Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

Қос асылдың ізі

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

Майымбет туралы миф

Жеті вагонды сүйреген жігіт

Өндіріске өріс ашатын бастама

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

Ұлттық ғылым академиясы ғылыми техникалық форсайт орталығын құруға міндеттелді

Ұлттық ғылым академиясы ғылыми техникалық форсайт орталығын құруға міндеттелді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жиынға қатысушылар ғылымның экономикаға қосатын үлесін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Бүгінгі таңда мемлекет қажетті жағдайлар жасау және бизнес тарапынан инвестиция салуды ынталандыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. 

Ғылыми әзірлемелерді қаржыландыруға жұмсалатын шығыстардың 300%-на дейін салықтық жеңілдіктер енгізілген. Бюджет кодексінде жер қойнауын пайдаланушылардың өндіруге жұмсайтын шығыстарының 1%-ын орталықтандырылған түрде бюджеттік бағдарлама арқылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) аудару міндеті бекітілген. Үш жыл ішінде республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру көлемі 3,5 есеге ұлғайып, 2026 жылы 214 млрд теңгені құрады. Президент 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті ЖІӨ-нің 1%-на дейін жеткізу міндетін қойды.

— Жалпы алғанда, отандық ғылымның тиімділігін, оның инвестициялық тартымдылығын, барлық процестердің айқындылығы мен ашықтығын арттыру бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде. Академия еліміздің стратегиялық дамуына қолдау көрсететін негізгі зияткерлік орталыққа айналуы қажет. Дәл осы жерде экономиканы дамытудың ғылыми негізделген болжамдары жасалып, әлемдік инновациялық орталықтармен берік ғылыми байланыстар нығайтылуға тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев экономикаға ғылыми әзірлемелерді енгізуді жеделдетуге бағытталған шараларды ұсынды.

Академия форсайтты жоспарлаудың тұрақты құралына айналдырғаны атап өтілді: мемлекеттік органдардың, ғылым мен бизнестің қатысуымен 70 өңірлік және салалық сессиялар өткізілді, 220 перспективалық міндеттер қалыптастырылды және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін 65 ғылыми-техникалық тапсырмалар дайындалды.

Бұдан басқа, жаңа төрт деңгейлі теңдестірілген басымдықтар жүйесіне көшу және оны Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алаңында бекітіп алу ұсынылды. Бұл шешім стратегиялық міндеттерді шешуге және іргелі ғылымды қолдауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңестердің маңыздылығы атап өтілді, олар жергілікті жерлерде ғылыми-инновациялық дамуды басқарудың пәрменді тетігі болуға тиіс.

Салалық мемлекеттік органдардың өкілдері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың іс жүзіндегі нәтижелері туралы баяндама жасады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тау-кен металлургия кешені бойынша соңғы бес жылда сала кәсіпорындары шамамен 150 млрд теңге инвестициялап, 1,5 мыңнан астам жобаны жүзеге асырғанын атап өтті.

Әзірлемелерді енгізу тікелей экономикалық тиімділікті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруды қамтамасыз етеді.

Агроөнеркәсіп кешені саласында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және отандық әзірлемелерді енгізу нәтижелері ұсынылды.

Мәселен, мемлекеттік тізілімде Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес ұйымдары әзірлеген отандық селекцияның 743 сорты мен гибриді тіркелген. Егіс алқаптарының шамамен 60%-ына қазақстандық тұқымдар егіледі. Соңғы екі жылда өңдеу саласында нарыққа өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі шығарылды.

Сондай-ақ өңірлердің ғылыми-инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жоғары оқу орындарында зертханалық базаны дамыту, инновациялық технопаркте жобаларды жүзеге асыру және шетелдік ғалымдарды тарту туралы мәліметтерді ұсынды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сирек кездесетін және аса маңызды материалдарды зерттеуді дамыту, технологиялар трансфертін кеңейту және Horizon Europe аясындағы жобаны қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды таныстырды.

Сонымен қатар физика-математика ғылымдарының докторы, атом энергетикасы қауіпсіздігі, басқарылатын термоядролық синтез, радиоэкология және радиациялық технологиялар саласы бойынша профессор Эрлан Батырбеков, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев пікір білдірді.

2025 жылғы желтоқсанда Үкімет бекіткен Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құрудың және дамыту тұжырымдамасы ғылыми әлеуетті шоғырландыруға, озық технологияларды жедел енгізуге және ғылыми кадрларды даярлауға жағдай жасайтыны атап өтілді.

Кремний саласын дамыту мәселелеріне, соның ішінде кремнийді зерттеу саласындағы іргелі зерттеулерге және еліміздің технологиялық дамуы үшін маңыздылығын көрсете отырып, бейінді зауыттар салуға назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2026 жылғы 1 наурызға дейін Ғылым академиясының ғылыми технологиялық дамудың басымдықтарын айқындаудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын қарасын.

Салалық мемлекеттік органдар 2026 жылғы 1 наурызға дейін салалардың технологиялық және өндірістік міндеттерін шешу мен қолданбалы ғылыми әзірлемелерді енгізу жөніндегі жол карталарын бекітсін.

Өңір әкімдері өңірлік ғылыми-технологиялық кеңестерге жеке басшылық жасап, қалыптастырсын.

 Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өңірлік мамандану және форсайттық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, ғылыми-техникалық тапсырмаларды бекітсін.

Ұлттық ғылым академиясы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін Ғылыми-технологиялық форсайт орталығын құруды және тиісті зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етсін.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, 2026 жылғы 1 мамырға дейін су ресурстарын басқару үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі жобаны іске қосуды қамтамасыз етсін.

 Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанның су-энергетикалық ресурстарының картасын дайындасын.

Айта кетелік Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырған еді

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 14:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

17 Маусым 2026 02:35see116

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

16 Маусым 2026 20:58see115

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

17 Маусым 2026 15:07see115

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

16 Маусым 2026 23:01see113

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

18 Маусым 2026 03:06see113

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

17 Маусым 2026 12:53see113

Қос асылдың ізі

17 Маусым 2026 08:52see113

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

17 Маусым 2026 08:15see111

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

17 Маусым 2026 08:15see111

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

17 Маусым 2026 14:44see111

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

17 Маусым 2026 14:31see110

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

17 Маусым 2026 15:13see108

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

17 Маусым 2026 00:04see106

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

17 Маусым 2026 17:04see105

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

17 Маусым 2026 13:21see105

Майымбет туралы миф

17 Маусым 2026 08:52see105

Жеті вагонды сүйреген жігіт

17 Маусым 2026 09:05see104

Өндіріске өріс ашатын бастама

17 Маусым 2026 08:14see104

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті

18 Маусым 2026 00:41see104

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

17 Маусым 2026 11:53see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары