Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Viva Cello кешінде үш бірдей туындының тұсауы кесілді

Viva Cello кешінде үш бірдей туындының тұсауы кесілді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Опералия» халықаралық фестивалі аясында 8 шілдеде «Астана Операда» «Viva Cello» симфониялық музыка кеші көрермен назарына ұсынылды. Жас қазақстандық виолончельшілер Батырхан Иссақ пен Данагүл Әжікенованың өнері көпшілікті тәнті етті. Олар өздерінің тәлімгері Эльдар Сапараевпен бірге отандық орындаушылық мектептің жоғары деңгейде екенін дәлелдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Батырхан Иссақ пен Данагүл Әжікенова – еуропалық сахналарды бағындырып жүрген қазақстандық виолончельшілердің жаңа буыны.

Небәрі 19 жастағы Батырхан Иссақ жақында ғана Бухаресте өткен CellEast халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Ол 35 жасқа дейінгі қатысушылар арасынан үздік танылып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұған дейін музыкант Италиядағы халықаралық байқауда екінші орын иеленген болатын.

Данагүл Әжікенова да халықаралық сахнада табысты өнер көрсетіп келеді. Ол Францияның оңтүстігіндегі гастрольдік сапарын сәтті аяқтап, әйгілі скрипкашы Дмитрий Ситковецкий жетекшілік ететін New European Strings камералық оркестрімен жеке концерт берді. Сонымен қатар америкалық iPalpiti оркестрімен бірге гастрольге барып, Прага мен Любляна қалаларында өнер көрсетті.

Концерт бағдарламасына Қазақстанда алғаш рет орындалған үш шығарма енді. Батырхан Иссақ Камиль Сен-Санстың ре минордағы №2 виолончель концертін орындады. Сирек шырқалатын бұл күрделі шығарма музыканттың техникалық шеберлігі мен орындаушылық деңгейін айқын көрсетті.

Ал Данагүл Әжікенова көрерменге Артюр Онеггердің виолончельге арналған концертін ұсынды. Француз импрессионизмінің нәзік бояуы мен жапон мәдениетінің әсері тоғысқан бұл шығарма қазақстандық тыңдарман үшін ерекше жаңалық болды.

Кештің шарықтау шегі – Джованни Соллиманың оркестр мен үш виолончельге арналған Caravaggio шығармасының Қазақстандағы тұсаукесері. Туындыны Эльдар Сапараев шәкірттері Батырхан Иссақ және Данагүл Әжікеновамен бірге орындады.

Жас музыканттардың әрбір жетістігінің артында үздіксіз еңбек пен табандылық жатыр. Мұндай күрделі шығармаларды орындау жоғары кәсіби дайындықты, терең музыкалық ойлауды және күнделікті тынымсыз еңбекті талап етеді. Люблянадағы Музыка академиясының профессоры Эльдар Сапараев қазақстандық виолончель мектебінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оның шәкірттерінің халықаралық жетістігі соның айқын дәлелі.

Батырхан Иссақ пен Данагүл Әжікенова дирижер Элмар Бөрібаев басқарған «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл кеш «Опералия» фестивалінің есте қаларлық оқиғаларының біріне айналып, қазақстандық виолончель мектебінің әлемдік классикалық өнер кеңістігінде лайықты орны бар екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 15:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары