Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Түркі академиясының ғылыми жетістіктері таныстырылды

Түркі академиясының ғылыми жетістіктері таныстырылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Түркі елдері ортақ әліпбиге көшеді. Бұл туралы Түркі академиясының 15 жылдығына орай Анкарада өткен жиында белгілі болды. Ғалымдар мен сарапшылар бас қосқан мазмұнды шарада академияның бүгінге дейін атқарған ауқымды жұмыстары пысықталып, ғылыми жетістіктері сараланды.

Академия кейінгі 15 жылда жүздеген ғылыми еңбек жариялап, ортақ тарихымызға қатысты табысты бастамаларды жүзеге асырды. Түркі елдерін бір арнаға тоғыстырған жобалар Түркияда жүзеге асырылғанымен, ғылыми орталығы Астанада орналасқан. Жиынға қатысқан ғалымдардың айтуынша, бұл Қазақстанның түркі әлеміндегі маңызды рөлін айқындайды.

Әбдіуақап Қара, тарихшы, профессор:

- Тәуелсіз болған түркі елдері бар. Қазір 8 ел мүше. Олардың бас қосуы, келешекке жоспар жасауы саяси тұрғыдан өте маңызды. Десек те енді бұның осындай ынтымақтастық, берекенің ғылыми негіздері, интеллектуалдық, зияткерлік негіздері де болу керек. Әйтпесе ол ұзаққа бармайды. Сондықтан Түркі академиясы өте маңызды. Саяси орталық Ыстанбұлда болса, енді мұның ғылыми орталығы Астанада болып отыр. Демек бұл да Қазақстанның ғылымда, мәдениетте, түркі дүниесінде үлкен орнын көрсетсе керек.

Ортақ түркі әліпбиінің қабылдануы – Түркі академиясының ең табысты жетістігі. Аталған алфавитпен биыл Абайдың «Қара сөздері» мен Ш. Айтматовтың «Ақ кемесі» кітап болып басылып шықты. «Бұл түркі елдеріне ортақ коммуникациялық алаң қалыптастырудың бастамасы», – дейді сарапшылар.

Ахмет Бижан Ержиласун, түркітанушы, профессор:

- Әзербайжан бірнеше жыл бұрын ортақ әліпбиді қолданысқа енгізді. Олардың әліпбиі Түркиямен көбірек ұқсас. Өзбекстан мен Түрікменстан латын әліпбиіне көшті. Бірақ әртүрлі нұсқада. Келешекте Қазақстан ортақ әліпбиді қолданысқа енгізсе, Қырғызстан да бұл бастаманы құптайды. Өйткені Түркі академиясы әзірлеген бұл әліпби әлдеқайда үйлесімді әрі ыңғайлы.

Түркі академиясы ғылым мен білім саласындағы бастамасынан бөлек, археологиялық қазба жұмыстары бойынша да табысқа жетті. Академия ғалымдары әрісі Моңғолия мен берісі Маңғыстауда тың зерттеулер жүргізіп, түркі өркениетінің түп-тамырын тереңірек танытуға жол ашты.

Шаһин Мұстафаев, Түркі академиясының президенті:

- Моңғолиядағы Номгон аңғарында жүргізілген жұмыстар кезінде табылған тарихи артефактілер, әсіресе Көк түрік дәуіріне жататын тастар мен жазбалар түркітану ғылымы үшін өте құнды олжа болды.

Халықаралық жиынға қатысқан сарапшылар ортақ жобаларды дамыту бойынша өз ұсыныстарын талқыға салды. Алдағы уақытта түркі әлемінің интеграциясын тереңдетіп, ғылыми-тарихи тұжырымдарды іске асыруға келісті.

Авторлары: Әсия Нұрлыбаева, Ж. Сүйіндіков

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 19:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары