Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Жария кешірім сұраудан жалақыдан айыруға дейін: Құрылтай депутаттары не үшін жазалануы мүмкін

Жария кешірім сұраудан жалақыдан айыруға дейін: Құрылтай депутаттары не үшін жазалануы мүмкін

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

10 қыркүйекте Құрылтайда депутаттардың алғашқы жалпы отырысы өтті. Отырыс аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг ұйымдастырылды. Жиында депутаттардың қандай әрекеттері іскерлік этиканы бұзу болып саналатыны және ол үшін қандай жазалар қарастырылғаны айтылды. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еспаеваның түсіндіруінше, сөйлеушілердің адресіне негізсіз ескертулер жасау, сондай-ақ депутаттардың немесе өзге тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін балағат сөздер айту құқық бұзушылық болып есептеледі.

Дания Еспаеваның айтуынша, депутаттық этика талаптары тек Құрылтай отырыстарына, депутаттық топтар мен өзге де органдардың жұмысына ғана емес, сонымен қатар депутаттардың Құрылтайдан тыс жердегі іс-әрекеттеріне де қолданылады.

Депутаттардың БАҚ өкілдерімен қарым-қатынасына қатысты да бөлек талаптар белгіленген. Депутаттар өз сөздерінде, жауаптары мен сұхбаттарында тексерілген әрі шынайы ақпарат беруге міндетті.

"Қандай да бір істің орындалмай жатқанын жай ғана айта салу немесе дәлелденбеген фактілерді келтіру - бұл да депутаттық этиканы бұзу болып саналады", - деп атап өтті Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева.

Көпшілік алдында кешірім сұраудан бастап жалақыдан айыруға дейін

Этика бұзушылықтары туралы өтініштерді қарау үшін Құрылтайда Депутаттық этика жөніндегі кеңес құрылады. Еспаеваның сөзінше, кеңес жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарастырып, түсіндіру жұмыстарымен айналысады.

Кеше Депутаттық этика жөніндегі кеңестің регламенті қабылданды. Құжатта этикалық нормаларды бұзған депутаттарға қолданылатын жазаның бірнеше түрі қарастырылған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

306 заңбұзушылық: Астанада жүргізуші жазаланды

Кеше 18:00 1

Атап айтқанда, депутатқа сөгіс жариялануы немесе ол көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелуі мүмкін. Сондай-ақ Құрылтайдың бір отырысында сөз сөйлеуге тыйым салу, ал қатаң шара ретінде үш отырыс бойы сөйлеу құқығынан айыру көзделген.

Сонымен қатар заң бойынша депутатты Құрылтайдың бір немесе үш отырысынан шығарып жіберу мүмкіндігі бар. Аталған жазалардың ішіндегі ең қатаңы - бір күндік жалақысынан айыру.

Бұл ретте өтініш бойынша түпкілікті шешімді Депутаттық этика жөніндегі кеңестің өзі ғана қабылдамайды. Кеңес заң бұзушылықты қарап, тиісті шешім шығарады, содан кейін мәселе Құрылтай сессиясы деңгейінде қаралады.

Еспаева Кеңестің тек заң бұзушылықтарды қарап қана қоймай, түсіндіру жұмыстарын да жүргізетінін қадап айтты. Ол мұны Құрылтайдың қазіргі құрамы шамамен 70–80 пайызға жаңарғанымен және көптеген депутат үшін жұмыс ережелерінің таңсық екендігімен түсіндірді.

Журналистер депутат Снежанна Имашевадан депутаттың отырыс уақытын құттықтауға пайдаланған оқиғасы туралы сұрап, құттықтаудың өзі ме, әлде ол үшін отырыс уақытын пайдалану ма, қайсысы заң бұзушылық болып саналатынын нақтылады.

Имашева Құрылтай регламентінің 274-тармағының 5-тармақшасына сілтеме жасады. Осы нормаға сәйкес, депутат қалыпты жұмысқа кедергі келтірмеуі және Құрылтай отырыстарындағы, сондай-ақ оның жұмысшы және консультативтік-кеңесші органдарындағы сөздерін депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға қатысы жоқ жеке және өзге де өтініштер үшін пайдаланбауы тиіс.

Оның айтуынша, мұндай норма бұған дейін Мәжіліс регламентінде болмаған, алайда жинақталған тәжірибені ескере отырып, жаңа құжатқа енгізілген.

"Мінберден жеке мәселелерді айтуға болмайды, тек өзіне берілген өкілеттіктер аясында ғана сөйлеу керек", - деді Имашева.

Журналистер Имашевадан этикалық нормаларды өрескел бұзғаны үшін депутаттық мандаттан айыру мүмкін бе деп те сұрады.

"Депутаттар мандатынан айырылуы мүмкін, бірақ бұл мәселе бойынша шешімді партия қабылдайды. Ол үшін Құрылтайдың Депутаттық этика жөніндегі кеңесі комиссиясында тиісті қаулы шығарылуы тиіс", - деп жауап берді ол.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы қыркүйекте Мәжілістің бұрынғы депутаты Ардак Назаров төменгі палатаның жалпы отырысының тікелей эфирінде анасын туған күнімен құттықтаған болатын. Назаров депутаттық сауалын жолдар алдында анасын мерейтойымен құттықтауға рұқсат сұрап, вице-спикердің жауабын күтпестен бірден құттықтай жөнелген еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see147

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see138

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see132

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see129

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see127

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see127

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see126

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see126

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see122

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see122

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see121

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see119

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see119

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see117

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see116

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see114

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see114

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see112

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары