Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Жамбыл облысында балалар арасындағы буллинг фактілері жасырылып келген Закиева

Жамбыл облысында балалар арасындағы буллинг фактілері жасырылып келген Закиева

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Динара Зәкиева облыста балаларға қарсы қылмыс үшін жазасыз қалу, сондай-ақ мектептердегі балалар арасында болып жатқан жағдайды елемеу мәселесі өткір күйінде қалып отырғанын айтады.

— Осы айда мемлекеттік органдармен бірлесіп балалардың құқығының бұзылуы, зорлық-зомбылық, буллинг, суицид және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жүйесі мен қабылданған заңдардың іске асырылу сапасын зерделеу бойынша Президент тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жұмыс жүргіздік.

Анықталған мәселелер мен оларды шешу жолдары облыс әкімімен, барлық басқарма мен аудан әкімдіктерінің басшылығымен талқыланды. Облыс әкімі заңдарды іске асырудың әрбір тармағы және анықталған мәселелер бойынша қабылданатын шаралар жеке бақылауында болатынын атап өтті.

Облыста балаларға қарсы қылмыс үшін жазасыз қалу, сондай-ақ мектептердегі балалар арасындағы немқұрайлылық пен болып жатқан жағдайды елемеу мәселесі өткір күйінде қалып отыр, — деді Зәкиева.

Динара Зәкиеваның айтуынша оқушылар арасында жүргізілген анонимді сауалнамалар барысында кейбір білім беру ұйымдарының әкімшілігі психологиялық анкеталардың нәтижелерін бұрмалап, буллинг пен зорлық-зомбылық фактілері бойынша нөлдік көрсеткіштерді көрсететіні анықталған.  

— ІІМ бірлесіп аудан орталықтарындағы және ауылдық жерлердегі мектептерде балалармен кездесіп, анонимді сауалнама өткіздік, сондай-ақ бұған дейін психологтар бірыңғай диагностика бағдарламасы аясында буллинг, зорлық және суицидтік қауіптердің алдын алу мақсатында жүргізген сауалнамалардағы балалардың жауаптарын зерттедім. Сауалнама кезінде балалар жәбірлеу, ақша бопсалау және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер туралы ашық жазғанына қарамастан, кейбір мектептердің басшылығы қорытынды есептерде деректерді бұрмалап, бұндай жағдайларды 0% деп көрсетіп келген, — деді ол.

Оқушылар сауалнамада жоғары сынып оқушылары қысым көрсететінін жазған.

— Мысалы, Шу ауданындағы мектептердің 9-сынып оқушылары ақша бопсалау, ұрып-соғу, электрошокер мен кастет қолдану жағдайлары әр сыныпта кездесетін әдеттегі құбылыс екенін жазған. Қыздар болса жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болудан қорқып жүретінін көрсеткен.

Қордай ауданындағы 5, 7 және 9-сынып оқушылары мектептегі «жүйе» мен дедовщина, жоғары сынып оқушыларының кіші сыныптарға қысым көрсетуі, оларды азық-түлік пен сусын сатып әкелуге мәжбүрлеу, ұрып-соғу, тас лақтыру, қыздардың бір-бірінің шашын жұлып, қорлауы туралы жазған. Ал кейбір мектептерде балалар мұғалімдердің оларға қол көтеретіні, зат лақтыратыны және буллинг жасайтын жайлы жазған, — деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Уәкіл балалардың буллинг пен бопсалау туралы айтқанымен тиісті шара қолданылмағанын айтты.

— Қыркүйек айында оқушы дәретханада қаза тапқан Тараз қаласындағы мектепте былтыр психологтар жүргізген диагностика кезінде де балалар бопсалау мен буллинг туралы хабарлағанына қарамастан, тиісті жұмыс жүргізілмеген, шара қабылданбаған. 11-сынып оқушыларының 9-сыныпқа қысым көрсетуі, мұғалімдер тарапынан буллинг, оқушылардың эмоционалды жағдайының нашарлауы сияқты жағдайлар қаланың біз барған басқа да мектептерінде анықталды.

Сонымен қатар, өңірде биылғы 9 айда тіркелген 14 суицид жағдайының жетеуінде балаларды аман алып қалатын мүмкіндік болды, себебі олардың суицид жасауға қауіптері алдын ала анықталып, тәуекел тобында болған, алайда уақтылы көмек көрсетілмей, балалардың даусы естілмей қалды. Сонымен қатар, жақында болған аяқталмаған суицид оқиғаларының бірі балаға жоғары сынып оқушыларының күш қолдануының кесірінен болған, — деді Зәкиева.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, Байзақ және Жамбыл аудандарындағы мектептерде арнайы ведомствоаралық мобильді топтың жұмысы нәтижесінде 200-ден астам буллинг пен бопсалау фактілері анықталған.

— Бұл облыстың тек екі ауданының статистикасы. Қорытынды облыста балалар өздерін қауіпсіз сезінбейді. Өкінішке қарай, бұл жағдай балаларға қарсы қылмыстарға облыстық полицияның қалай әрекет ететінін ескерсек, таңғаларлық жағдай емес.

Мысалы, 8 жастағы қыз баланың денесіндегі көгерулер мен жарақаттардың (өгей әкесінің белдікпен ұрып-соғуы салдарынан) фотодәлелдері болғанына қарамастан, іс тоқтатылып, бала қауіпте қалдырылған. Қыз қатты қорқып қалған, онымен екі рет кездескенде де әңгімеміз барысында «маған ештеңе айтуға болмайды» деп отыр.

Қыздың үйіне бірінші барғанымызда өгей әкесі баланы жағасынан ұстап, сілкіп, ашуын көрсетіп жатса төрт полиция қызметкері, оның ішінде жергілікті полиция басшысының орынбасары да бар, бұл көріністі жай ғана бақылап тұрды. Мен олардың назарын агрессордың баланың құқығын олардың көз алдында бұзып жатқанына аударғанымда полиция қызметкерлері маған бұл бойынша арыз жазуды ұсынды да, қойды.

Тағы бір жағдайда, қазан айының басында 4-сынып оқушысы өгей әкесінің оны қорлайтыны туралы шағымданғанынан кейін, полиция қорғау нұсқамасын беріп қана, баланы үйде сол күйі қалдырып кеткен. Тек өңірлік уәкілдің араласуымен комиссия өткізіліп, ана мен балалары дағдарыс орталығына орналастырылды, алайда істі бәрібір тоқтатқан.

7 жасынан бері ағаларынан жылдар бойы жыныстық зорлық-зорлық көрген қыз баланың көз жасы облыста болып жатқан сұмдық оқиғалардың тағы бір ауыр көрінісі. Ол көз жасын тыя алмай, тергеушінің онымен «қалай сөйлескенін» айтып, содан кейін әділеттікке сенбеймін деп отыр.

Осы екі істің қайта тергелуі біздің облыс прокуратурасына және ІІМ-не жасаған өтінішімізден кейін ғана басталды, — дед ол.

Жалпы, облыс бойынша балаларға қатысты істердің тек 29%-ы ғана сотқа жеткен.

— Бұл көбіне тергеудің толық жүргізілмеуі мен жауапты қызметкерлердің салғырттығына байланысты болған деген сенімдемін.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың жұмысындағы мәселелер ерекше атап өтуге тұрарлық. Кей ауылдар арасындағы қашықтық 80 км-ге дейін жетсе де, облыста 154 қызметкерге бар болғаны 15 қызметтік көлік қарастырылған, сол себепті ауылдарға инспекторлар таксимен өз қаражаты есебінен қатынайды.

Мемлекет басшысы өңірлердегі жұмыс нәтижелеріне ерекше мән береді, кейінгі екі жылда қабылданған балалардың құқықтарын қорғауға және зорлық-зорлықтың алдын алуға бағытталған заңдар, шешімдер мен бағдарламалар қағаз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде балалардың игілігіне қызмет етуі тиіс.

Әр өңірде анықталған жүйелі және дербес мәселелер бойынша Президент Әкімшілігімен, орталық уәкілетті органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр, — деді ол. 

Еске салсақ Жамбыл облысында аң аулауға шыққан бала көз жұмған еді. 

Айта кетелік Жамбыл облысында жасөспірім мерт болған еді. Сонымен қатар Таразда 14 жастағы мектеп оқушысы мен 15 жастағы жасөспірім суицид жасаған еді. 

Сондай-ақ екі аптада үш қайғылы оқиға тіркеліп, Тараз және Шу әкімдеріне сөгіс берілген еді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 21:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары