Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Қазақстандықтар тыйым салынған контентті репост жасағаны үшін жазалануы мүмкін

Қазақстандықтар тыйым салынған контентті репост жасағаны үшін жазалануы мүмкін

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ақпараттық кеңістікте құқыққа қайшы контентті анықтауға арналған ережелерді әзірледі. Құжатқа сәйкес, мұндай материалдарды таратқандарға бұғаттау, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, ҚМА өз құзыреті шегінде ақпараттық кеңістіктегі заңға қайшы контентті анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізеді.

Қандай ақпарат тексеріледі?

Агенттік ашық дереккөздерде жарияланған ақпаратты бақылап, талдайды. Олардың қатарына мыналар кіреді:

интернет-ресурстар; әлеуметтік желілер; мессенджерлер; бұқаралық ақпарат құралдары; басқа да ақпараттық-коммуникациялық платформалар.

Сонымен қатар ҚМА мониторинг жүргізу кезінде жеке деректерді қорғау туралы заң талаптары сақталатынын атап өтті.

Құқыққа қайшы контент анықталса не болады?

Егер тексеру барысында құқыққа қайшы материал анықталса, агенттік бірнеше шара қолданады:

егер қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болса, іс қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес қаралады; қылмыстық белгі болмаса, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға жіберіледі; егер телекоммуникация желілерінде Қазақстан заңдары немесе сот шешімдерімен тыйым салынған материалдар анықталса, оларды бұғаттау үшін массмедиа саласындағы уәкілетті органға хабарлама жолданады.

Мұндай хабарлама жіберілген кезде ҚМА ақпараттық жүйеге тиісті деректерді енгізуі тиіс. Оның ішінде:

ұсынылған мәліметтердің заңдылығы мен негіздемесі; анықталған материалдардың заңға қайшы екенін дәлелдейтін скриншоттар болуы керек. Қандай контент заңға қайшы деп танылады?

"Ашық НҚА" порталында жарияланған жобаға сәйкес, бұл ережелер былтыр Парламент қабылдаған құқықбұзушылықтың алдын алу туралы заң аясында әзірленген.

Мәжілісте заң жобасы қаралған кезде заңға қайшы контентті жариялағаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі айтылған. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға сәйкес, заңға қайшы контентке мыналар жатады:

конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге немесе Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру; мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру; соғысқа үгіттеу; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе рулық артықшылықты насихаттау; қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін, суицидті, порнографияны, есірткі және психотроптық заттарды насихаттау; сепаратизм, алаяқтық және ұлтаралық немесе конфессияаралық келісімді бұзуға ықпал ететін ақпарат.

Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияларды жария ету немесе заңмен тыйым салынған басқа да ақпараттар заңға қайшы контент ретінде қарастырылады.

Репост үшін де жауапкершілік болуы мүмкін

Заң жобасы Парламентке түскеннен кейін әлеуметтік желілерде тек заңсыз контентті жариялағандар ғана емес, оны бөліскендер де жауапқа тартылады деген пікірлер тараған.

Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов растаған. Оның айтуынша, жауапкершілік тек контентті жасағандарға ғана емес, оны таратқандарға да қатысты болады.

"Бұл жерде нақты: кім таратады, кім жариялайды, кім бөліседі, бәрі де жауапкершілікке тартылады. Егер адам видео түсіріп, өз парақшасына жарияласа, ол міндетті түрде жауап береді. Ал егер біреу құқыққа қайшы видеоны репост жасаса, ол да тиісті бап бойынша жауапқа тартылады", - деді депутат.

Магеррамовтың айтуынша, тіпті адам өз парақшасында зорлық-зомбылыққа шақыратын немесе басқа да заңға қайшы мазмұндағы видеоны заң бұзушылық екенін атап көрсетіп жариялаған күннің өзінде, ол бәрібір мұндай контентті таратушы болып есептеледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:235
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 10:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see150

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see148

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see147

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see146

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see145

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see144

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see138

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see133

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see129

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see125

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see121

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see119

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see119

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2026 12:30see119

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see119

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

25 Қазан 2026 12:52see118

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see117

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see117

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

25 Қазан 2026 14:26see114

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары