Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Пайымы биік преамбула

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Көкке көз тіккен күн

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Жаһандық аптап жалыны

Жаһандық аптап жалыны

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Қара құрлық» Африка түгілі, Еуропа және Азияда ми қайнатар ыстықтан мыңдаған адам қаза тапты. Көптеген ел жұмыс күнін қысқартуға мәжбүр. Тіпті темірден соғылған Эйфель мұнарасы балқып, туристерге жабылды. Қазақ­стан­ға да қиын тиіп тұр. «Қаз­гидро­мет» төбе шашты тік тұрғызып, түнде де аптап­тың басылмайтынын жариялады: күн батса да, адам мен жан-жануар дамыл та­ба алмайды. Жер шарында бұл нәубет неге туындады?

Жер шары «жанып» жатыр: жалыны бүкіл әлем­ді шарпыған ыстық Қазақ­стан­ға жетті. Синоптиктер биыл­ғы жазғы маусымда түнде де жанға маза болмайтынын ескертті. Күні кеше «Қазгидромет» респуб­ли­ка­лық мемлекеттік кәсіпорны ұзақ жылғы бақылауының нәтижесін жариялап, жаға ұстатар дерегін жария етті. Бұл ретте мамандар 29 маусымда әр жылдары – 50 жыл, 30 жыл бұрын және биыл ауа райы қа­лай болғанын салыстырып көр­ді. 

«Алдымен Астанаға тоқта­лайық. Биыл ең жоғары ауа темпе­ра­турасы – 25,1 градус, түнде 21,2 градус болды. Салыстырар болсақ, 1975 жылы күндіз сәл жылырақ болып, ең жоғары температура 27°C-қа жеткен. Алайда тарихта түн айтарлықтай суық болушы еді: ең төменгі температура 14,4°C бол­ған. 1995 жылы да түнде 13,4 гра­дусқа дейін түсетін. Биыл, түн­де бұдан елеулі жоғары», – дейді «Қазгидромет» мамандары. 

Енді Алматыға назар ау­да­райық. 2026 жылы елдің ең ірі ме­­­­­гаполисі шынымен тарихта бол­маған аптап ыстықтан азап шегіп тұр: күндіз орташа ауа темпера­турасы 37,4 градусқа дейін ас­пандаған. Және бұл «көлең­ке­де­гі» ыстық қана. Шақырайған күн астындағы градус бұдан әл­де­қай­да көп, бірақ синоптиктер дәс­түр бойынша күнгейді өлшей бер­мейді. Салыстырғанда, 50 жә­не 30 жыл бұрын сол кездегі Қа­зақ­станның астанасында ең жо­ғары температура тиісінше 28,9 жә­не 29,4 градус қана болған. Осы рес­ми мәліметтің өзі республикада өткен ғасырдан бері темпера­ту­ралық режимнің қатты өзгер­ге­нін паш етеді. 

«Қазгидромет» дабыл қағуын жал­ғастырды. Оның мәліметі бойын­ша шілде айында Алматы, Қа­рағанды, ШҚО, Павлодар, Ақ­мола, Қостанай, СҚО, Атырау, Жам­был, Түркістан, Қызылорда об­лысында, яғни республика өңір­­­лерінің басым көпшілігінде «жо­ғары өрт қаупі күтіледі». Бұл рет­те Жетісу, Абай облыстарында, Қы­зылорда облысының орталы­ғын­да, Ақмола облысының шы­ғы­­сы мен орталығында, Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүс­тік-шығысында, Қарағанды об­лы­сының батысында, ШҚО-ның сол­түстік-батысында, орта­лы­ғын­да, Жамбыл облысының сол­түс­тік-шығысында, Алматы об­лы­сы­ның батысы, солтүстігі мен шы­ғы­­­­сында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде «төтенше өрт қаупі» туындайды деп болжанып отыр. «Қазгидрометтің» ресми сайтын­дағы Қазақстан картасы қып-қы­зыл түспен боялып, үрей бұлтын қалыңдата түсті. 

Синоптиктердің консульта­тив­ті жорамалына сәйкес, 2026 жыл­ғы шілденің бірінші онкүн­ді­гін­де күндізгі ауа температурасы күрт жоғарылап, «қатты» және «өте қатты» ыстық болады: еліміз­дің батысында +30…+38°С-қа дейін (Маңғыстау облысында +43°С-қа дейін); солтүстік-батыс­та +40°С-қа дейін; республиканың сол­­түстігінде +38°С-қа дейін; ор­та­лықта +40°С-қа дейін; оңтүс­тік­те +44°С-қа дейін; еліміздің оң­түс­тік-шығысында +42°С-қа дейін күн ысиды. 

«Айдың екінші және үшінші он­күндіктерінде тұрақты ыстық ке­зеңдер нөсерлі жаңбыр, най­за­ғай, екпінді жел және шаңды дауыл болатын күндермен алмасады. Соған қарамастан, Қазақ­стан­ның басым бөлігінде ең ыстық күндері күндізгі ауа температурасы +39°С-қа дейін, ал республи­ка­­ның батысы мен оңтүстік жар­ты­­сында +45°С-қа дейін көте­рі­ле­ді», – деп ескертті «Қазгиро­мет».

Ғалымдар: «жаһандық жылынумен қатар 2026 жылы соңғы 140 жылдағы ең қуатты Эль-Ниньо құбылысы басталды» деп дабыл қағып отыр. Бұл табиғи құбылыс Ты­нық мұхитының экваторлық бөлігіндегі жерүсті суының тем­пе­ратурасының қалыптан тыс кө­терілуімен сипатталады. Соның сал­дарынан атмосфераға орасан зор жылу бөлініп, жаһандық температура рекордтары жаңарды. Мамандардың айтуынша, биылғы қуатты Эль-Ниньо ұзаққа созылатын қуаңшылыққа, алапат су тасқындарына және бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа әкелгелі тұр. Бұл туралы Американың Олбани мемлекеттік университеттің атмосфералық және экологиялық ғылымдар профессоры Пол Раунди мәлімдеді.

Сынап бағанасы сыр берді

Бір кездері сирек кездесетін, таңсық саналған қалыптан тыс ыстық бүгінде тұрақты өмір шындығына, құрлықтарды шарпып, адамзат өмірін аяусыз жалмап жатқан қатерлі күшке айнал­ғандай. Мысалы, Үндістанда аптап ыстық ондаған мың адамның өмірін қиып жатса да, ресми билік бұл шығынды есепке алмай, жасыруды жөн көреді, деп жазды Frontiers in Environmental Health журналы. Оның сарапшылары күн­нің ысуынан болған өлім-жі­тімнің ресми статистикасы тым төмендетілгенін және траге­дия­ның нақты, жан түршігерлік ау­қы­мын мүлдем көрсетпейтінін жет­кізді. 

«Үндістанды аптап титық­та­тып жатыр: ауа температурасы 50°C-тан жоғары көтерілді. Зерт­теушілердің бағалауынша, бүкіл Үндістан ауқымында бес күндік ыстық тол­қы­ны 30 000-ға жуық қо­сымша өлім-жітімге соқтырды», – деп жаз­ды басылым. 

Ғалымдар адамзаттың қазба отын түрлерін бейберекет жағуынан туындаған климаттың өз­геруі жаһандық температураны ше­гіне жеткізгенін ескертті. Енді мұн­дай аптап толқындары жиілеп, ұзағырақ әрі әлдеқайда қарқынды сипат алмақ. Дүниежүзілік метео­ро­логиялық ұйымның (ДМҰ) де­ре­гінше, кейінгі 11 жыл – 2015 жыл­дан 2026 жылға дейінгі кезең әлем тарихындағы ең ыстық жылдар ретінде тіркелді. Бұл тұжы­рым­дар тек Азияға емес, Еуропаға да тікелей қатысты. Лондон им­пе­риялық колледжі мен Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебі ғалымдарының зерт­теуі сұмдық деректің бетін ашты: өткен жылдың рекордтық ыстық жа­зында еуропалық ыстық тол­қы­ны салдарынан 62 000-нан астам адам қаза тапқан. 

Өкінішке қарай, бұл аномалия 2026 жылы үдемесе, бәсеңдеген жоқ. Испанияда жаз басталмай тұ­рып-ақ, тек 2026 жылдың мамырында ыстықтан 101 адам қайтыс болды. Бұл – соңғы онжылдықтағы осы айдың орташа көрсеткішінен 3,6 есе жоғары! Елдің Денсаулық сақ­тау министрі ыстықтың адам ағ­засы оған бейімделіп үлгер­ген­нен әлдеқайда ерте келетінін мұ­ңая мойындады. Францияның ахуа­лы ауыр: 24 маусымнан бас­тап 1 мыңнан астам өлім жағдайы тір­келді. Қайтыс болғандардың ба­сым көпшілігі – 65 жастан ас­қан қарттар. Кейбір қалада жедел жәрдем шақыру саны екі есеге дейін өскенін Ұлттық қоғамдық ден­саулық сақтау агенттігі хабар­ла­ды.

ДДСҰ Еуропалық аймақтық бю­росының директоры, доктор Ханс Анри Клюгенің айтуынша, Еу­ропа мен Азия жаһандық орташа көрсеткіштен екі еседен астам жыл­дам жылынып жатыр. Қа­лып­тан тыс ыстық енді ерекше құбы­лыс емес, бұл – жиілеп, күшейіп жә­не ұзарып бара жатқан қайта­ланбалы дағдарыс. ДДСҰ бұл экстремалды ыстықты «денсаулық сақ­тау дағдарысы» деп тануға ша­қырады. Алайда бұл дағдарыстың алдын алуға болады. Ыстық жағ­дайындағы іс-қимыл жоспарлары, ерте хабарлау жүйелері, сал­қын кеңістіктер мен осал топтарға пәр­менді көмек көрсету – бюрок­ра­тиялық ермек емес, адам өмірін сақ­тап қалудың жалғыз жолы бол­мақ.

Елді сақтайтын БҰҰ-ның бес кеңесі

Аптап апаты Қазақстанды да ай­налып өтпеді. Жаз басында-ақ елде жаңа температуралық рекорд орнады: 2026 жылдың 23 маусымы соңғы 85 жылдағы ең ыстық күн ре­тінде тарихқа енді. «Қазгид­ро­мет» синоптиктерінің хабарла-уынша, ауаның максималды тем­­пе­ратурасы 36,8 градусқа же­тіп, алдыңғы рекордтан 0,4 гра­дус­қа асып түсті. Бұған дейін ең жо­ғары көрсеткіш (36,4 градус) со­нау 1941 жылы тіркелген.

ДДСҰ сарапшылары Қазақ­стан­ға халықты ыстықтан қор­ғау­дың шұғыл шараларын қолға алу­ды және Еуропаның тиімді тә­жірибесіне сүйенуді ұсынды. Мысалы, Италияда қарттар мен созылмалы ауруы бар жандарға кө­шеге шықпау ескертіліп, ерік­тілер оларға су мен азық-түлікті үйі­не жеткізуді ұйымдастырды. Ни­дерланды билігі болса, кітап­хана, театр, шіркеу, супермаркеттер мен қоғамдық орталықтарда де­малыс орны, ауызсуы және дә­рет­­ханасы бар арнайы «салқын аймақтар» желісін құрды. Сонымен қатар Еуропа мен Азияның ірі қалаларында көшелерге арнайы себезгі душтар орнатылып жатыр: кез келген жүргінші оны қосып, ас­тында біраз салқындап ала алады. Түркияда, Еуропа елдерінде, кө­шеде адамдар су ішетін шүмек-кран­дар орнатылған.

Халықаралық еңбек ұйы­мы­ның (ХЕҰ) баяндамасында айтылғандай, бүгінде әлем­дегі барлық жұмысшының 70%-ы немесе 2,5 миллиардтай адам жан төзбес ыстықтан зардап шегіп жүр. Ғалымдар термометр бағана­сы 34°C-тан асқанда еңбек өнім­ді­лігі екі есе құлайтынын дәлел­де­ді. Ал Қазақстанда бұл көрсет­кіш 43 градусқа дейін барады! Еуропаның біраз елі аптап кезінде далада жұмыс істеуге тыйым салды. Бұл тәжірибені Қазақстанға да қолдану – уақыт талабы.

БҰҰ өзінің «Аптап ыстықты жеңу: Еуропадағы және Орталық Азиядағы аптап ыстық толқын­дары кезіндегі халықтың денсау­лы­ғы» атты арнайы есебінде Қа­зақ­стан Үкіметіне 5 негізгі реко­мен­дация берді: біріншіден, аномальды ыстықтың теріс әсерін азай­туға бағытталған ортақ ұлттық ст­ратегия әзірлеу қажет. Бұл құ­жат министрліктер мен әкім­дік­тер­дің, түрлі құрылымдардың ап­­­­­­тап салдарларымен күрестегі нақ­­ты іс-қимылын үйлестіру, олар не істеу керектігін білуі үшін қа­жет.

Екіншіден, әсіресе балалар мен қариялардың ыстықтан ушы­ғатын дерттерін емдеуге барынша қолдау көрсету қажет. Бұл үшін аптап кезінде денсаулық қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспарларына және алғашқы медициналық кө­мекке бюджеттен молырақ ин­вестиция құю талап етіледі. Үшін­шіден, өрт, табиғи апаттар мен аптап ыстық туралы халықты алдын ала құлағдар ететін ерте ес­керту жүйелерін, құрылғыларды заманауи деңгейде жетілдіруге қаржы салу маңызды.

Төртіншіден, бұқара көп баратын орындарды, балалар жиналатын аула, балабақша және бас­қа­сын күнқағарлармен, желдеткіш­тер­мен қамтып, орын-жайларды қайта жабдықтау керек. Педагогтар мен ата-аналарды аптап тудыратын стреспен күресуге үйреткен орынды. Бесіншіден, БҰҰ жоғары температуралық соққы салдарларын азайту үшін қалалық дизайн мен инфрақұрылымды, әсіресе халықтың ең осал топтары тұра­тын үйлерді аптапқа бейімдеуге, тегін кондиционер орнату бағдар­ламасын іске қосуға үндеді. 

Әйтпесе, бүгінде қазақстан­дық парктерде шақырай­ған күннен паналайтын, мол сая мен көлеңке беретін нысандар тым аз, жоқтың қасы. Өз азаматта­рын аптаптан келетін азапты өлім­нен арашалап қалу үшін Қа­зақстан билігі ғалымдар мен ха­лықаралық сарапшылардың осы ескертулерін елеусіз қалдырмай, дәл қазір іске асырса, құп. 

Айхан ШӘРІП

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 08:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see123

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see121

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see117

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see117

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see114

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see114

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see113

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see112

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see111

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see111

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see111

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see111

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see110

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see109

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see109

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see109

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see109

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see109

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see109

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары