Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

ҰҚК резервшілерінің жиындарынан өту ережесі бекітілді

ҰҚК резервшілерінің жиындарынан өту ережесі бекітілді

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан өтуі олардың арналуына сәйкес міндеттерді орындауға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған әскери басқару органдары мен бөлімшелерінің оқыту мен үйлестіру процесін (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік дайындығы) қамтиды.

Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлығының мақсаты олардың арналуына сәйкес міндеттерді уақтылы өрістетуді, қолдануды және тиімді орындауды қамтамасыз ететін жеке және ұжымдық дайындық деңгейін ұстап тұру және арттыру болып табылады.

Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлығының міндеттеріне мыналар жатады:

бөлімшелерді жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде, сондай-ақ қызметтік, жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындау кезінде қызметтік және арнайы міндеттерді орындауға дайындау;шекара нарядтары, экипаждар, есептоп, ауысымдар мен бөлімшелер құрамында әрекет етуге даярлау, жауынгерлік машық деңгейін арттыру; қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін меңгеру, оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қолдану, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша практикалық дағдыларды игеру;моральдық-психологиялық және физикалық қасиеттерді, оның ішінде батылдылақты, шыдамдылықты, ептілікті, күйзеліске төзімділікті және аса күрделі жағдайларда әрекет ету қабілетін қалыптастыру.

Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар айына күнтізбелік үш күнге дейінгі, бірақ жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өткізіледі. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізіп алған кезде резервтегі әскери адам көрсетілген сабақтарға бөлімше бастығымен (командирімен) келісу бойынша басқа бос уақытында қатысады.

Ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жауынгерлік даярлық бойынша жиындар осы жиындардың соңғы күндерінде екі демалыс күні беріле отырып, жылына бір рет өткізіледі.

Резервтегі әскери адамдардың даярлық деңгейін бағалау үшін басқару органдары мен бөлімшелердің жауынгерлік (жедел-жауынгерлік) даярлығын ұйымдастыруды реттейтін құқықтық актілерде бекітілген тәртіпте жауынгерлік даярлық бойынша жиындардың қорытынды кезеңінде жеке және штаттық (құрама) бөлімше құрамында бақылау сабақтары өткізіледі.

Резервтегі әскери адамдар қызмет өткеретін бөлімшенің жауынгерлік даярлығын ұйымдастыратын басқару органы жауынгерлік даярлық бойынша оқу жылына:

алғаш рет – резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін үш күн ішінде;кейіннен – жыл сайын 30 қарашаға дейін сабақтар мен жиындар өткізу кестесін әзірлейді.

Жауынгерлік даярлық өткізу кестесін бөлімше бастығы (командирі) бекітеді және бекітілген күннен үш жұмыс күні ішінде резервтегі әскери адамдарға жеткізіледі.

Бекітілген кестеден үзінді резервтегі әскери адамға негізгі жұмыс орнына ұсыну үшін беріледі.

Жауынгерлік даярлықты өткізу кестесі өзгерген жағдайда резервтегі әскери адамдар бұл туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

Резервтегі әскери адамдардың дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өтуі дағдарысты ахуалды оқшаулау және жою үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайда бөлімше (мекеме) құрамында іс-шараларды орындауды қамтиды.

Дағдарыс жағдайы жарияланған кезеңде резервтегі әскери адамдар резервте әскери қызмет өткеретін бөлімшенің бастығы (командирі) айқындайтын тәртіппен және мерзімде бөлімшеге келеді.

Дағдарыс жағдайлары кезіндегі жиындардың басталуы мен аяқталуы туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы немесе оны алмастыратын тұлға қабылдайды.

Бұйрық 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 17:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары