Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

ProМұнай: Өндіріс жастары кәсіби өсу алаңы

ProМұнай: Өндіріс жастары кәсіби өсу алаңы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бұл маңызды шара «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық «Жастар рухы» филиалы және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытының қолдауымен өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Форум жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту және олардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ұсыну үшін ұйымдастырылды.

Форумның алғашқы бөлімінде Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік алаңына экскурсия жасалды. Экскурсия барысында жастар Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмыс процесімен танысып, өндірістің барлық кезеңдерін көзбен көріп, сезіне алды. Экскурсиядан кейін форум пленарлық бөлімге ұласты. Онда еліміздің жетекші компаниялары мен мекемелерінің мамандары сөз сөйлейді. Олар өз ұйымдарында жастарға ұсынылатын жұмыс орындары мен даму мүмкіндіктері туралы айтты.

Спикерлер қатарында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС президенті Цзян Жиюань және  бірінші вице-президенті Бақыт Ерегенов, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, кәсіпорынның цех басшысы Болат Қалдыкозов және жас маман Өркен Бәйденов болды. Олар жастарды жұмысшы мамандықтарына қатысты маңызды ақпаратпен таныстырып, осы бағытта жасалған жұмыстармен бөлісіп, идеяларды дамытуға үн қатты.

«Жастар рухы» төрағасы Ақерке Искандерова Мемлекет басшысы жариялаған  Жұмысшы мамандықтары жылы  аясында өңірлерде осындай ауқымды жұмысшы жастар форумдары өтіп, еңбек нарығындағы өткір мәселелер ашық талқылануда дейді.

«Жастар қанаты жыл бойына атқарып келе жатқан осы шаралардың нәтижесінде жастар мен мектеп оқушыларының техникалық және жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығы артып, жас буын мен өндіріс арасында тікелей байланыс қалыптасты. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жанынан Жастар кеңесі де жұмысын бастады. Бұл кеңес – өндіріс орындарындағы жас мамандармен байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдап, қоғамдық өмірге араласу ортасына айналуда», – деді ол.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда жұмысшы мамандықтары бүгінде үлкен сұранысқа ие болып отыр, алайда осы салада еңбек ететін мамандардың тапшылығы байқалуда. Сондықтан осы форум арқылы жастарды техникалық және өндірістік салаларға бағыттау, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, сол арқылы еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау маңызды.

Атаулы өндіріс орнында 40 жылдан астам еңбек етіп, жақында зейнетке шыққалы жатырған ардагер, цех басшысы Болат Қалдыкозов форум қатысушыларына еңбек жолында негіз болатын өмірлік принциптерімен бөлісті.

«Қазір біз тұрған зауытта көптеген ірі маңызды жоба  іске асырылды. Бұл жерге мен жас маман болып келіп, ардагер қызметкер ретінде шығудамын. Еңбек жолыма үлкен септігін тигізген келесі қағадаттармен жастармен бөліскім келеді. Біріншіден,  істеген істеріңізді сүйіңіздер,  екіншіден,  қателіктен қорықпаңыздар, үшіншіден, өзгенің еңбегін құрметтеңіздер. Төртіншіден, үйренуден жалықпаңыздар, жаңа дүниені меңгеру жас таңдамайды және ең маңыздысы өздеріңізге сеніңіздер», – деп қатысушыларға ойын жеткізді.

Сонымен қатар  «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС президенті Цзян Жиюань және бірінші вице-президенті Бақыт Ерегенов өз сөздерінде зауытқа жас мамандар мен жұмысқа ынтасы бар азаматтарды қабылдауға ашық екендіктерін айтып, әрбір жастың өз саласында жетістікке жетуі үшін қажетті ресурстар мен мүмкіндіктерді құру бұл іс-шараның басты мақсаттарының бірі болатындығын жеткізді. Ал  шара соңында қызметте белсенділік танытып, еңбек сіңірген азаматтарға 40 жылдық мерейтой медальдары табыс етілді.

Осылайша, бүгінгі форум – еліміздегі жастардың кәсіби дамуына, еңбек нарығына дайындықтарына және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыруға бағытталған маңызды шараға айналды.

Айта кетеміз, биыл  шілде айында ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен «Жастар рухы» республикалық жастар саяси лагері алаңында «Жұмысшы жастар аманаты» атты жоба іске қосылған болатын. Қазір жоба аясында аймақтарда бірнеше шара  мен форум  өтті. Атап айтқанда, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана, Шымкент қалаларында.  

Қазақстанның өндірістік әлеуетін нығайту, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және жастарды еңбек нарығына интеграциялау бірреттік шараға айналмай, келесі жылы да кешенді түрде жалғасын табатын болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 14:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары