Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Заң мен тәртіп экономикалық жаңғырудың іргетасы бола алады Президент Тоқаевтың сұхбаты туралы сарапшы пікірі

Заң мен тәртіп экономикалық жаңғырудың іргетасы бола алады Президент Тоқаевтың сұхбаты туралы сарапшы пікірі

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Президент жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар конституциялық реформа бойынша референдум әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Алдағы жылдары Қазақстанның саяси жүйесін айқындайтын қандай өзгерістер болуы мүмкін?

— Мұндай ауқымды саяси реформалар туралы айтқанда, Президент Парламентті трансформациялау, яғни екі палаталы жүйеден бір палаталы жүйеге көшу мәселесін меңзеп отыр. Депутаттар қызметіне қойылатын талаптар мен Парламенттің өкілеттіктері қайта қаралады, өйткені ол Конституциялық кеңес мүшелері мен Жоғарғы сотты айқындауға және бірқатар республикалық лауазымды тағайындауға қатысады. Сарапшылардың бағалауынша, Конституциядағы 98 баптың шамамен 40-ы өзгеруі мүмкін, бұл реформаны шын мәнінде жаңа Ата заң қабылдаумен бірдей дәрежеге қояды.

— Бір палаталы парламентке көшу билік тармақтарының теңгеріміне қалай әсер етуі мүмкін?

— Әрине, бұл Парламенттің рөлінің күшеюіне алып келеді, өйткені екі палаталы жүйе 1994 жылғы конституциялық дағдарыстан кейін Парламенттің президенттік билікпен бәсекелесуін барынша азайтып, ішкі тепе-теңдікті сақтау тетігі ретінде 1995 жылы енгізілген болатын.

Бір палаталы модель палаталар арасындағы ішкі бәсекені жояды және Парламентті институт ретінде күшейтеді. «Күшті Президент — ықпалды Парламент» формуласының қисынымен бұл заң шығарушы биліктің саяси салмағының артуын білдіруі мүмкін.

— Сұхбатта «Заң мен тәртіп» қағидаты ішкі саясаттың негізі ретінде айтылды. Бұл қоғамды жаңғыртудың іргетасына айнала ала ма?

— Кез келген қоғам баршаға бірдей қолданылатын ережелер мен рәсімдер болғанда ғана тиімді жұмыс істейді. Заңның бәріне бірдей қолданылуы белгілі бір тәртіпті қалыптастырады.

Сонымен бірге, бұл экономикамен де тікелей байланысты. Өйткені инвестициясыз жаңғырту жүргізу мүмкін емес, ал инвестициялар ашықтыққа, меншік құқығының қорғалуына және сот жүйесінің тиімділігіне тікелей тәуелді. Рейдерлік, құқықтық белгісіздік пен қауіпсіздік сезілмеген ортаға ішкі де, сыртқы да инвестор қаржы салмайды. Осы тұрғыдан алғанда, «Заң мен тәртіп» — инвестициялық тартымдылықтың негізгі алғышарты болып отыр.

— 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесін қалай өзгерте алады?

— Мұнда түбегейлі бетбұрыс туралы сөз болып отырған жоқ, керісінше мемлекеттік басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттыру күтіледі. Қазақстан әзірге «горизонталды сенім» деңгейі салыстырмалы түрде төмен елдердің қатарына жатады, яғни адамдар бір-бірінің адалдығына жиі күмәнмен қарайды. Дәл осы себепті мұнда төлемдерден бастап такси қызметіне дейінгі бейтарап, цифрлық сервистер сәтті жұмыс істеп келеді.

Мемлекеттік басқаруда цифрландыру мен жасанды интеллект те осыған ұқсас функция атқарады: шенеуніктердің жауапкершілігін нақты бекітуге, қабылданған шешімдерді бақылауға және өзара сенімсіздік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынаста да, мемлекеттік аппараттың өз ішінде де маңызды. Мұның тек басқарушылық қана емес, әлеуметтік-психологиялық әсері де бар.

— Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыған елдермен арадағы алшақтықты қысқартудың құралы ретінде қарастыруға бола ма?

— Иә. Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер озық тәжірибелерді тезірек меңгеруге және кең ауқымда енгізуге мүмкіндік береді. Бұл институционалдық кемшіндікті азайтып, кем дегенде басқару мен сервистер саласында бастапқы мүмкіндіктерді теңестіреді.

— Қазақстанның сыртқы саяси белсенділігі мен ішкі реформалары қалай байланысады?

— Бүгінгі сыртқы саясат, ең алдымен, инвестиция тартуға және Қазақстанды тұрақты, ашық әрі прагматикалық мемлекет ретінде танытуға бағытталған. Бұл Біріккен Араб Әмірліктерінің моделіне ұқсас: көпвекторлы сыртқы саясат, ішкі тәртіптің қатаңдығы және ұлттық мүдделерді нақты қорғау. Дәл осы факторлар Дубайдың экономикалық табысы мен жаһандық тартымдылығының негізіне айналды. Қазақстан да осыған ұқсас бағытта ілгерілеп келеді, ал ішкі реформалар бұл бағытқа қисынды түрде үйлеседі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне ауқымды сұхбат берді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 01:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see127

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see120

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see112

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары