Залал 3,7 млрд теңге: Азаматтарға арналған үкіметтің экс қызметкері экстрадицияланды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Жетісу облысында шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
"Күдікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында автокөлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы олардың көлік құралдарын заңсыз тіркеген", - делінген хабарламада.
Қылмыстық әрекет салдарынан 481 көлік заңсыз есепке қойылып, бюджетке міндетті төлемдердің түспеуі түрінде мемлекетке 3,7 млрд теңгеге аса ірі мөлшердегі залал келтірілген.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Биылғы жылдың наурыз айында ол Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
 Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар: Көрілімдер:28
Көрілімдер:28 Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 10:00
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 10:00 




 Кіру
Кіру
 Жаңалықтар
Жаңалықтар Ауа райы
Ауа райы Магниттік дауылдар
Магниттік дауылдар Намаз уақыты
Намаз уақыты Қымбат металдар
Қымбат металдар Валюта конвертері
Валюта конвертері Кредит есептегіш
Кредит есептегіш Криптовалюта бағамы
Криптовалюта бағамы Жұлдыздар
Жұлдыздар Сұрақ - Жауап
Сұрақ - Жауап Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Интернет жылдамдығын тексеріңіз Қазақстан радиосы
Қазақстан радиосы Қазақстан телевизиясы
Қазақстан телевизиясы Біз туралы
Біз туралы 
 
 

 
 
 







 
 Ең көп оқылғандар
Ең көп оқылғандар



















