Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстанда киіктің мүйізін сату ережесі бекітілді

Қазақстанда киіктің мүйізін сату ережесі бекітілді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Құжатта нақтыланғандай, киік дериваттары – киік мүйіздері және олардан және (немесе) олардың туындыларынан өндірілген өнімдер.

Бағаны, өткізу көлемін және комиссия құрамын көздейтін киік дериваттарын өткізу туралы шешімді уәкілетті орган бұйрық нысанында қабылдайды. Сатушы уәкілетті органның шешімін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде тізілімнің веб-порталына ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді.

Киік дериваттарын өткізу бұйрық нысанында қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде, тоқсанына кемінде бір рет өткізілетін конкурс бойынша оларды сату арқылы жүзеге асырылады.

Киік дериваттарын өткізу Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (CITES) талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін бес адамнан тұратын комиссия құрылады

Конкурсты өткізуге дайындықты сатушы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

Әдістемеде көзделген, өткізілетін киік дериваттары бойынша материалдарды жинау жүргізіледі;конкурсты өткізу мерзімдері белгіленеді;конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланады;кепілдік жарналар қабылданады;қатысушыларды тіркеу жүргізіледі;сатып алу-сату шарты жобасын дайындау жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін сатушы тізілімнің веб-порталындағы деректер базасына әрбір лот бойынша мынадай ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді:

өткізілетін киік дериваттары бойынша мәліметтер;киік дериваттарының орналасқан жері;киік дериваттарының баланс ұстаушысы туралы мәліметтер (пошталық мекенжайы, телефоны, е-mail);

Енгізілген ақпаратқа қосымша ретінде сатушы деректер базасына киік дериваттарының кемінде 5 дана фотосуретін қосуды қамтамасыз етеді.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды тізілімнің веб-порталында жариялау үшін сатушы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай мәліметтерді енгізеді:

конкурстың күні мен уақытыконкурстың атауы;конкурс басталатын киік дериваттарының бағасы;кепілдік жарнаның мөлшері;кепілдік жарнаны аударуға арналған ұйымдастырушының банктік реквизиттері;конкурс шарттары, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;өтінімдерді қабылдау мерзімдері;ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;сатушының телефоны мен мекенжайы.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып тіркелу қажет:

бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН), бірінші басшының толық атауын, тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);кепілдік жарнаны қайтару үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шоттың реквизиттерін;байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, е-mail).

Қатысушы тізілімнің веб-порталында конкурсқа қатысуға арналған өтінімді тіркейді және оған ЭЦҚ-мен қол қояды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде конкурсқа қатысушының конкурс шарттарымен келісімі және деректер базасының арнайы бөлінген веб-парақшасындағы электрондық конвертке жүктелетін конкурсқа қатысушының бағалық ұсынысы қамтылады, оған мынадай құжаттардың:

конкурстық өтінім;қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген міндеттемелерді жазбаша қабылдағанын растайтын құжаттардың электрондық сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мыналарды:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын, шет мемлекет берген өзге құжатты;мынадай құжаттардың бірін: конкурсқа қатысушы резиденті болып табылатын елдің уәкілетті органы берген, киік дериваттарын пайдалана отырып, дәрілік заттарды не фармацевтикалық өнімдерді өндіру (дайындау) құқығын растайтын дәрілік затты тіркеу куәлігін, өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, лицензияны не рұқсатты;конкурсқа қатысушы резиденті болып табылатын елдің уәкілетті органы берген қолданыстағы GMP (Good Manufacturing Practice) сертификатын;конкурсқа қатысушы резиденті болып табылатын елдің уәкілетті органы берген қолданыстағы GDP (Good Distribution Practice) сертификатын;конкурсқа қатысушы резиденті болып табылатын елдің заңнамасына сәйкес берілген, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелгенін не киік дериваттарын импорттау, кедендік рәсімдеу, сақтау, қайта өңдеу және пайдалану үшін рұқсаттардың, тіркеулердің және өзге де заңды негіздердің бар екенін растайтын құжатты;

конкурсқа қатысушының сатушының мекенжайына, ол конкурстың жеңімпазы деп айқындалған және сатып алу-сату шартына қол қойылған жағдайда қатысушының мынадай:

Қазақстан Республикасының аумағында киік мүйіздерін сатуға жол бермеу;қажетті құжаттарды алу және дериваттарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттауға байланысты шығыстарды төлеу;киік дериваттарын үшінші тұлғаларға бұдан әрі өткізу кезінде уәкілетті органға өткізу көлемі және соңғы сатып алушылардың атауы туралы мәліметтерді ұсыну;киік дериваттарының және олардан өндірілген өнімдердің қозғалысы туралы мәліметтерді: шикізатты қабылдаудан және қоймалық есепке алудан, өндірістік процестен, сақтаудан және тасымалдаудан бастап соңғы тұтынушыға өткізуге дейін сауда-саттыққа қатысушы резиденті болып табылатын елдің өнімдерді цифрлық қадағалау жүйесіне енгізу бойынша міндеттемелерді қабылдайтыны туралы жазбаша растауды ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар электрондық сканерленген нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді бергенге дейін қатысушы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген ұйымдастырушының ағымдағы шотына конкурста көрсетілген киік дериваттары құнының он бес пайызы мөлшерінде кепілдік жарна енгізеді.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурсқа қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында комиссия мүшелері мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қарайды.

Комиссияның қатысушыларды конкурсқа жіберу туралы шешімі барлық комиссия мүшелері конкурсқа жіберу туралы хаттамаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойған сәттен бастап тізілімнің веб-порталында автоматты түрде жарияланады, бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларға электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабарлама жіберіледі.

Конкурсқа жіберілген қатысушылар конкурс басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей тізілімнің веб-порталы автоматты түрде берген аукциондық нөмірді және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталындағы аукцион залына кіру мүмкіндігін алады.

Киік дериваттары үшін ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы конкурстың жеңімпазы деп танылады.

Әрбір сатылған лот бойынша конкурстың нәтижелері конкурс нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған тізілімнің веб-порталында сатушы мен жеңімпаз конкурс өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында немесе жазбаша түрде жасалады, оған тізілімнің веб-порталымен сауда-саттық қорытындылары шығарылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде сатушы, сатып алушы және ведомстволық бағынысты ұйым қол қояды.

Бұйрық 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 16:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see149

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see133

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see131

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see129

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see129

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see128

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see128

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see124

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see124

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see123

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see121

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see121

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see121

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see119

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see119

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see117

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see116

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see115

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see112

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары