Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Жаңа реформа мектептерді жүйелейді

Жаңа реформа мектептерді жүйелейді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жекеменшік мектептердің барлығы жаңа цифрлық жүйеге толық көшіп, мемлекеттік қаржыландырудың барлық тетігі бір терезе бірыңғай сервисімен реттелетін болады. Бұл – қазына қаражатының әр тиынын бақылауды күшейтетін, сонымен бірге саланың ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды қадам. 

Қаржы министрлігі мен Оқу-ағарту министр­лігі осы өзгерістерді түсіндіру мақсатында жеке­мен­шік мектептердің басшыларымен кездесулер өт­кізіп, жаңа жүйенің талаптары мен тәртібін тал­қылап жатыр. Биыл көрсетілген қызметтер үшін төлем толық жасалатыны мәлім. Алайда Үкі­мет хабарламасында 2026 жылдың қаңтарынан бас­тап барлық қызмет «жаңа ақпараттық жүйе ар­­­қылы қатаң бақылауда» болатыны атап өтілді. 

Жоспар бойынша бұл сервиске мемлекеттік тап­сырыс, гранттар, стипендиялар, жатақханаға ор­наластыру сияқты қаржыландырудың өзге де ба­ғыттары кезең-кезеңімен қосылады. Премьер-ми­нистр Олжас Бектеновтің айтуынша, же­ке­мен­шік білім беру саласында бұған дейінгі жыл­дары көптеген заңбұзушылық анықталған. 

«Шындығында, мемлекет жоқ оқушылар үшін де ақша төлеген жағдайлар бар. Нарықта тұтас заң­сыз индустрия пайда болған. Бұдан былай бір­де-бір теңге жосықсыз қатысушылардың немесе ше­неуніктердің қалтасына түспеуut тиіс», – деді Үкімет басшысы.

Анықталған бұзушылықтар аз емес. Жалған мұ­ға­лімдер, екі рет қаржыландыру фактілері, кіріс­терді жасыру, қызмет түрін дұрыс көрсетпеу, та­ғысын тағы. Мысалы, 745 мекеменің 155-і та­бысын жасырып, цифрландырылған 427 мектептің 30 пайызы құжатты дұрыс толтырмаған. Әсіресе, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында мектеп тойхана ретінде, ал Шымкентте сауда орталығы ре­тінде тіркелгені қоғамда үлкен резонанс ту­дыр­ды. Басқа өңірлерде де оқушы санын негізсіз арт­тыру жағдайлары анықталды.

Түркістан облысында мемлекеттік тапсырыс ала­тын 157 жекеменшік мектеп бар. 2024-2025 оқу жы­лының соңына дейін олардың барлығы «Қаржы орталығы» АҚ арқылы қаржыландырылды. Талдау барысында Ұлттық білім беру дерекқорында бір мектепте тіркелген оқушылардың іс жүзінде басқа мектепте оқып жүргені анықталған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Осы ол­қылықтарды жою үшін жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Енді барлық төлем Қаржы министрлігінің e-Qazyna ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Түркістан облысындағы 157 мектеп құжаттарын порталға жүктеп, келісімшарттар жасасып үлгер­ген. Қызмет актілері рәсімделіп, мәліметтер рас­тал­ған соң ғана төлем жүргізіледі. Бүгінде 110 мек­тепке қаражат аударылып, 25 мыңнан астам оқу­шы мен 4 мыңнан астам қызметкердің құжат­тары бойынша төлем толық берілген. Енді қаржы­лан­дыру тек нақты оқитын балаға жасалады. Бұл – жаңа жүйенің басты талабы.

Алайда ел бойынша түсіндіру жұмыстары жү­ріп жатқанда, Шымкенттегі жекеменшік мек­теп­тердің бірінде жағдай ушығып кетті. «Төрежан» мек­тебінің басшылығы ата-аналарға «1 қаңтардан бас­тап әр балаға айына 50 мың теңге төлеу керек» де­ген хабарлама жіберген. Тегін білім алып жүрген оқушылардың ата-анасы бұған ашулы. 

«Жыл ортасында бізді қай мектеп қабылдайды? Айы­на 50 мың теңге төлеуге жағдайы жетпейтін от­ба­сылар бар. Мұндай талап келісімде болмаған», – деп дабыл қақты олар. 

Ал мектеп құрылтайшысы бұл жағдайды қар­жы­ландырудың тоқтауымен байланыстырып отыр. 

«Мемлекет бала басына ақша бөлуді доғарады, сон­дықтан ата-аналардың төлеміне сүйенуге мәж­бүрміз», – дейді ол. 

Алайда Білім басқармасы бұл ақпаратты теріс­ке шығарып отыр. Мамандардың сөзінше, соңғы үш айда мектепке 24 миллион теңге аударылған. Жаңа жылдан кейін де оқушылар тегін білім алады.

Осылайша, жекеменшік мектептерге енгізіліп жатқан жаңа жүйе кейбір өңірлерде түсінбеушілік тудырып отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл үл­кен реформа алдындағы алғашқы салдары ғана, ал нақты тәртіп пен толық цифрландыру енгізілген соң, салада айқындық орнайды.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары