Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Верный обсерваториясын реконструкциялау неге 10 жылға созылды?

Верный обсерваториясын реконструкциялау неге 10 жылға созылды?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Верный обсерваториясы - Алматыда сақталып қалған ХХ ғасырдың басындағы санаулы сәулет ескерткіштерінің бірі.

Верный обсерваториясы - Алматыда сақталып қалған ХХ ғасырдың басындағы санаулы сәулет ескерткіштерінің бірі.

Ғимарат өз тарихында Қызыл Армия штабы, метеостанция және қоршаған ортаны қорғау басқармасының кеңсесі ретінде де пайдаланылды. 2016 жылдан бері қала билігі ғимаратта музей ашуға уәде беріп келеді. Осы уақыт ішінде мерзімдер бірнеше рет кейінге шегеріліп, тендерлер өткізілді, оның күші жойылды және қайта ұйымдастырылды. Музей биыл жұмысын бастауы керек еді. Tengrinews.kz редакциясы жұмыстардың неге 10 жылға кешіктірілгенін, қазіргі уақытта нысанның жай-күйі қандай екенін және оның қашан ашылатынын анықтап көрді.

Верный обсерваториясы: ғасырлық және он жылдық тарих

Верный обсерваториясы осыдан жүз жылдан аса уақыт бұрын, 1914–1915 жылдары салынған және осы кезең ішінде ол сан түрлі мақсатта қолданылды:

Негізінде геофизикалық обсерватория болды - ол кезде ғимарат қаланың шетінде орналасқан еді. Азамат соғысы кезінде мұнда Қызыл Армия штабы орналасты. 30-жылдары мұнда ҚазКСР-нің басты метеорологиялық станциясы болды. Кейінгі жылдары мұнда Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының өкілдігі тұрақтады.

Верный обсерваториясы ресми түрде 1998 жылғы сәуірде сол кездегі Алматы қалалық атқару комитеті шешімімен тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілді. Бір кездері ғимарат жеке меншікке өтіп кете жаздаған.

2005 жылғы қыркүйектің аяғында Алматы әкімдігі Сәтбаев көшесінен солтүстікке және Сейфуллин даңғылынан батысқа қарай жатқан жерлерді, соның ішінде ескерткіш орналасқан учаскені алып қою туралы қаулы қабылдады. Алайда прокуратура заңсыз шешімге наразылық білдіріп, обсерваторияға тиіскен жоқ.

Осыдан кейін тарихи ғимарат, іс жүзінде, бос тұрды. Оның айналасын шөп басып - дәлірек айтқанда, ағаштар өсіп ескерткіш көрінбей қалды.

Фото: gabchenko_kz Instagram-аккаунтынан

Ал тарихи ғимараттың өзі біртіндеп бұзыла бастады. Бір уақытта онда әкімдік бөлімшесі орналасқанына қарамастан, ғимарат ұзақ уақыт бойы жөндеу көрген жоқ.

Архив сурет

Жағдай 2016 жылы өзгерді. Ол кезде "Тастай Девелопмент" компаниясы Верный обсерваториясының жанынан қонақүй салуды ұйғарды. Жоба талқыланған қала құрылысы кеңесінде Алматы әкімі құрылыс салушының тарихи нысанды өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге міндеттеме алғанын мәлімдеді.

Қызығы сол, дәл сол жылы билік алғаш рет Верный обсерваториясын ғарышкерлік пен астрономияға арналған "OBSERVATORIUM" атты музейге айналдыру жоспары туралы хабарлады.

Құрылыс салушы өз сөзінде тұрды. Биылғы наурызда кіреберісте ілулі тұрған тақтайшаға сүйенсек, тарихи ғимаратты реконструкциялау 2019 жылы аяқталған.

Фото: © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Ал қала билігі, керісінше, ешқандай жұмысты бастаған жоқ: 2016-да да, 2019-да да, одан кейінгі бірнеше жылда да ештеңе істелмеді.

"OBSERVATORIUM" музейінің құрылысы туралы ақпарат 2024 жылғы ақпанда ғана қайта шыға бастады. Әкімдік мәліметінше, ашу жұмыстары сол жылдың аяғына дейін жоспарланғанын. Алайда қыркүйекте Алматы музейлер бірлестігі мерзімді ауыстырды - сол кезде музей құрылысы 2025 жылы ғана басталатыны белгілі болды.

"OBSERVATORIUM" музейі қандай болуы керек?

Кез келген ауқымды реконструкция немесе құрылыс жұмыстары әрқашан мемлекеттік сатып алудан басталады.

2025 жылғы 10 сәуірде "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" обсерватория музейіне арналған экспозициялық-көрме және соған ұқсас контентті әзірлеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру жариялады. Бұл жобаға 202,6 миллион теңгеден аса қаржы бөлу жоспарланған.

Сипаттамаға сүйенсек, музей айтарлықтай технологиялық әрі қызықты болады деп жоспарланған: экспозиция Күн жүйесі мен ғарыш зымырандарынан бастап, скафандрларға, ХҒС-тағы өмір мен ашық ғарыштағы жұмысқа дейінгі жеті тақырыптық залға бөлінген.

Жеке бір зал танымал ғарышкерлер бейнеленген ХҒС-тың цифрлық "бақылау терезесіне" арналса, бірі түркі әлеміндегі астрономия туралы зал болуы тиіс еді.

Бірінші залдың орталық экспонаты ретінде диаметрі кемінде үш метр болатын Күн жүйесінің аспалы моделі қарастырылған. Күн мен тоғыз планетаны галактика аясында бейнеленген орбиталар бойымен төбеге іліп қою жоспарланды. Бұл ретте планеталардың өзін NASA-дан алынған визуалды деректерге сәйкес бояу көзделген. Зымыран залында ұшу сәтін имитациялайтын, әртүрлі жылдамдықпен қозғалатын электромеханикалық жүйелердегі сегіз зымыран орнату жоспарланды. Бөлек аттракцион ретінде жарты шеңберлі капсула пішініндегі интерактивті ғарыш таразылары болуы керек еді. Келуші платформаға тұрғанда, экранда әртүрлі планетадағы салмағы көрсетіледі. Ғарышкерлердің тыныс-тіршілігіне арналған залда ХҒС-тың спорттық, ұйықтау және гигиеналық аймақтары бар үзіндісін қайта жасау жоспарланды. Оның жанында манекенге кигізілген нағыз скафандрдың көшірмесі қойылған витрина болады деп болжанған.

Бұдан бөлек, музейдің әр жеріне ғарышкерлердің шынайы адамға өте ұқсас силикон мүсіндерін қою жоспарланған. Олар табиғи шаш, акрилден жасалған көз протездері және қозғалмалы аяқ-қолмен жабдықталуы тиіс болған.

Әрбір тұлға бірегей болуы тиіс еді: дене бітімі, бойы және бет-әлпеті әртүрлі болып келеді. Мүсіндердегі киімдер - тарихшы мамандармен келісілген нақты тарихи көшірмелер.

Осының бәрін жарық, дыбыс, проекция және мультимедианы басқаратын бірыңғай орталық - "ақылды музей" жүйесіне біріктіру көзделді.

"OBSERVATORIUM" музейін құрушыларға қойылатын талаптар

Жобаның өзі айтарлықтай қызықты болғанынан бөлек, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар да ерекше назар аудартады.

Мәселен, тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге лицензиясы болудан бөлек, үміткерлердің штатында 3D-дизайнер мен IT-маманнан бастап, құрылыс инженері мен аудармашыға дейінгі әртүрлі профильдегі кемінде тоғыз маман болуы тиіс еді.

Әсіресе, ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты немесе PhD) тарихшы, магистр дәрежесі бар музей маманы және филологтың болуы туралы сұраныс ерекше көрінді.

Мемлекеттік сатып алу сайтынан скриншот

Бұл талаптар қайшылықты көрінеді, өйткені әлеуетті өнім берушіден, негізінен, экспонаттар жасау, оларды орнату және жөндеу жүргізу талап етілді.

Дегенмен, дәл осы сатып алу қорытындысында іске аспады. Дәлірек айтқанда, Алматы музейлер бірлестігіне құжаттаманы өзгертіп, тендерді қайта өткізуге тура келді.

Бірақ оны да барлық талап бойынша өткізу мүмкін болмады. Конкурс шарттарына әлеуетті өнім берушілерден екі шағым түсті. Солардың бірінде Музейлер бірлестігінің, іс жүзінде, жұмыстың төрт түрлі типін бір лотқа біріктіргені, бұл заңбұзушылық екені айтылған.

Құжаттарды үшінші рет түзетуге тура келді, бірақ соңында Алматының ішкі мемлекеттік аудит департаменті тапсырыс берушінің әртүрлі жұмыс түрлерін заңсыз бір лотқа біріктіргені үшін мемлекеттік сатып алудың күшін мүлдем жойды.

Алайда Алматы әкімдігі белгіленген мерзімге үлгеретініне сенімді болды. Осылайша, 2025 жылғы қазанда олардың баспасөз қызметі "OBSERVATORIUM" музейі "биыл" ашылатынын растады. Бірақ бұл орындалмады.

Сол жылдың желтоқсанында әкімдік музейдің ашылуы тағы да кейінге шегерілгенін хабарлады - мұны алдыңғы екі жылда "дайындық шаралары", яғни тұжырымдама мен техникалық тапсырмаларды әзірлеу жұмыстары жүргізілгенімен түсіндірді.

"Жобаны іске асыру тарихи-мәдени мұра нысандарына қойылатын талаптарды ескере отырып, жоспарлы тәртіпте жалғасып жатыр. Музейдің ашылуы 2026 жылдың ақпан айына жоспарланған", - делінген еді сол кездегі қала әкімшілігі хабарламасында.

Алайда 2026 жылдың ақпанында жаңа тендерлер енді ғана жарияланды.

10 ақпанда Музейлер бірлестігі 181,3 миллион теңге сомасына "көрсетілім кеңістігін құру" бойынша жұмыстарды сатып алуға кезекті конкурс жариялады. Бірақ аудиторлар бұл конкурстың күшін қатысушылардың ешқайсы бірде-бір өтінім беріп үлгергенше жойып жіберді.

Себебі баяғыдай - өзара байланысы жоқ бірнеше жұмысты бір лотқа біріктіру, бұл заңбұзушылық болатын.

Кейін Музейлер бірлестігі ақыры бұл мемлекеттік сатып алуды екіге бөлді.

Біріншісі - Верный обсерваториясы ғимаратына ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу. Бұған 33,3 миллион теңгеге жуық ақша бөлініп, сатып алу жүзеге асты. "Сокол Строй" ЖШС жеңімпаз атанды. Екіншісі - музейге арналған көрсетілімдік-көрмелік экспонаттар жасау. Бұған 147,3 миллион теңге бөлінді. Алайда бұл тендерді де аудиторлар заңбұзушылықтарға байланысты кезекті рет тоқтатты.

Бұдан кейін сатып алудың қызықты талпыныстары жалғасты. Жаңа тендер наурыздың ортасында ұйымдастырылып, ондағы құжаттар үш рет өзгертілді, ал төртінші рет тағы да күші жойылды.

Биыл сәуірде талпыныстар жалғасын тапты. Кезекті конкурс ұйымдастырылып, өнім берушілердің шағымдарына байланысты құжаттама қайта өзгертілді, бірақ соңында өткізілді - сатып алу 2026 жылдың мамырында аяқталды. 147,3 миллион теңгелік конкурстың жеңімпазы "Әрлем.kz" ЖШС болды.

Жұмыстар аяқталуы тиіс уақытта басталды

Біздің журналистер реконструкция барысын көру үшін 2026 жылғы наурызда осы нысанға барған болатын. Ол кезде нысанда ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ еді - кейін белгілі болғандай, ол уақытта конкурстар әлі жүріп жатқан екен.

Фото: © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Сонымен қатар әкімдік ол кезде ашылудың алдын ала күні 2026 жылдың мамырына жоспарланғанын мәлімдеген болатын.

Бірақ бұл жерде де қызықты жайт бар. Мәселе мынада, реставрациялау келісімшартына тек 1 сәуірде қол қойылған, ал конкурс жеңімпазы бір ай бұрын анықталған.

Тағы бір назар аударарлық жайт: тапсырыс беруші мен өнім берушіге кейіннен келісімшартқа өзгертулер енгізуге тура келді. Жаңа құжатқа жұмыс мерзімінің ұзаруына байланысты тек 6 мамырда қол қойылды. Өнім беруші кешігуді тапсырыс берушінің нысанның бірқатар учаскелеріне кіруді шектеуімен түсіндірді.

Осылайша, мамырда жұмыстар аяқталуы тиіс болса да, енді ғана қызып жатты.

Фото: © Tengrinews.kz / Александр Григорянц

Осыдан бір ай бұрын нысанға барғанымызда, жобаның аяқталуына әлі көп уақыт бар еді. Ғимараттың қабырғалары сырланбаған, құр жалаңаш әрі сыдырылған күйде болды.

Фото: © Tengrinews.kz / Александр Григорянц

Сол кезде ғимараттың артқы жағы да дәл осындай күйде еді.

Фото: © Tengrinews.kz / Александр Григорянц

Ал тарихи ғимараттың айналасында үйілген кірпіштер, қаптар мен басқа да құрылыс қоқыстары шашылып жатты.

Фото: © Tengrinews.kz / Александр Григорянц

Сондай-ақ мамырда ашық тұрған терезеден ішке көз тастаған едік, ондағы көрініс те мәз емес: жалаңаш қабырғалар, салбыраған сымдар, темір арқалықтар мен топсасынан босаған есік.

Фото: © Tengrinews.kz / Александр Григорянц

Мұның бәрі алдағы айларда музейдің ашылуын күтудің қажеті жоқ екенін аңғартқандай болды.

Алматы музейлер бірлестігі Верный обсерваториясы туралы не дейді?

Аталған нысанға қатысты ресми ұстанымды білу үшін Tengrinews.kz Алматы музейлер бірлестігіне сауал жолдады.

Олардың берген жауабынан бұрын-соңды жария мәліметтерде де, әкімдік түсініктемелерінде де айтылмаған бірнеше қызықты жайттар анықталды.

Мәселен, 2025 жылғы 11 сәуірде жарияланған нысанды музей қылу бойынша ашық конкурс мемлекеттік сатып алу порталындағы құжаттамада көрсетілгендей бірден сәтсіз аяқталмағаны белгілі болды. 2025 жылғы 13 мамырда рәсімдер аяқталып, жеңімпаз ретінде "КазНИПИ" ЖШС анықталған.

Алайда 2025 жылғы 10 маусымда ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бұл конкурстың қорытындысын жойып, сатып алуды "атқарылатын жұмыстардың ерекшелігіне сәйкес" жекелеген кезеңдерге бөлу туралы шешім шығарған.

Музейлер бірлестігінің жауабында әрі қарай "сахна артында" не болғанын көрсететін мынадай сөйлем бар:

"Конкурс нәтижелерін жоюға негіз болған мән-жайларды қарау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік жаза қолданылды".

Басқаша айтқанда, байқаудың сәтсіз аяқталуы үшін шенеуніктердің бірі бәрібір жазаланған, бірақ ведомство нақты кімнің және қалай жазаланғанын нақтыламады.

Конкурс жойылғаннан кейін сатып алу реставрация және экспозиция деп екіге емес, төрт кезеңге бөлінген:

ғимаратты техникалық тексеру; ғылыми тұжырымдаманы, тақырыптық-экспозициялық жоспарды, экспозицияның 3D-жобасын және сметаны әзірлеу; инженерлік желілер мен қасбетті қоса алғанда, ғылыми-жобалық құжаттаманы әзірлеу; реставрациялау жұмыстары, инженерлік желілер және музей экспозициясын құру.

Ведомство жобаның нақты қорытынды сомасын атаған жоқ, тек құны "әрбір жасалған шарттың құнынан құралатынын" және мемлекеттік сатып алу порталында қолжетімді екенін айтумен шектелді.

Ал мерзімдердің үнемі шегерілуін Музейлер бірлестігі төрт дәйекті кезеңнен тұратын жұмыс жоспарымен түсіндірді:

"Әрбір келесі кезеңді өткізу алдыңғы кезең аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болды".

Бұл ретте ведомство мынаған сендірді: жауап берілген сәтте (2026 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша) ғимаратты техникалық тексеру аяқталған, ғылыми тұжырымдама, экспозицияның 3D-жобасы және ғылыми-жобалық құжаттама дайын.

Сондай-ақ ұйым өкілдері қазіргі уақытта нысанда ғылыми-реставрациялау жұмыстары мен инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Тек осыдан кейін келесі кезең - экспозиция құру және музейді ашуға дайындау жұмыстары басталады.

Соңында жаңа мерзім аталды:

"OBSERVATORIUM" музейін ашу 2026 жылдың аяғына дейін жоспарланған".

Верный обсерваториясындағы музей айналасындағы жағдай көптеген жыл бойы ғимаратқа ешкімнің көңіл бөлмегенін, соның салдарынан ескерткіштердің тез жарамсыз күйге түсетінін анық көрсетеді. Нысанды қалпына келтіріп, музей жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін де мерзімдерді кейінге қалдыру мен тендерлер тізбегі жалғаса берді.

Алматы музейлер бірлестігі конкурс құжаттамасын дұрыс ресімдеу үшін бір жылдан аса уақыт жұмсады: қате бөлінген лоттар, өнім берушілерге қойылған заңсыз талаптар, шағымдар бірінен соң бірі жалғасты. Бұл мемлекеттік сатып алу кезіндегі процедуралық қателіктер тіпті өте жақсы идеялардың жүзеге асуын айтарлықтай тежей алатынының айқын көрсеткіші.

Авторы: Александр Григорянц

Дайындаған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Алматыдағы Райымбек батыр кесенесін музейге айналдыру жобасы неге тоғыз жылға созылды?

“Төменгі“ Алматы. “Жоғарғы“ алматылықтар қорқатын ауданда жұрт қалай өмір сүріп жатыр?

Күштеп көшірілген ауыл, ескі қорымдар: жұрт біле бермейтін Астана

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 10:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see121

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see119

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see118

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see117

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see115

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары