Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жанармайдың жалыны

Жанармайдың жалыны

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Отандық мұнай өңдеу зауыттары бензин мен дизель шығаруды бұрынғыдан үдетті. Бұған қоса, ертең қазақстандық «темір тұлпарлар» дәстүрлі мұнай мен газдан емес, көмірден алынатын инновациялық отынмен жүйткуге көшуі мүмкін. Салада қандай өзгерістер болып жатыр?

Мұнайлы елдің мұңы

Солтүстік көршіде жанар-жағармай құю стансалары қаңырап бос қалған өңірлердің саны апта емес, күн сайын көбейіп барады. РФ билігі бензин мен дизель сатуды шұғыл шектеп жатыр: жанармай тапшылығы өткен аптада РФ-тің 53 субъектісінде тіркелсе, осы аптада 60-қа жуықтады. Бұл ретте Ресейдің халықаралық мойындалған өңірлерінің саны 83 екенін ескерсек, ЖЖМ күйзелісі оның 70%-дан астамын қыспаққа алып, құтын қашырып тұр.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, көптеген өңірде автокөлік багына бір құйғанда 20-30 литрден аспай­тын бензин және 40-60 литрден көп емес дизель бөледі. Ал канистрге не басқа да құтыға құюға тыйым салынған. Мұндай қатаң әрі жаппай шектеулер Ресей тарихында ешқашан болмаған екен. Ресейлік сарапшылар тіпті 90-жыл­дары ЖҚС желілері бағаны күн сайын күрт көтергені болмаса, сатып алу мөлшері бойынша шектеу қоймағанын еске салды. 

Мұның сыртында Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев өңірде көптеген ЖҚС қызмет көрсетуді мүлдем тоқтатқанын қынжыла мойындады. Сондай-ақ Саратов, Амур, Тамбов, Липецк, Тула, Тверь, Владимир және бас­қа облыстардың басшылары жанармай дағдарысы аясында отын босатуды «қолмен басқару режиміне көшіретінін» жариялады. Бұл дегеніңіз, ЖЖМ бірінші кезекте поли­ция, күш құрылымдары, әскерилер мен арнайы қызметтерге бөлінбек. Екінші кезекте оған мемлекеттік органдар, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер және басқа әлеуметтік қызметтер қол жеткізеді. Одан қалғаны ғана нарықта бөлшек саудаға шығарыла-ды. 

Reuters агенттігінің болжамынша, Украинаның ресейлік ірі мұнай өнеркәсібі нысандарына шабуылының жалғасуына байланысты РФ-та ЖЖМ күйзелісі алда тек күшейе бермек. Себебі халықтың демалысы мен саяхаты маусымы қызды. Көршінің оңтүстік өңірлерінде егін орағы науқаны басталып та кетті. Мұның бәрі нарыққа салмақ түсіреді. Осы орайда Ресейде ең танымал АИ-95 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасы 95 рубльге (шамамен 630 теңгеге), дизель құны 150 рубльге (шамамен 990 теңгеге) жетіп қалды. 

Асау бағаны құрықтау мақсатында бензин мен дизелдің Беларусь пен Қазақ­станнан тасыла бастағанын кейбір ресейлік ақпарат құралдары жариялап та жіберді.  Энергетика министрлігі бұл ақпаратты растамады. 

Дағдарыс жаңғырығы Қазақстанға жетті ме?

Осы орайда әлеуметтік желіде кейбір қазақстандық ұсақ жанар-жағармай құю стансаларының МӨЗ-дерден өнімнің аз босатыла бастағанына шағымданып жатқаны туралы «суыт хабар» тарады. Сонымен бірге бензин бағасы Қазақстанда да өсе бастапты. Мысалы, алдыңғы ай­ларда АИ-95 бензинінің бір литрі Астанада – 301-309 теңге, Алматыда – 306-313 теңге, Шымкентте 292-297 теңге аралы­ғында сатылған. Ал 23 маусымда АИ-95 Астанада 315 теңгеге, Алматыда 322 теңгеге, Шымкентте 304-305 теңгеге дейін қымбаттапты. 

Соған қарамастан еліміздегі ЖЖМ бағасы Ресейдегі ресми бағаның өзінен екі есеге жуық арзан тұрады. Көршінің тұрғын­дары қатаң шектеулер енгізілген өңірлерде алыпсатарлар «қара нарықта» АИ-95-тің 1 литрінің құнын 200-ден 500 рубльге (3 300 теңгеге) дейін аспандат­қанына шағымданып жатыр. Мұндай жағдайда қазақстандық ішкі нарықты сыртқы қысымнан қорғау үлкен маңызға ие болады. Себебі тарыққан ресейлік көлік иелері бензин мен дизельді Қазақ­станның шек­аралас өңірлерінен багы мен канистрлеріне құйып әкетуге жаппай тырысары сөзсіз.  

Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдарының басшы­лығын «Үкімет үйіне» жинап, арнайы кеңес өткізді. Онда мұнай өнімдері нары­ғын­да қалыптасқан ахуалды талқылап, бірқатар тапсырма берді. Үкімет басшысы ішкі нарыққа сыртқы факторлардың ықпал етуі мүмкіндігін жасырмай, ықтимал сын-тегеуріндерге уақытылы, пәрменді тосқауыл қою керегін нықтады.

Энергетика министрі Ерлан Ақкен­женовтің мәлімдеуінше, бүгінде Қазақ­станның мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамта­масыз ете отырып, штаттық режимде жұ­мыс істеп тұр. «Еліміздегі бензин, ди­зель және авиациялық отын қоры 1 мил­лион тоннадан асады. Бұл өзіміздің тұтынушы­лардың қазіргі сұранысын толық өтеуге мүм­кіндік береді. Мұнай өнімдерімен авто­жанармай құю станса­лары, ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­шілер және отандық әуетасымал­даушыларына басымдықпен қамтамасыз етіліп жатыр. Жанар-жағармай матери­алдарының тапшылығы байқалмайды», – деді еліміздің бас энергетигі Ерлан Ақкенженов.  

Оның дерегінше, министрлік елдегі мұнай өнімдерінің өндіріс көлеміне, жөнелтілуіне және қорларының көлеміне тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Соны­мен бірге шенеунік мұнай өнімдерін көрші елге заңсыз әкетудің деректері тексеріліп жатқанын, бұл теріс тірлікті дер кезінде тойтару үшін алдын алу шараларына ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Мәселен, әлеуметтік желіде кейбір пысық ресейліктердің «Газельді», басқа көлікті канистрге толтырып, Қазақстанды бетке алғаны бейнеленген роликтер әлеуметтік желіні кернеп тұр. Жеңіл жолаушылар автомобилі шағын бензинтасығышқа айналып шыға келеді. Мұндай келең­сіздіктердің жолын кесу үшін Қазақстан автокөліктердің мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу енгізді. 

Әлбетте, мемлекет ішкі нарықты қор­ғаудың басқа да шарасын қабылдау үстінде. Қазір Қазақстан аумағынан «бензовоз» және басқа мамандандырылған автомобиль көлігімен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, сондай-ақ теміржол көлігімен жеңіл дистилляттарды шығарып әкетуге тыйым салынған. Осыны бекіткен Энергетика министрлігінің бұйрығы қолданыста. 

Айта кету керек, жабық жиында ішкі істер министрі Ержан Сәденов, ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов және Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов баяндама жасады. Олардың баяндамаларын тыңдаған Премьер-министр Олжас Бектенов ішкі мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету страте­гиялық маңызға ие екеніне екпін түсірді. 

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді. Біріншіден, жауапты ведомстволар үйлесімді қимылдай отырып, Ресейдегі сияқты Қазақстанның нарығында жанар-жағармай тапшылығына жол бермеуге тиіс. Бұл үшін олар ел қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз етіп, шекарадағы бақылауды күшейтуге және басқа барлық қажетті шараны қабылдауға міндетті. 

Екіншіден, ҰҚК Шекара қызметіне кеденге жауапты Қаржы министрлігімен және контрабандамен күресетін Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, мемле­кеттік шекарада бақылауды күшейту, мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың барлық схемасын анықтап, жолын кесу жүктелді. 

Үшіншіден, Энергетика министрлігіне мұнай өнімдерін өндіру, қорлар және тұтыну теңгеріміне тұрақты мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда қос­ымша шаралар қабылдау жөнінде жедел ұсыныстар енгізу тапсырылды. Осы және өзге шаралар тиімді бола ма, жоқ па, оны алда отандық ЖҚС-тардағы бағалардан және көліктер кезегінің ұзын-қысқалығынан білуге болады. 

Көмір жанармайы – ертеңнің энергиясы ма?

Әзірге Энергетика министрлігі берген ақпаратқа жүгінсек, Қазақстан мұнай өңдеу тереңдігін арттыру арқылы да ашық өнімдер өндірісін өсіре бастапты. Яғни шикі мұнай неғұрлым жан-жақты әрі тереңірек өңделсе, қалдығы азайып, жанар-жағармай көлемі ұлғая түсері даусыз. Бұл тұрғыда қазақ елінің мақтанар жетістігі бар: өңдеу деңгейі ел тарихында алғаш рет 90%-дан асты.

«Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту бағытындағы жүйелі жұмыс жалға­сады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі барлық 3 мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты. Атап айтқанда, Атырау МӨЗ-інде бұл көрсеткіш – 85%-дан 88%-ға дейін, Шымкент МӨЗ-інде – 86%-дан 88%-ға дейін, ал Павлодар мұнай-химия зауытында 91%-дан 94%-ға дейін жетіп отыр»,  – деп мәлімдеді вед­омство. 

Көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70-79%-дан 75-81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ Павлодар МХЗ-да битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді. Осы­ның арқасында 2024 жылмен салыс­тырғанда 2025 жылы негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді: түрлі маркадағы бензиннің бір жылдық өндірісі – 5,7 млн тоннаны (өсім – 107%), дизель отынының өндірісі  6,1 млн тоннаны (116%) құрады. 

2026 жылдың қорытындысында өндіріс көлемі кезекті рекорд орнатуы мүмкін. Бұған қоса, министрлік мұнай өңдеудің орташа тереңдігін 94%-ға дейін одан ары арттыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұған мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және олардың қуатын кеңейту есебінен қол жеткізбек.  

Әрине, көлікке қажетті отын бензин, дизель не газбен шектелмейді. Келесі жылдан бастап Қазақстанда көліктер көмірмен «жүре» бастауы ықтимал. Осы мақсатта көмір химиясын дамыту сала­сында 3 ірі жоба жүзеге асырылу үстінде. Тарата айтқанда, Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыттың құрылысы қолға алынған. Сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден дизель отынын өндіретін, әрқайсысының қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайтын 2 ин­новациялы жобаның құрылысы жүр­гізіліп жатыр. Іске қосылғаннан кейін авто­отынның бұл түріне деген мұқтаж­дықты өтеуге олар да белсене кіріспек. Бұдан бөлек, тағы бір перспективалы жоба көмірден автогаз өндіруді көздейді. Жуырда жобаны іске асыру алаңы айқындалады.

Қазіргі геосаяси және нарықтық тұрақ­сыздық жағдайында Қазақстан үшін ішкі жанар-жағармай нарығының тұрақ­тылығын сақтау стратегиялық мін­детке айналып отыр. Көрші елдегі алапат дағ­дарыс бұл тапшылықтың ұлттық эконо­миканы, бизнесті, тұрғындардың тіршілігін тұралата алатынын паш етті. Демек, отан­дық өндірісті арттыру, қор қалып­тастыру және шекаралық бақылауды күшейту мұндай тәуекелдерді азайтудың басты тетігі болып қала береді. Бұл жұмыс бүкіл елдің экономикалық тұрақтылығы мен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды шарты болмақ.

Айхан ШӘРІП

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары