Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Венесуэла Нобель сыйлығы табысталғаннан кейін Норвегиядағы елшілігін жабатын болды

Венесуэла Нобель сыйлығы табысталғаннан кейін Норвегиядағы елшілігін жабатын болды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Венесуэла билігі өз мәлімдемесінде Нобель комитетінің шешімі туралы айтпады және елшілік елдің дүниежүзіндегі дипломатиялық өкілдіктерін қайта құрылымдау аясында жабылды деп мәлімдеді.

Норвегия Сыртқы істер министрлігі Каракастың Ослодағы елшілігін ешбір түсініктемесіз жауып тастағанын айтып, бұл шешімді «өкінішті» деп атады.

-Бірқатар мәселе бойынша келіспеушіліктерімізге қарамастан, Норвегия Венесуэламен диалогты жалғастырғысы келеді және осы бағытта жұмысты жалғастырады, - деді Норвегия Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Ол Нобель сыйлығының «Норвегия үкіметінен тәуелсіз» берілетінін айтты.

Венесуэла үкіметі өз мәлімдемесінде Аустралиядағы елшілігін жауып, Зимбабве мен Буркина-Фасодағы жаңа өкілдіктерді ашатынын, оларды «гегемонияға» қарсы «күрестегі стратегиялық серіктестер» деп атағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Венесуэла саясаткері Мария Корина Мачадо 2025 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын «Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын ілгерілету жолындағы тынымсыз қызметі және диктатурадан демократияға әділ және бейбіт жолмен көшу жолындағы күресі үшін» алған болатын.

Мария Корина Мачадо 2024 жылы Венесуэладағы президенттік сайлауда оппозицияның жалғыз кандидаты болды, бірақ билік оның кандидатурасына тосқауыл қойды. Ол оппозициялық праймеризде 90%-дан астам дауыс жинады және оның айналасында көптеген оппозициялық партиялар, соның ішінде бір-бірімен жанжалдасып жатқан партиялар бірікті.

Алайда, праймеризден бұрын да Венесуэла билігі Мачадоны Венесуэлаға қарсы санкцияларды қолдады деп айыптап, оған 15 жылға сайлауға қатысуға тыйым салды. Ол апелляциялық шағым түсірді, бірақ президент Николас Мадуро жақтаушыларының ықпалымен Жоғарғы сот шағымды қабылдамады.

АҚШ президенті Дональд Трамп биылғы жылы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алғысы келді: ол дүниежүзіндегі соғыстарды тоқтатуға күш салғаны үшін бұл сыйлыққа лайық екенін бірнеше рет айтқан.

Нобель комитеті өз шешімін жариялағаннан кейін Мачадо Трампқа телефон соғып, «Венесуэла халқы Америкада ғана емес, бүкіл әлемде бостандық пен демократия үшін жасап жатқан барлық істері үшін оған қаншалықты риза екенін» айтты.

Нобель институты Бейбітшілік сыйлығы лауреатының аты-жөнінің жария болуын зерттеп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын.

Бұған нәтижелердің ресми жарияланғанына бірнеше сағат қалғанда Мария Корина Мачадоның кандидатурасына онлайн ставкалардың әдеттен тыс күрт өсуі себеп болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 00:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see129

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see125

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see124

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see121

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see121

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see120

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see119

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see118

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see118

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see118

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see118

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see116

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see115

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары