Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Вашингтон саммитінен не күтеміз?

Вашингтон саммитінен не күтеміз?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін Вашингтонда Орталық Азия елдерінің басшылары мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен «C5+1» форматында саммит өтеді. 

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан Президенттері Ақүй басшысымен осындай жиында екінші рет кездескелі отыр. 2023 жылы Нью-Йоркте Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының жиыны кезінде АҚШ-тың сол кездегі президенті Джо Байден ұйымдастырған еді. Негізі аймақтағы елдермен тығыз байланыс орнату мақсатында C5+1 форматы 2015 жылы құрылды. Екінші саммиттен не күтеміз?

Әлішер ТАСТЕНОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы:

– Бұл форматтағы кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. 2023 жылдың 19 қыркүйегінде мемлекеттер басшылары деңгейінде өткен алғашқы «С5+1» саммитінде өзара тиімді әріптестікті нығайту, сауда-эконо­микалық байланыстарды кеңейту, энер­гетикалық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм мен трансұлттық қылмысқа қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастық мәсе­лелері талқыланды.

Ал Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесулер 2015 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Сонымен қатар еліміздің бастамасымен 2022 жылы қол жеткізілген уағдаластықтарды институцио­налды тұрғыда қолдау және үйлестіріп жүзеге асыру мақсатында Виртуалды хатшылық іске қосылды. 2023 жылдың 26 маусымында Алматыда Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саясат ведомстволары өкілдерінің қатысуымен «С5+1» Хатшылығының алғашқы отырысы өтті.

Трамп әкімшілігі де «С5+1» фор­матындағы өзара әрекеттестікті өңірлік ынтымақтастықтың маңызды тетігі ретінде қарастырады. Атап айтқанда, Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио арасындағы кейінгі келіссөздердің қорытындысы бойынша, америкалық тарап қауіпсіздік саласындағы ынты­мақ­тастықты кеңей­туге, сондай-ақ технологиялық сектор мен стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар саласында бірлескен коммерциялық жобаларды дамытуға дайын екенін растады.

Жалпы, АҚШ-тың өңірлік бастама­ларға қатысуы елімізге инвестициялар мен озық технологияларды тартуға, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарындағы америкалық саяси капиталды тиімді пайдалануға мүмкіндік ашады.

Вашингтонда өтетін саммит «С5+1» форматындағы диалогті дамытудың маңызды кезеңі болмақ және оған стратегиялық мазмұн беруге жол ашады деп күтіліп отыр. Кездесудің күн тәртібіне экономикалық серіктестікті тереңдету, энергетикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ цифрлық және кө­лік байланысын дамыту мәселелері енгізілмек.

Саммит аясында «жасыл» энергетика, стратегиялық маңызды пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, сондай-ақ Орталық Азия инфрақұрылымы мен инновациялық салаларына америкалық инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылады.

Еліміз үшін бұл саммитке қатысу – АҚШ-пен стратегиялық диалогті нығай­туға, елдің орнықты даму мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі серіктес ретіндегі рөлін көрсетуге, сондай-ақ энергетикалық трансформация, цифр­лық экономика және транзиттік әлеуетті арттыру салаларындағы ұлттық бастамаларды ілгерілетуге зор мүмкіндік.

Осылайша, Вашингтондағы кездесу институционалдық диалогтің жалғасы ғана емес, ұзақмерзімді әріптестікті дамы­­­ту­ға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Мирас ЖИЕНБАЕВ,

Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасының кеңесшісі, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы:

– Орталық Азия + АҚШ саммиті мемлекеттер басшылары деңгейінде екінші рет өткелі отыр. Вашингтонның Орталық Азиямен дамыған инвес­тициялық, сауда-экономикалық өзара іс-қимылына қарамастан, С5+1 форматына алғаш рет қатысып отырған Дональд Трамп түбегейлі жаңа Орталық Азиямен бетпе-бет келеді. Бұл – бұрын-соңды болмаған бірлігі жарасқан, дамудың жаңа әлемдік жарысында айқын көзқарасы мен сөзсіз стратегиялық күші бар аймақ.

Бүгінде әлемде болып жатқан жаһан­дық өзгерістер халықаралық істер­дегі статус-квоға айтарлықтай қар­сылық білдіріп отыр. Әлемдік тәртіп­тің транс­фор­мациялануындағы текто­ни­калық үдерістердің кең перспективасы, жаңа ассиметриялық қатерлердің өсуі және әлемдік дамудың жаңа сын-қатерлері – жасанды интеллектінің өсуі мен әлемдегі «жасыл» күн тәртібінің дағдарысы Вашинг­тонда өтетін С5+АҚШ Саммиті үшін түсінікті.

Бір жағынан, АҚШ көшбасшысы бұл кездесуге Америка мүдделері үшін әлемнің маңызды аймақтарымен жасал­ған ауқымды экономикалық және саяси мәмілелер сияқты даусыз геосаяси жетістіктер пулымен келеді. Вашингтон Орталық Азиядағы ең маңызды инвес­тициялық серіктестердің бірі болып қала береді. Америка векторы – аймақ­тың геосаяси тепе-теңдігіндегі ең маңызды элементтердің бірі.

Екінші жағынан, Вашингтон Орталық Азияның өскен субъектілігімен бетпе-бет келуі керек. Егер кезінде Вашингтон алғашқылардың бірі болып «С5+1» форматында диалогті ұсынса, бүгінде аймақта әлемнің әртүрлі мемлекеттерімен және аймақтарымен осындай форматтың ондаған түрі бар.

Вашингтон алты мемлекеттің де стратегиялық мүдделеріне жауап беретін күн тәртібін ұсынуы қажет. Бұл АҚШ-тың жуырда Орталық Азия бойынша келесі Стратегияны қабылдауға дайындалып жатқанын ескерсек, өте маңызды.

Сонымен қатар жаһандық инновациялар жарысы, жасанды интеллект әлеміндегі белсенді бәсекелестіктің екі негізгі осалдығы бар: Біріншіден, ЖИ-дің есептеу қуаттарының күрделенуі қорғалуға тиіс жартылай өткізгіштерді, микропроцессорларды және өзге де жабдықтарды көбірек қажет етеді. Екіншіден, ЖИ жұмысын механикалық қамтамасыз ету өте көп ресурс­ты қажет етеді, ол энергияны, суды және басқа да ресурстарды көбірек талап етеді. Ең бас­тысы – жартылай өткізгіштер мен басқа да аса маңызды жабдықтарды өндірудің жоғары технологиялық секторлары сирек жер элементтерінің тұрақты жеткізілім тізбегінсіз мүмкін емес.

Вашингтон саммитінің орталық күн тәртібі сирек жер минералдары төңірегінде болатыны айқын. Бұл – еліміздің ұлттық даму мақсаттарымен тікелей байланысты, қисынды және болжамды күн тәртібі. Еліміздегі сирек жер минералдарының бүгінгі барланған қоры Америка үшін ең маңызды 50 минерал тізімінен 21-ін жеткізуге жеткілікті. Тікелей экономикалық нәтижелер тұр­ғы­сынан бұл осы минералдарды байы­ту және бөліп алу зауыттарын қоса алғанда, елдің түрлі аймақтарында күр­делі өндірістерді құруды білдіреді. Сон­дықтан Америка нарығының маңыз­дылығы мен ауқымдылығын түсіне отырып, біздің сыртқы саясатымыздағы бұл жаңа сын-қатер зор маңызға ие.

Альберто ФРИДЖЕРИО,

Narxoz University халықаралық қатынастар профессоры:

– Орталық Азия мемлекеттері үшін бұл саммит экономикамен қатар саяси жағынан танылуына маңызды қадам болмақ. Тәуелсіздік алғаннан бері бұл аймақ Ресей мен Қытайға жақын болып, жиі көлеңкеде қалды. Ал АҚШ президентімен кездесулері – саяси тепе-теңдіктің белгісі.

Өзінің көпвекторлы дипломатиясын ұстанып келе жатқан Қазақстан үшін саммит кез келген ірі державаға шектен тыс тәуелділіктен аулақ бола отырып, барлық ірі державаға ашық болуын білдіреді. Астананың көпвекторлы саясаты оған Вашингтонда, Мәскеуде, Бейжіңде немесе Брюссельде болса да сенімділік береді.

Орталық Азияның барлық мемлекеті АҚШ капиталын көбірек тартуға ынталы. Мұнай мен газ аймақтағы елдердің басты шикізаты болып қала береді, ал Қазақстан мен Өзбекстан машина жасау, агро­бизнес, жасыл энергетика салала­­рын­­да әріптестік орнатуға ұмтылып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікке, қар­жылық қызметтерге, логистикаға ин­вес­тиция тарту экономикалық базаны кеңей­тіп, тауар айналымына осалдықты азай­туы мүмкін.

Орта дәліз бойындағы теміржолды, портты және кедендік модернизациялау­ды қаржыландыру мен технологиялар енгізуге де басымдық беріледі. Еуропа одағы қазірдің өзінде жақында өткен ЕО-Орталық Азия келіссөздері арқылы қаржыландыру мен техникалық көмекке кірісті, «Жаһандық шлюз» бастамасымен Транскаспий бағытын кеңейту – осының бір мысалы. Бірақ Орталық Азия мем­­ле­кет­тері серіктестерді әртарап­тандыруға тырысып, АҚШ-тың қатысуын құптайды.

Үшінші басымдық – технология. Жақында Қазақстан өзін аймақтық IT хаб ретінде көрсетуге бағытталған сандық трансформацияның ауқымды бағдарламасын іске қосты. Nvidia, Amazon, Microsoft, Meta және Starlink қазірдің өзінде елде бар. Қанатқақты жобаларға Meta арқылы қазақ тіліндегі AI моделін жасау, Starlink арқылы спутниктік интернет қамтуды кеңейту, бұлттық есептеулер мен цифрлық қаржыландыру шешімдерін шығару кіреді. Қазақстанның Америка Құрама Штаттарынан іздейтіні – ірі технологиялық фирмалардың инвес­тиция­сын жалғастыру ғана емес, соны­мен қатар біліктілікті арттыру, зерттеу саласындағы ынтымақтастық және реттеуші ноу-хау саласындағы терең серіктестік.

Жалпы, 6 қарашадағы саммит рито­рикадан тыс практикалық ынтымақ­тас­тыққа өтуге мүмкіндік береді. Америка Құрама Штаттары үшін бұл маңызды минералдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, тұрақты жеткізу тіз­бегін күшейту және АҚШ компания­ларын әлемдегі ең серпінді транзиттік аймақтардың біріне енгізу арқылы Еуразиядағы сенімділікті дәлелдеу мүм­кіндігін ұсынады. Орталық Азия мемлекеттері үшін бұл инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру және халықаралық серіктестіктерді теңгеру.

Дайындаған –

Гүлнар ЖОЛЖАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 08:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары