ бөлу қағидатына сай келеді. Ересек өмірге қадам басқан жастарға тең мүмкіндіктер сыйлау – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлттық қорда жинақталған қаражат әлі талай жастың жолын ашады, арманына қанат байлайды.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ұлттық қордың балаларға шарапаты

Қоғам • Бүгін, 08:40

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Білім саласына сұраныс жоғары

Еңбек • Бүгін, 08:35

Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады

Саясат • Бүгін, 08:33

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

Жаһандық рейтингте елеулі орындамыз

Қазақстан • Бүгін, 08:25

Ата заң жобасы туралы ғалымдар пікірі

Ата заң • Бүгін, 08:22

Нейрохирургиядағы тың ізденіс

Ғылым • Бүгін, 08:20

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»

Өндіріс • Бүгін, 08:12

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 09:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see120

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see116

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see116

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see115

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see114

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see114

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see114

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see114

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see114

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see113

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see113

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see112

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see111

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see110

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see110

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see110

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see109

Тоқаев бағалы металдар үшін күресте Қазақстанның артықшылығын атап өтті

22 Тамыз 2026 17:55see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары