Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

Құдай сақтапты! : Мақпал Жүнісова жолда қауіпті жағдайға тап болды

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

АЙҚЫН ЛИТЕР ЖШС Құрылтай депутаттығына үміткерлерге газет пен сайт алаңын ұсынады

Жеке мектептерге қатысты жаңа реформа

Жеке мектептерге қатысты жаңа реформа

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Салада алаяқтық деректері анықталыпты, сонымен күресті алға тартып, шенеуніктер түрлі шектеу енгізуді пысықтап жатыр. Себебі қазіргі бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі. Сарапшылардың пікірінше, ақыр соңында жекеменшік мектеп ашу тиімсіз болып қалуы ықтимал. Жүздеген мектеп талапқа сай емес деп танылып, мемлекеттік қолдаудан айрылған. Саладағы жаңа реформа қандай өзгерістер әкелмек?

Өткен жылдан бері Мәжіліс, Сенат депутаттары дабыл қағып, жеке білім беру ұйымдарының біраз қаржыдан қағылғанына, бюд­жеттік негізде қабылдап, тегін оқытқан оқушылар үшін бюджет­тен қаржы төлеудің тоқтатыл­ға­нына Үкіметтің назарын аудартуға тырысумен болды. Бұл мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 5 қаңтарда «Turkistan» газетіне берген сұхбатында нүкте қойды. 

Ол жекеменшік мектептердің иелері де ауқымды мемлекеттік субсидия алатынын тілге тиек етті. Барлық аймаққа жекеменшік мектептердің, балабақшалардың, оқу орталықтары мен үйірмелердің жұмысын қамтамасыз ету үшін «жан басына шаққандағы қар­жы­ландыру» қағидаты бойынша қо­мақты қаражат бөлу жүктелген. 

– Ауқатты кәсіпкерлердің меншігіндегі және ата-аналары балалардың оқу ақысына көп ақша төлеп отырған элиталық мектеп­терге бюджеттен қаржы бөлінеді. Бұл саланы мемлекеттен қаржы­ландыру жүйесінің өзін реформа­лау керек. Министрліктің бұрынғы басшылары енгізген бүгінгі бұр­маланған тәртіп бей-берекеттікке әкеп соқтырады, себебі қазірдің өзінде қаражат жетпей жатыр... Жалпы, бұл – күрделі мәселе, Үкі­мет бұған назар аударуға тиіс. Мен лауазымды тұлғалардың мұндай жағдайға жол беріп қана қоймай, мемлекет мүддесіне қайшы келетін нәрселерді «өз қолымен» жаса­ға­нына таңғаламын, – деді Тоқаев.  

Ол салаға жауапты мекеме­лер­дің жөнсіз іс-әрекеттері кесірінен білім беру саласында жеке кәсіп­керлік ұғымы бұрмаланып кетке­ніне сенімді. Сондықтан Үкіметке ахуалды түзеуді тапсырды: «Бюд­жеттен қаржы бөлінбесе, әлеу­мет­тік нысандардың қиын жағдайға тап болуы мүмкін екенін түсінемін. Бірақ жеке бизнесті түгелдей дер­лік мемлекеттің мойнына артып қоюға болмайды», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Өз кезегінде Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет бас­шысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйым­дарды мемлекеттік қар­жы­ландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді.

Онда Үкімет жетекшісі Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің алдына жан басына шаққандағы қаржы­ландыру жүйесіндегі теңгерімсіз­діктерді жою міндетін қойды. Атап айтқанда, О.Бектенов жекеменшік білім беру мекемелерін қаржы­ландыру тетіктерін қайта қарауды тапсырды. Яғни, жеке қолдағы білім ордаларына бөлінетін бюд­жет қаражаты оңтайландырылмақ. 

Үкімет басшысы мемлекеттің сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерін ары қарай орындайтынын атап өтті. Алайда оқушыларға мемле­кет­тік мектептерде орын жетпейді. Қазақстан жыл сайын ондаған жа­ңа мектепті іске қосады. Бірақ елі­міздегі мыңдаған мектеп не­гізінен кеңес заманында салынған­дықтан, олар жыл сайын үлкен қар­қынмен апаттық жағдайға же­тіп, істен шығады. Сондай-ақ өрт, су тасқыны, дауыл және басқа апат­тар салдарынан да жарамсыз бо­лып қалғаны жетерлік. 

Тиісінше, жаңалары ескіле­рі­нің орнын толтыра алмады. Мұны Ұлттық статистика бюросы растай­ды: оның ресми мәліметіне сәйкес, ғасыр басында, 2001-2002 оқу жылында Қазақстанда 8 456 орта мектеп болыпты. 2024-2025 оқу жылында содан 7 920 мектеп қана қалған. Жарты мыңнан астам мек­тепке азайды. Бұл ретте 2001 жылы республика бойынша оқушылар саны 3 084 953 баланы құраған. Ал 2025 жылы оқушылардың саны тарихи рекордқа – 3 898 569 балаға жетті. Бұл елде оқушы орында­ры­ның жетіспеушілігінің артуына әкелді. 

Ол тапшылық орын таба ал­маған оқушыларды жекеменшік мектептерге орналастыру арқылы шешіліп келген. Жан басына шақ­қандағы қаржыландыру аясында олар бюджеттік шәкірттерді қуана-қуана, құшақ жая қарсы алды. Кө­бісі тіпті мектеп ғимаратын ке­ңейтіп немесе қосалқы орын­жай­л­арды сынып кабинеті ретінде қайта жабдықтап, қосымша оқу­шы­ларды қабылдады. Бірақ был­тыр­дан бастап, мемлекет жеке білім беру ұйымдарына берілетін бюд­жеттік қаражатты күрт шек­теді: қосымша қабылданған бала­лар үшін енді қаржы берілмейді. Бұған наразы кейбір жеке мектеп қожайындары бюджеттік оқу­шы­лардан арылудың түрлі жолын қарастырып жатыр. Бірқатар ата-ананың алдына баласын ақылы бөлімге көшіру немесе мемлекеттік мектепке ауыстыру талабы қо­йылған.

Үкімет басшысы мемлекеттік білім беру мекемелерінде орын болмаған жағдайда жекеменшік ұйымда оқуға жан басына шақ­қандағы қаржыландыру қарасты­рылғанына назар аудартты. Десе де, бұл мүмкіндікті теріс пайдалану деректері тіркеліпті. Ол субсидия көлемін көбейту мақсатында оқу­шылар мен мұғалімдердің жасанды легі туындағанын, бұл өз кезегінде білім сапасына, сондай-ақ мем­ле­кеттік шығындардың тиімді жұм­салуына теріс әсер ететінін нықтады.

Егер жеке мектептер бюджеттік оқушыларды жаппай қуып, онсыз да тапшылықтан тұншығып жат­қан мемлекеттік мектептер желі­сіне қысым түсірсе, оларда дағда­рыс туғызса, Үкіметте бұларды тәртіпке келтіретін тетік жетерлік. Мысалы, жекеменшік білім беру мекемелерін лицензиялау тәсілдері қайта қаралып жатыр. Оның бары­сында Үкіметтің талаптарын орын­дамайтын, айтқанына сеніп, жетегіне жүрмейтін білім ордалары лицензиясымен қош айтысуы кәдік. Оқу-ағарту министрлігі, антимонополиялық агенттік тексерулер жүргізіп, олардың оқу ақысын шектен тыс көтергенін әшкерелеуі, басқа да жөнсіздіктер тауып, лицензиясынан айыруы мүмкін. 

Премьер-министр О.Бектенов жекеменшік білім беру ұйым­да­рында оқу ақысы қымбат екенін қаперге салды. Ол мемлекеттік бюд­жет «элиталық» мектептердің қыз­метін қаржыландыруға жұм­сал­мауы керектігін ерекше атап өтті. Мұндай мектептерде ата-ана­лардың төлемдері оқу процесін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Педагог Дариға Манарбек же­ке мектептер мүлдем жабылып қалмауы керек деген пікірде. Ол қазіргі кезде Қазақстанда барлық мектептің шамамен 11,2%-ы (888-і) жекеменшік екенін білдірді. Бұл жақсы көрсеткіш екен: мысалы, Германияда, Швейцарияда барлық мектептің 15%-ы – жеке. АҚШ-та 35 мыңдай жекеменшік мектеп бар. Әйткенмен, оқушылардың ба­сым көпшілігі – 81,9% мемле­кеттік, 18,1%-ы жекеменшік білім ордаларында білім алады. Еуропа­да бұл тұрғыда Нидерланд алда: тәуелсіз, соның ішінде діни мек­теп­тердің үлесі білім ордаларының үштен екісін құрайды. Оның бар­лығы мемлекеттік мектеп дең­ге­йінде жоғары бюджеттік қаржы­ландыруға, салықтық артық­шы­лықтарға ие екен. 

– Жекеменшік мектептерден құбыжық жасаудың қажеті жоқ. Бұл –мемлекеттің дамығанының белгісі. Пандемия тұсында тойха­налардың жабылып, орнына мек­тептердің жаппай ашылып жат­қаны мемлекеттік ақпарат құрал­-дары арқылы елдегі оң үрдіс ре­тінде насихатталды. Енді құзырлы органдар: «Масқара, жеке мектеп тойхана үшін салынған ғимаратта орналасыпты» деп, тоңын теріс айналдырып жатыр. Жекеменшік мектептерде де балалар тегін оқи алады, бұл мүмкіндіктен айырмау маңызды. Олар өз атын шығаратын дарынды, вундеркинд балаларды белсенді іздейді, ілгерілетеді. Мем­лекеттік мектептің көбінде бұған ынта-ықылас жоқ. Сол себепті ба­лалық шағын босқа құртпауы үшін IQ-і жоғары Ерасыл деген оқушымның мықты жеке мектепке ауысуына септестім, – дейді ұстаз.  

Оның мәліметі бойынша, 2025–2026 оқу жылында жеке мек­тептерде ақылы оқитын балалар­дың ата-анасы ай сайын 100 мың­нан 1,5 миллион теңгеге дейін тө­лейді. Жылдық оқу ақысы 1,2 мил­лионнан 15 миллион теңгеге дейін барады. Беделді мектептер Cambridge, IB, A-Level сияқты халықаралық стандарттармен тереңдете оқытады. Ендеше бірде бір мемлекеттік мектеп бұл дең­гейге жете алмауы мүмкін. Сондай-ақ олар түрлі үйірме-секция, ке­ңейтілген сабақтан тыс бағдарлама, бассейн, зертханалар, заманауи жаб­дықталған кабинеттер ұсына­ды, баланы нақты бір кәсіп пен спортқа бейімдейді. 

Ашық дереккөздерге сәйкес, Haileybury Astana британдық мек­тебінде баланы ақылы оқыту бір жылға 9-дан 13 миллион теңгені талап етеді. Оның түлектері Ұлы­британия университеттері мен кол­ледждеріне түсе алады. Cambridge IGCSE пен A-Levels халық­аралық бағдарламасына құрылған Spectrum International School ақы­сы оқыту деңгейіне қарай 7-ден 9 миллион теңге аралығында құбы­лады. Miras International School жылдық ақысы – 4-7 млн, Nurorda School – шамамен 4,7 млн (+та­мақтануына 740 мың теңге), Tamos Space School – 2,6-3 млн, Flagman Primary School – шамамен 2,8 мил­лион теңге сұратады. 

Қаржы министрі Мәди Такиев жеке мектептерге мемлекеттік тап­сырыс беру тетіктерін қайта қарау бағытында жұмыстар басталып кеткенін мәлімдеді. Ол осы салада проблема барын және оны шешу үшін жекеменшік мектептердің қаржыландыру процестері толық цифрландырылып, келісімшарттан бастап ақша төлеуге дейінгі қыз­мет­терге төлемдер есепке алынға­нын хабарлады. 

Соның нәтижесінде, аз уақыт ішінде 55-ке жуық жеке мектеп бюд­жеттік қаржыландырудан қа­ғыл­ды. Мемлекеттік OrtaBilim ақ­параттық жүйесінің 2026 жылғы қаңтардағы мәліметтеріне сәй­кес, e-Qazyna.kz веб-порталында биыл 789 жеке мектеппен ғана 78,7 миллиард теңге көлемінде қар­жы­ландыруға келісім бекітіліпті. Са­лыстырар болсақ, былтыр 845 мек­теппен келісім жасалған еді. 2025 жылғы республикалық бюд­жеттен Оқу-ағарту министрлігіне мемлекеттік білім беру тапсыры­сын жекеменшік орта білім беру ұйымдарында орналастыруға 136,6 млрд теңге бөлінген-тін.

– Жалпы, бұрынғы жылдары қаржыландырылған 206 жеке­меншік білім мекемесі белгіленген талаптарға сай келмейді деп та­ныл­ды. Оқушылар мен мұғалім­дер­ді жалған тіркеу және қосар­лан­ған есепке алу, рұқсат етілген жобалық қуаттан артық жүктеу және тағы басқа жағдайлар анық­талды. Аудит барысында мынадай теріс үрдістер әшкереленді: 1 333 оқушы бір мектептен екіншісіне 5-тен 12 ретке дейін көшіп жүрген. 64 жекеменшік мектепте оқушы­лардың саны ғимаратының жоба­лық қуатынан екі есе артық болып шықты. 2024 жылы 167 жеке мек­теп төл салықтық есептілігінде кіріс таппағанын көрсеткен, – деді министр Мәди Такиев.

Осыған байланысты Ішкі мемлекеттік аудит қызметінің аумақтық департаменттері арнайы хат жолдады, нәтижесінде мек­теп­тер 1,2 млрд теңге көлемінде са­лық­ты төледі. Бүгінгі таңда 46 мек­тепте қарсы тексерулер жүргізу жалғасқан. 

Келесі кезеңде 6 887 мемле­кеттік мектепті, балабақшалар мен университеттерді цифрландыру көзделген. Бұл қадам білім беру қызметтерін бюджеттен қаржы­ландырудың барлық циклінде толық ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтіледі. 

Елдос СЕНБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 08:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see144

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see119

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

15 Шілде 2026 17:44see116

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see115

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

15 Шілде 2026 16:19see115

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see115

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see114

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see114

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

15 Шілде 2026 19:30see113

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

15 Шілде 2026 15:54see113

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

16 Шілде 2026 17:14see112

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

16 Шілде 2026 16:08see112

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

16 Шілде 2026 16:40see112

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

16 Шілде 2026 17:44see111

Құдай сақтапты! : Мақпал Жүнісова жолда қауіпті жағдайға тап болды

15 Шілде 2026 14:57see111

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

15 Шілде 2026 17:46see111

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

16 Шілде 2026 19:39see109

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

16 Шілде 2026 22:13see108

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

16 Шілде 2026 23:55see108

АЙҚЫН ЛИТЕР ЖШС Құрылтай депутаттығына үміткерлерге газет пен сайт алаңын ұсынады

16 Шілде 2026 06:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары