Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ұлттық ұланның тәлімгерлік институты офицерлердің кәсіби өсу жолы

Ұлттық ұланның тәлімгерлік институты офицерлердің кәсіби өсу жолы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында құқықтық тәртіп әскерлеріндегі тәлімгерлік жұмысты дамыту және жетілдіру мәселелеріне арналған Тәлімгерлік кеңесінің отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға ТжӘҚЖ Бас басқармасының бастығы, генерал-майор Аян Есжанов, ҚР ІІМ Тәлімгерлер кеңесі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Дәулет Салханов және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев қатысты. Ал бейнеконференция режимінде өңірлік қолбасшылықтар мен тікелей бағынысты бөлімдердің ардагерлер кеңесінің төрағалары қосылды.

Отырыс барысында тәлімгерлік бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ Тәлімгерлік институтының тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жүйесіндегі орны талқыланды. Жас офицерлерге тәлімгерлік ұйымдастыру әскери ортадағы тәрбиелік жұмыстың негізгі нысандарының бірі екені атап өтілді. Бұл іске командирлермен (қолбасшылармен) қатар психологтер, тәлімгерлер және Ұлттық ұланның ардагерлері белсенді түрде қатысады.

– Тәлімгерлік институты тәрбиелік жұмыста шешуші рөл атқарады. Ол қызметтік тәжірибемен бөлісуге және жас офицерлерге практикалық көмек көрсетуге бағытталған. Соның нәтижесінде оларда әскери қызметті дербес атқаруға қажетті кәсіби қасиеттер қалыптасады, – деді отставкадағы генерал-майор Дәулет Салханов.

Тәлімгерлер кеңесі – ең тәжірибелі офицерлер мен ардагерлерден тұратын алқалы орган. Оның негізгі міндеті – әскери ұжымдарда тәлімгерлік жұмысты үйлестіру және дамыту. Жас офицерлерге арналған тәлімгерлер, әдетте, ең даярлығы жоғары офицерлер қатарынан таңдалып, кейін әскери бөлім командирінің немесе Ұлттық ұлан Академиясы бастығының бұйрығымен бекітіледі.

Тәлімгерлердің жұмысы алты айдан бір жылға дейінгі мерзімді қамтитын жеке жоспарлар негізінде жүзеге асырылады. Осы кезеңде олар жас офицерлерге қызметке тез бейімделуге, жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік дайындықтың қыр-сырын меңгеруге, бұйрықтар мен қызметтік міндеттерді зерделеуге, ішкі тәртіп пен қызмет уақыты режиміне дағдылануға көмектеседі.

Сонымен қатар тәлімгерлер жас офицерлерге психологиялық қолдау көрсетіп, қызметтің алғашқы кезеңінде әскери өмірдің ерекшеліктері мен жүктемелерін еңсеруге жәрдемдеседі, сондай-ақ олармен тұрақты байланыста болады.

Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылар тәлімгерліктің жас офицерлердің кәсіби қалыптасуындағы айрықша маңызын атап өтті. Тәлімгерлік практикалық тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз етіп, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде қызметтің тиімділігін арттырып, құқықтық тәртіп әскерлерінің кадрлық әлеуетін күшейтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Ақпан 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары