Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Жаңғырудың ғылыми өзегі: Президент сұхбаты және Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі

Жаңғырудың ғылыми өзегі: Президент сұхбаты және Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты елдің қазіргі даму кезеңін сипаттайтын бағдарламалық саяси-қоғамдық құжат деуге толық негіз бар. Бұл сұхбатта Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа сапалық сатысына өту логикасын, институционалдық реформалардың өзара байланысын және ұзақ­мер­зімді стратегиялық басымдықтарды айқын, прагматикалық тұрғыда көрсетеді. Ең бастысы, жаңғыру ұран ретінде емес, басқару жүйесін, қоғамдық сананы және шешім қабылдау мәдениетін түбегейлі өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді үдеріс ретінде қарастырылады.

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Президент атап өткен негізгі идеялардың бірі – экономиканы әртараптандыру, технологиялық тәуелсіздік және адам капиталын дамыту мәселелері ҰҒА қызметінің нақты бағыттарымен тікелей сабақтас. Мемлекет басшысы шикізаттық модельдің шектеулі екенін ашық айтып, ғылымды, инновацияны және қолданбалы зерттеулерді экономикалық өсімнің негізгі драйвері ретінде көрсетеді. Бұл – ғылым экономиканың шетінде емес, оның дәл ортасында тұруға тиіс деген сигнал. Осы логика аясында Ұлттық ғылым академиясы ғылыми-технологиялық басымдықтарды қайта қарап, фрагменттелген жобалардан нәтижеге бағдарланған флагмандық ғылыми бағдарламаларға көшу бағытын таңдады.

Академияның кейінгі жылдардағы институционалдық трансформациясы Президент сұхбатында айтылған идеялардың практикалық жалғасы іспетті. Ғылыми сараптама институтын күшейту, форсайттық зерттеулерді жүйелеу, ғылыми саясат пен мемлекеттік басқару арасындағы байланысты нығайту – мұның бәрі «жаңа жаңғыру логикасының» нақты көрінісі. Басты мақсат – есеп үшін жүргізілетін зерттеу­лерден арылып, ұлттық мүддеге қызмет ететін, өлшенетін нәтижесі бар ғылыми жүйе қалыптастыру.

Президент сұхбатында аймақтық даму мен теңгерімді саясат мәселесіне де ерекше мән береді. Бұл бағытта Ұлттық ғылым академиясының нақты қадамдары бар. Академия бас­тамасымен республика көлемінде 70-тен астам өңірлік форсайт-сессия өткізілді, олардың нәтижесінде 220 перспективалы міндет анықталып, салалық министрліктермен келісілген 65 ғылыми-техникалық тапсырма әзірленді. Бұл – өңірлердің дамуын жалпы декларация деңгейінде емес, нақты ғылыми негізде жоспарлауға көшу деген сөз. Ғылым тек Астанада немесе Алматыда шоғырланбауы керек, ол өңірлердің нақты мәселесіне шешім ұсынуға тиіс деген ұстаным осы жерде іске асуда.

Сұхбаттағы Президент атап өткен басты мәселенің бірі – еліміздің цифрлық державаға айналу қажеттігі. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Осыған орай академия «Korea Institute of Science and Technology Information» (KISTI) институтымен бірлесіп «AI SilkNet» ғылыми-технологиялық форсайт және болжамды талдау орталығын құрып, өзара меморандум жасалды. Бұл орталық ғылыми жарияланымдар, патенттер, технологиялық трендтер туралы үлкен деректерді біріктіріп, олардың арасындағы жасырын байланыстарды анықтайды. «AI SilkNet» жүйесі жаһандық үрдістерді талдап, ғылым мен технологиядағы келешек басым бағыттарды алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ұлттық ғылым академиясы Қытай ғылым академиясымен бірлесе отырып «Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму зертханасын» құрды. Зертхана аясында қазақстандық «DeepBas» үлкен жасанды интеллект моделі жасалып, табиғи ресурстарды, қалаларды және инфрақұрылымды басқаруға арналған кеңістіктік-уақыттық аналитика дамытылады. Жоба экзафлопс клас­ты суперкомпьютерлерді, интеллектуалды дрондар мен роботталған жүйелерді қолдануды көздейді. Мұндай құралдар геосаяси турбуленттілік пен технологиялық жарыс күшейген кезеңде стратегиялық шешім қабылдаудың сапасын арттырады.

Президент атап өткендей, көлік-логистика әлеуетін арттыру – Қазақстан үшін стратегиялық маңызды міндет. Географиялық артықшылықты тиімді пайдалана отырып, елімізді Еуразияның негізгі көлік-логистика хабы ретінде қалыптастыру – осы саланың басты мақсаты. Осы бағытта Ұлттық ғылым академиясы жанынан Көлік ғылымдары мен технологиялары институты құрылуда. Институттың негізгі мақсаты– көлік жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық және интеллектуалды технология­ларды, экологиялық әрі энергия үнемдейтін шешімдерді дамыту. Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріндегі транзиттік әлеуетін күшейтіп, сала үшін білікті отандық кадрлар мен жас ғалымдарды даярлау көзделеді.

Президент сұхбатында жастарға зор сенім білдіре отырып, жастарымыз – күш-қуаты мол, азаматтық сана-сезімі жоғары, болашаққа зор үмітпен ұмтылатын отаншыл буын ретінде баға береді. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында академия бастамасымен 2024 жылы Жас ғалымдар кеңесі құрылып, ол қазіргі уақытта белсенді қызмет атқарып, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға жас ғалымдардың мәртебесіне қатысты нақты ұсыныстар әзірледі. Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында алғашқы Жас зерттеушілер форумы өткізіліп, академия аясында «Жас зерттеушілер академиясы» құрылды. Бұл – Президент айтқан адам капиталын дамыту қағидасының нақты іске асуы.

Тұтастай алғанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам бас­ты» атты сұхбаты – алдағы жылдарға арналған саяси бағдар ғана емес, ғылымға сүйенген басқару моделіне көшудің нақты көрінісі. Бұл сұхбатта айтылған идеялар Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының нақты қызметімен тығыз байланысып, ғылымды ел дамуының өзегіне айналдыру міндетін айқын көрсетеді. Қысқасы, еліміздің болашағы интуицияға емес, дәлелге, болжамға және ғылымға сүйенген мемлекет құрумен өлшенеді.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик 

Соңғы жаңалықтар

Жолда қалып қойған жолаушы құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 09:02

Жаңғырудың ғылыми өзегі: Президент сұхбаты және Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі

Пікір • Бүгін, 09:00

Елдік мақсаттың айқын межелері

Пікір • Бүгін, 08:55

ЖИ саласында көшбасшы болуға мүмкіндігіміз бар

Пікір • Бүгін, 08:53

Стратегиялық дамудың бедерлі белесі

Пікір • Бүгін, 08:50

Қоғам қуатын тұтастандырады

Пікір • Бүгін, 08:48

Мұнай өңдеу зауытындағы жаңашылдық

Экономика • Бүгін, 08:45

Біз таңдаған жол

Пікір • Бүгін, 08:43

Қаржы нарығы: доллар бағамы қандай болмақ?

Экономика • Бүгін, 08:40

Маңызды мәселелер пысықталды

Саясат • Бүгін, 08:38

Талдау мектебіне қатысушылар анықталды

Саясат • Бүгін, 08:35

Кәсіпкерлерге «Халық бухгалтері» көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:33

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Мәдениет қайраткерлеріне – мемлекеттік стипендия

Қоғам • Бүгін, 08:28

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:270
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see127

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see120

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see112

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары