Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Үш ұрпақ ортақ мұрат : Қызылордада академик жас буын өкілдерімен кездесті

Үш ұрпақ ортақ мұрат : Қызылордада академик жас буын өкілдерімен кездесті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қызылордада «Әділет» партиясының «Үш ұрпақ – Ортақ мұрат» тұжырымдамасы аясында «Өмір тәжірибесі» жобасы бастау алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жоба аясында партияның белсенді жастары мен мүшелері техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновпен жүздесті.

Еркін форматта өткен жүздесуде жастар академикке ғылымдағы жолы, ұстаздық қызметі, басқару тәжірибесі және қоғамдық жұмысы туралы сұрақтарын қойып, өмірлік ұстанымдарына қатысты пікір алмасты.

Жиынды «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай жүргізді.

«Өмір тәжірибесі» жобасының негізгі мақсаты – аға буынның жинаған білімін, кәсіби тәжірибесін және өмірлік ұстанымдарын жастарға жеткізу. «Әділет» партиясы үшін ұрпақтар сабақтастығы – жай ғана құндылық емес, қоғамның дамуына қажет маңызды негіз. Біз жастарды тек тыңдаушы ретінде емес, тәжірибені қабылдап, оны жаңа идеялармен жалғастыратын буын ретінде көреміз. Сондықтан осындай жүздесулер арқылы жастар мен қоғамға еңбегі сіңген тұлғалар арасында ашық диалог орнатуға мән береміз, – деді Жандос Базартай.

Жалпы Қылышбай Бисеновтің еңбек жолы оқытушылық қызметтен басталып, университет ректорлығына дейін жалғасты. Академик саналы ғұмырында ғылым мен білім саласында ұзақ жыл еңбек етіп, өңірдегі жоғары білімнің дамуына елеулі үлес қоса білді. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде де қоғамдық-саяси қызмет атқарып, елдік мәселелерге араласты.

Кездесу барысында академик өміріндегі маңызды кезеңдерге тоқталып, кәсіби жолды таңдаудағы ұстанымдары, ғылыммен айналысудың жауапкершілігі, ұстаздық қызметтің маңызы және жастардың ізденісі туралы ойларын ортаға салды.

«Адамның өмір жолында ең маңыздысы – өзің таңдаған іске адал болу. Ғылымда да, білімде де нәтижеге бір күнде жету мүмкін емес. Үнемі іздену, еңбек ету және өз ісіңе жауапкершілікпен қарау қажет. Жастардың сұрақ қойғаны қуантады. Себебі сұрақ бар жерде ізденіс бар. Ал ізденіс адамды алға жетелейді», – деді Қылышбай Бисенов.

Академик кәсіби жетістікке жетудің бір ғана жолы болмайтынына тоқталып, өзінің еңбек жолынан нақты мысалдар келтірді. Оның айтуынша, адам қай салада қызмет етсе де, білімін жетілдіруі мен жаңа бастамаларға ұмтылуын тоқтатпауы тиіс.

Сондай-ақ ғылым мен білімнен бөлек, елге қызмет ету, азаматтық жауапкершілік және қоғам алдындағы міндет туралы сөз қозғалды. Бұл тұрғыда академиктің  ғалымдық және ұстаздық қызметін қоғамдық жұмыспен ұштастыра білуі осы ұстанымдардың өзара сабақтастығын көрсетеді.

Жүздесудің тағы бір бөлігі академиктің ғылыми еңбектеріне арналды. Арнайы ұйымдастырылған көрмеде жастар Қылышбай Бисеновтің авторлық еңбектерімен танысып, ғалымның көпжылдық ғылыми ізденістерінің нәтижесін көрді.

Негізі «Өмір тәжірибесі» жобасының негізгі мәні аға буынның жүріп өткен жолын кейінгі ұрпаққа таныстырып қана қоймай, сол тәжірибеден тағылым алуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда  академиктің еңбек жолы – білім мен ғылымға адалдықтың, табанды еңбектің және елге қызмет етудің нақты үлгісін көрсетті. Сонымен қатар білім мен ғылым жолында тер төккен тұлғамен тікелей жүздесу жастарға өткенді танумен қатар, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 13:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары