Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Жанармайдың жұмбағы

Жанармайдың жұмбағы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әсіресе АИ-95 және АИ-98 маркаларына қатысты шағымдар әлеуметтік желілерде көбейіп, бірқатар көлік иесі жанармай құйғаннан кейін қозғалт­қышын­да ақау пайда болғанын жазып жатыр. Кейбірінің көлігінде жүргізушілер арасында Check Engine белгісі жанса, енді бірінің айтуынша, қозғалтқыштың жұмы­сы өзгеріп, көлігін жөндеу орталығына апару­­­­ға тура келген.

Алайда мәселенің нақты се­бебі әзірге анықталған жоқ. Ақау­ға жанармайдың өзі себеп болды ма, әлде оның сапасы зауыттан шық­қаннан кейін жолай өзгерді ме? Мәселе мұнай өңдеу зауы­тын­­да ма, жанармай базасында ма, әлде автожанармай құю бе­кетінде ме? Қазір Энергетика ми­нистрлігі бастаған мемлекеттік ор­гандар осы сұрақтардың жауабын іздеп әлек.

Сауда және интеграция ми­нистрлігінің мә­лі­ме­тін­ше, қазір олардың қарауында ав­­­­токөлік иелерінен түскен 12 өті­ніш бар. Оның тоғызы – Астана тұрғындарынан, біреуі – Пав­ло­­дардан, тағы екеуі – Солтүстік Қа­зақстан облысынан. Осы ша­ғым­дардан кейін министрлік жа­нармай сапасын тексеруді кү­шейтіп, зерттеуді өнімнің бүкіл қоз­ғалыс тізбегі бойынша жүр­гізу­ге кірісті.

Қазір тәуелсіз зертханаға Пав­­лодар мұнай-химия зауытынан алынған бензиннің ар­бит­раж­дық сынамалары жіберілді. Сонымен қатар құрамында қос­палары бар Sinoil, QazaqOil және Helios желілерінің жанармай үл­гі­лері де жеке зерттеліп жатыр. Бұл зерттеулердің нәтижесі бір ап­та ішінде белгілі болып қалуы мүм­кін.

Мамандар 17 автожанармай құю стансасынан бақылау мақсатында бензин сатып алған. Оның бесеуі – Алматы қаласында, бесеуі – Алматы облысында, алтауы – Абай облысында, біреуі Жамбыл облысында орналасқан. Қа­зір алынған сол барлық үлгі зерт­ханалық сынақтан өтіп жатыр. Бұдан бөлек, тексеріс мұнай өңдеу зауыты мен ЖҚБ-лармен шектелмейді. Мамандар жа­нар­май­дың қозғалыс жолындағы бас­қа да буындардан, соның ішін­де мұнай базаларынан сынама алуды жоспарлап отыр.

Бұл – өте маңызды қадам. Өйткені бензин зауыттан шыққан кезде талапқа толық сәйкес келуі мүмкін. Бірақ одан кейін ол сақ­та­лады, тасымалданады, мұнай б­азасына түседі, қайта тиеледі жә­не соңында автокөліктің багына құйылады. Осы аралықтағы кез келген кезеңде сапаға әсер ете­­тін фактор пайда болуы ықти­мал.

Сондықтан қазір басты мін­дет – біреуді кінәлау емес, мәселенің нақты қай жерде туындағанын анықтау. Егер зерт­ханалық талдау нәтижесінде бен­зиннің техникалық регламент та­лаптарына сәйкес келмейтіні анық­талса, оны сатуға тыйым са­лынуы мүмкін. Ал сапасыз жа­нар-жағармай материалдары айналымнан алынады.

Мәселе мұнымен біткен жоқ

Энергетика министрі Ерлан Ақ­кенженов 25 тамызда маман­дардың Павлодар мұнай-химия зауытына барғанын хабарлаған болатын. Сол кезде мәселенің нақ­ты қайдан шыққаны анық­тал­маған еді.

Жанармай құю желілері түйт­кіл­дің төркінін мұнай өңдеу зауы­ты­нан көрсе, зауыт өкілдері мә­се­ле сол бекеттер жағында пайда болуы мүмкін деген болжамын ай­тып қалды. Екі тараптың да өз уәжі бар.

Кейін Павлодар мұнай-химия зауыты өзінің арбитраждық сы­на­маларына жүргізген зерттеу нә­­­­­тижесін жариялады. Кәсіп­орын мәліметінше, тексерілген бен­зин партиялары мемлекеттік стан­дарт пен техникалық регламент талаптарына сәйкес келген.

Бірақ бұл қорытынды мәсе­ле­нің барлық сұрағына жауап беріп тұрған жоқ. Себебі зауыттағы өнім­нің сапасы бір бөлек, оның тұ­тынушыға жеткен кездегі сапасы бір бөлек. Сондықтан Сауда жә­не интеграция министрлігінің жанармайды бүкіл тізбек бойынша тексеруі – қазіргі даудың ең маңызды бөлігі.

Бұл мәселенің тағы бір елеу­лі қыры бар. Қазақ­стан жанармай нарығында тек өз іш­кі сұранысын қамтамасыз ете­тін ел емес. Отандық мұнай өңдеу зауыттарынан шыққан өнімнің белгілі бір бөлігі Ресей нарығына да бағытталады.

Қазақстанның Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыт­та­рында өндірілген бензинді ш­е­каралас өңірлердегі ресейлік кө­лік жүргізушілері де пайдаланады. Демек, егер жанармай сапа­сы­на қатысты қандай да бір жүйе­лі проблема бар екені зерттеу барысында расталса, оның сал­дары Қазақстанмен ғана шек­телмеуі мүмкін. Басқаша айт­қан­да, Қазақстанда өндірілген бензин тек біздің ішкі нарықтағы өнім емес. Оның сапасына қатыс­ты кез келген мәселе көрші елдегі тұ­тынушыларға да әсер етуі ық­тимал. Сондықтан қазір Қазақ­стан­дағы жанармай төңірегіндегі жағдайға сыртқы нарық та назар аударып жатса таңғалудың қажеті жоқ. 

Жанармайдың Ресей нары­ғы­на шығуы өте өзекті болып тұр­ға­ны­на тағы бір себеп бар. Биыл Қа­зақстанның Павлодар мен Аты­рау мұнай өңдеу зауыттары Ресейге шілде айына белгіленген АИ-92 бензинінің 35 мың тонна кө­леміндегі экспорттық квотасын орындамағаны туралы ақ­па­рат тарады. Мұндайда Еуропалық одақтың қайтара санкцияларына ілігу қаупі бар әрі ресейлік банк­тер арқылы төлем жүргізу қиын. 

Бұл міндеттемені ішінара орын­даған жалғыз кәсіпорын – Ақсай қаласындағы шағын «Конденсат» зауыты. Ол 17,5 мың тон­на жіберетін мүмкіндігі бола тұра, оның орнына Ресейге шама­мен 9 мың тонна бензин жө­нелт­кен.

Reuters мәліметінше, шілде-та­мыз айларында Қазақстан Ресейге гуманитарлық көмек ретін­де 50 мың тонна бензин жіберуге ке­ліскен. Дегенмен Қазақ­стан­ның жалпы өндірістік әлеуеті Ре­сейдің алып нарығына айтар­лық­тай ықпал ететіндей көлемде емес.

Мұнай саласының сарапшысы Олжас Байділ­ди­нов жанармай төңірегіндегі пі­кір­таласта эмоциядан гөрі нақты де­рекке сүйену қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, АЗС-тегі тауар сапасына тікелей жауапты орган Энергетика министрлігі емес. Жанармай және басқа да тауарлардың сапасына қатысты шағымдарды техникалық реттеу және метрология саласындағы комитет пен оның аумақтық бө­лім­шелері, яғни Сауда және интеграция министрлігінің жүйесі қарайды.

Бұл түсінікті болғанымен, қоғамдағы пікірталаста министрліктердің жауапкершілігі жиі араласып кетіп жатыр.

Сарапшы тағы бір маңызды мә­селені көтерді. Қазақстанда ша­мамен 5 мың ЖҚБ бар, бірақ олар­дың барлығындағы жанармай сапасын күн сайын онлайн ре­жимде бақылап отыратын бі­рың­ғай жүйе жоқ. Демек, тұтыну­шы жанармайды құйып алған сәттен бастап оның сапасын автоматты түрде бақылап отыратын мүмкіндікке ие емес. Мәселе туын­­даған жағдайда сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Нә­ти­же шыққаннан кейін ғана нақ­ты қорытынды жасалады.

Әлеуметтік желідегі жазба­лар­ға қарасақ, мәселе ауқымды сияқ­ты көрінеді. Кейбір автосервистерде көлік көбейгені туралы ақпарат тарады. Бірақ мұның бәрі ресми статистика емес. Қазір нақ­ты қанша автокөлік зардап шек­кені, олардың қаншасында ақау­дың себебі жанармай болға­ны белгісіз. Сондықтан «мыңда­ған көлік істен шықты» деген се­кілді тұжырымдарды нақты дә­лелсіз таратуға болмайды.

Бір жүргізушінің көлігінде Check Engine белгісінің жануы мін­детті түрде бензин сапасыз дегенді білдірмейді. Қозғалтқыш­тағы мұндай ескертуге ондаған басқа себеп әсер етуі мүмкін. Сон­дықтан әрбір жағдайды жеке диагностикалау қажет. Бай­діл­динов те осыған назар аударып, ең алдымен верификацияланған цифрлар қажет екенін айтады.

Баға айырмасы да күмән туғызады

Сарапшы қазіргі жағдайға байланысты тағы бір нұс­қаны назардан тыс қалдырмау ке­ректігін айтады. АИ-92 мен АИ-95 бағасының арасындағы айырмашылық 25-30 пайызға жет­се, арзан бензинге қоспа қо­сып, оны жоғары октанды жанармай ретінде сатушылар да пайда болуы мүмкін. Алайда мұны дәл қа­зіргі жанармай дауының себебі деп қабылдауға әлі ерте. Зерттеу аяқ­талғанша Павлодар мұнай-хи­мия зауытын да, қандай да бір жа­нармай желісін де кінәлау не­гіз­сіз.

Жанармайдың сапасына кү­мән туған кезде автокөлікке ар­тық салмақ түсірмеген жөн. Күрт үдеу, қозғалтқышты жоғары ай­на­лымға шығару, ұзақ уақыт жо­ғары жылдамдықпен жүру сияқты әре­кеттерден уақытша бас тарт­қан дұрыс. Сарапшы күмәнді жағ­дайда көлікті 80-100 шақы­рым/сағ-тан жоғары жүргізбеуге, ша­мадан тыс жүктеме түсірмеуге кеңес береді.

Ал турбокомпрессорлы көлік иелері үшін сақтық одан да маңыз­­ды. Мұндай жағдайда авто­көлік өндірушісі ұсынған октан санын ұстану қажет. Сарап­шы­ның пікірінше, күмәнді жағдайда турбокомпрессорлы көлікке АИ-92 құйғаннан гөрі АИ-98 таңдаған дұрыс.

Бүгінгі бензин дауы бір ғана жа­нармай партиясының сапасы ту­ралы мәселе емес. Ол Қазақ­стан­дағы жанармай сапасын ба­қылау жүйесінің тиімділігін, мем­лекеттік органдардың ком­му­ни­кациясын және тұтынушы құ­қығын қорғау тетіктерін де сын­ға салып отыр. Ең бастысы, кінәліні тез табу емес, шын себепті дәл анық­тау.

Зауыттағы сынама талапқа сай болуы мүмкін. Бірақ одан кейін­гі тасымалдау, сақтау және сату кезеңдерінің әрқайсысы зерт­телмейінше, мәселенің түп-төркінін табу қиын. Оған қоса, Қа­зақстанда өндірілген бен­зин­нің бір бөлігі Ресей нарығына да шы­ғатынын ескерсек, бұл мәсе­ле­нің шекара сыртындағы тұты­ну­­шыларға да қатысы болуы мүм­кін. Сондықтан жанармай са­па­сына қатысты зерттеудің нә­ти­жесі тек қазақстандық жүргізу­ш­ілер үшін емес, көрші елдегі ав­токөлік иелері үшін де маңыз­ды.

Қазір қоғамға қауесет емес, нақты дерек керек. Қанша шағым түсті? Қанша көлік тексерілді? Қай жерден алынған сынама та­лапқа сай болмады? Қай кезеңде жанармай сапасы өзгерді? Осы сұрақтардың жауабы анықталса, қазіргі ақпараттық даудың да беті қайтады.

Жанармай – күнделікті өмір­дің көзге көрінбейтін күрета­мыры. Оның сапасы нашарласа, мәселе бір көліктің қозғалт­қы­шымен шектелмейді. Сондықтан бұл жолы даулы мәселенің түйі­нін болжам емес, зертхана шешуге тиіс. Ал зертхананың қорытын­дысы қоғамға жасырмай айтылуы керек.

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 07:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see156

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see156

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see154

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see152

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see151

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see150

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see143

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see137

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see134

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see134

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see134

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see131

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see128

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see128

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see127

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see125

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see124

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see122

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see122

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары