Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Жастар зауытта жұмыс істегісі келмейді: Машина жасау саласы қалай дамып жатыр

Жастар зауытта жұмыс істегісі келмейді: Машина жасау саласы қалай дамып жатыр

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

10 жылдағы өсім қандай?

Алдымен сандар сөйлесін. Қазақстанда машина жасау саласы соңғы он жылда қарқынды дамып, өндіріс көлемі 8,5 есеге артты. Әсіресе автокөлік пен электр жабдықтарын өндіру бағыттары серпін алып, отандық өндірістің құрылымын жаңа деңгейге көтере бастады.

Инфографика: Kazinform

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбековтің айтуынша, бұл – өндірістік әлеуеттің жүйелі әрі кезең-кезеңімен қалыптасуының нәтижесі.

– Отандық машина жасау бүгінде өңдеуші өнеркәсіптің негізгі салаларының бірі әрі Қазақстанның индустриялық дамуының базалық тірегі болып отыр. Салада 5 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, олар 37 қосалқы саланы қамтиды. Машина жасау тұрақты өсім көрсетіп, өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы үлесі шамамен 20%-ға жетті.

Егер 2015 жылы өндіріс көлемі 670 млрд теңгені құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,7 трлн теңгеге жетіп, 8,5 есеге артып отыр, – деді Талғат Базарбеков.

Экспорттық әлеует артып жатыр

Саладағы өсім экспорттық мүмкіндіктердің кеңеюімен қатар жүріп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан теміржол, электротехникалық және ауыл шаруашылығы машина жасау бағыттарында орнықты құзыреттер қалыптастырды.

Инфографика: Kazinform

Бүгінде отандық өнімдер Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ Әзербайжан мен Вьетнамға жеткізілуде. Негізгі экспорттық нарық – үлесі 50%-дан асатын Ресей.

Бұл үрдісті халықаралық әріптестік айтарлықтай күшейткен. Елімізде Alstom, Wabtec және Stadler секілді ірі компаниялар  технология трансферіне жол ашуда. Ал тұрмыстық техника мен электроника сегментінде Samsung Electronics және басқа да инвесторлардың жобалары іске асырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы машина жасау саласында да әлемдік брендтердің қатысуы артып келеді.

Саланың экспортқа бағытталуы нақты инвестициялық жобалармен де бекітіліп отыр. Өткен жылы жалпы құны 655,5 млрд теңгені құрайтын 38 жоба іске қосылып, 9 967 жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты мен Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan өндірісі бар. Сондай-ақ өңірде «KamLitKZ» зауыты іске қосылып, жүк техникасына арналған редукторлар өндірісі жолға қойылды.

Талғат Базарбековтің пікірінше, қалыптасқан өндірістік база саланың экспорттық әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Фото: Талғат Базарбековтің жеке мұрағатынан

– Мұнай-газ машина жасау саласында сорғылар, компрессорлар, арматура және құбыржолдарға арналған жабдықтар өндірісі дамып келеді. Бұл импортты алмастыруға және технологиялық тәуелсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Электротехника мен тұрмыстық техника өндірісіне тартылған инвестициялар да экспорттық әлеуетті күшейтеді. Саран қаласындағы «Silk Road Electronics» ЖШС базасында жаңа өндірістер дамытылып, Алматы облысында «ALMATY TURMYSTYQ TEHNIKA ZAVODY» жобасы жүзеге асырылуда. Жылына 750 мың данаға дейін өнім шығаратын бұл кәсіпорын ішкі сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа шығуға да жол ашады, – деді спикер.

240 жылдық еңбек дәстүрі бар әулет

Салада цифрландыру қарқын алғанымен, адам еңбегінің маңызы әлі де жоғары. Әсіресе өндірістің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуде еңбек династияларының рөлі ерекше. Бұл – тек кадрлық сабақтастық емес, жылдар бойы жинақталған тәжірибенің жалғасуы. Осындай дәстүрдің айқын көрінісі – Баранниковтар әулеті. Бұл отбасының машина жасау саласындағы жалпы еңбек өтілі 240 жылды құрайды.

Әулет тарихы өткен ғасырдың алғашқы жартысынан бастау алады. Петр Дмитриевич Баранниковтың отбасы 1930 жылы Ленин ауданының Ново-Петровка ауылынан Петропавл қаласына қоныс аударған. Бес адамнан тұратын отбасында Петр – тұңғышы еді. Соғыс басталғанда ол Мәскеуден эвакуацияланған зауытта еңбек ете бастады.

1944 жылы Петр слесарь болып жұмыс істеді, ал 17 жасында слесарь-құрастырушы ретінде жауынгерлік разряд алды. Жас жігітке жүктелген жұмыс оңай болмады. Соғыс жылдары ол бірде-бір жұмыс орнын ауыстырған жоқ. Құммен тазалаушы, слесарь, механик болып еңбек етіп, бөлшектердің герметикалығын сынады, пневматикалық балғамен жұмыс істеді.

1946 жылы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды. Соғыстан кейін 23 жасында учаске бастығы болып тағайындалып, кейін құрал-сайман шаруашылығының бас құрастырушысы қызметіне дейін көтерілді. Бүгінде ол «ЗИКСТО» зауытының құрметті ардагері ретінде танылған.

Фото: Петр Баранниковтің жеке мұрағатынан

Уақыт өткен сайын әулет дәстүрі үзілген жоқ. Бүгінде оның жолын ұрпақтары жалғастырып келеді. Әулеттің өкілі Ольга Баранникова да жолаушылар вагондарын шығаратын «ЗИКСТО» кәсіпорнында еңбек етеді.

– Жұмысқа 2001 жылы орналастым. Атама «алдымен зауытта жұмыс істеймін» деп уәде бердім. Біздің әулетте атам да, апам да, жалпы барлығы зауытта еңбек еткен. Атам оның іргетасы қаланған күннен бастап жұмыс істеді. Ол кезде қоршау да болмаған, бәрі енді ғана қалыптасып жатқан еді. Ал мен жұмыс істеген уақыт ішінде өндіріс жаңарып, барлығы заманауи бағытқа көшті, – деді Ольга Баранникова.

Қазіргі таңда өндірісте роботтандыру қарқынды дамып келеді. Соған қарамастан, еңбек әулеттері – ұрпақтан ұрпаққа берілетін баға жетпес тәжірибенің қайнар көзі.

– Біз атамыз айтқан жолдан танбаймыз. «Еңбек бәрін жеңбек» – әулеттің ұстанымы, – дейді ол.

Оның айтуынша, технологиялар мен жабдықтар жылдам дамыған сайын кадрларға қойылатын талап та күшейе түседі. Сондықтан мамандар үздіксіз білім алып, біліктілігін жетілдіріп отыруы тиіс.

Фото: Ольга Баранникованың жеке мұрағатынан

– Машина жасау саласында токарьлар, дәнекерлеушілер және жалпы жұмысшы мамандар жетіспейді. 1990-жылдары сала «жойылғалы тұрған» секторға айналды, өйткені көпшілік банк қызметкері болып, кеңседе жұмыс істеуді таңдады. Қазір де жастар зауытта еңбек етуге аса қызықпайды, – дейді спикер.

Кадрлық саясатты қалай түзейміз?

Байқағанымыздай, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығының төмендігі – саладағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл бағытта елімізде нақты шаралар қолға алынып, білім беру жүйесі еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделіп келеді.

Мәселен, Еуразия ұлттық университетінде студенттерді өндіріс талаптарына сай даярлауға  мән беріледі. Мұнда теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы болашақ инженерлердің кәсіби дағдыларын ерте кезеңнен қалыптастыру көзделген.

– Оқу бағдарламалары тәжірибеге бағытталған. Студенттер зертханалық жұмыстар, жобалық тапсырмалар мен ғылыми зерттеулер арқылы нақты инженерлік міндеттерді шешуді үйренеді, – дейді университеттің Көлік және энергетика факультеті Көлік инженерия кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Бағлан Тоғызбаева.

Білім ордасында заманауи ғылыми зертханалар мен оқу-өндірістік орталықтар жүйелі түрде дамытылып келеді. Атап айтқанда, робототехника, мехатроника және цифрлық технологиялар бағытында арнайы зертханалар жұмыс істейді.

Фото: Бағлан Тоғызбаеваның жеке мұрағатынан

– Бүгінде университетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде 240-тан астам білім беру бағдарламасы жүзеге асады. Инженерлік бағыттағы заманауи зертханалар студенттерге роботтандырылған жүйелермен және цифрлық технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл болашақта 3D-принтинг, өнеркәсіптік роботтарды басқару сияқты жаңа мамандықтарға кадр дайындауға негіз болады, – дейді ғалым.

Профессордың пікірінше, өндірістік практика студенттердің кәсіби қалыптасуында шешуші рөл атқарады.

– Практика барысында студенттер өндірістік процестерге қатысып, нақты жобаларда жұмыс істеуге мүмкіндік алады, – дейді ол.

Оның айтуынша, саладағы кадр тапшылығын жүйелі түрде шешу үшін білім мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажет.

Фото: Freepik; DALL-E

– Машина жасау саласында кадрлық дефицит болмас үшін бірқатар шара қажет. Атап айтқанда, университет пен өндіріс арасындағы дуалды білім беру жүйесін дамыту, жаңа технологияларға арналған зертханалар мен инженерлік орталықтарды ашу, кәсіпорындардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуын арттыру керек. Осындай шаралар инженерлік кадрларды сапалы даярлауға және машина жасау саласының дамуына үлкен ықпал етеді, – деп қорытындылады профессор.

Салада нені өзгерту қажет?

Саланы дамытудағы негізгі тірек – білікті кадр. Бұл тұрғыда өндірісте тәжірибе жинап, кәсіби жолын нақты қалыптастырған мамандардың орны бөлек. Солардың бірі – Роман Шенфельд. Ол Қазақстандағы ұшақ пен тікұшақтарға арналған авиациялық жабдық шығаратын бірегей кәсіпорында еңбек етіп жүр.

Жас маман дипломын қолға алғаннан кейін Көкшетаудағы «Тыныс» кәсіпорнына жұмысқа орналасып, еңбек жолын осы жерден бастаған.

– Кәсіпорында слесарь-құрастырушыдан цехтің аға инженер-технологына дейін өстім. «Тыныс» – тамаша мектеп. Осы жылдар ішінде құрал-сайман өндірісінің ерекшеліктерін үйрендім, бұл бүгінгі таңда күрделі технологиялық тізбектерді басқаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын тек авиациялық жабдықпен шектелмей, теміржол саласына арналған тораптар мен өртке қарсы жабдықтар өндірісін кеңейтуде, – деді ол.

Фото: Роман Шенфельдтің жеке мұрағатынан

Роман саланың болашағын жоғары технологиялы кластер ретінде бағалайды. Оның айтуынша, Қазақстан біртіндеп қарапайым жинақтаудан толық циклдік өндіріске өтіп, бәсекеге қабілеттілігін арттырып келеді.

– 2030–2035 жылдары кәсіпорын азаматтық және арнайы техника өндіру саласында халықаралық жеткізу тізбектерінің бір бөлігіне айналуы мүмкін, – деді ол.

Сонымен қатар салада шешімін күтіп тұрған жүйелі мәселелер де бар. Кадр тапшылығымен қатар импорттық шикізатқа тәуелділік, роботтандыру деңгейінің төмендігі және импорт үлесінің жоғары болуы негізгі түйткілдер қатарында қалып отыр. Бүгінде машина жасау өнімдері ел импортының шамамен 44%-ын құрайды. Бұған қоса, сыртқы нарыққа толыққанды шығу үшін халықаралық стандарттарға сәйкестік пен сервистік инфрақұрылымды дамыту қажет.

Мәселелерді шешуде мемлекеттік қолдау мен салалық үйлестірудің маңызы зор.

– Кәсіпорындардың жүктемесі көбіне тұрақты әрі ұзақмерзімді тапсырыстарға байланысты. Осыған орай салаға ашық, болжамды және жүйелі мемлекеттік қолдау қажет. Сұранысқа ие шаралардың қатарында шикізатқа қолжетімділікті арттыру, жеңілдетілген қаржыландыру, жергіліктендіруді қолдау, цифрландыру мен кадр даярлау бағдарламалары бар. Келесі кезең – экспорттық экспансия мен жаһандық өндірістік тізбектерге интеграция. Бұл жерде одақтың рөлі саланың мүддесін қорғауда, – деді Талғат Базарбеков.

Жалпы, сала дамуына қажетті негізгі алғышарттар қалыптасқан. Ресурстық база, өндірістік және инженерлік құзыреттер, сондай-ақ ірі нарықтарға географиялық жақындық – мұның барлығы машина жасау саласының әлеуетін арттырып отыр. Ендігі міндет – мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өсімді сапалы әрі тұрақты деңгейге шығару.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Наурыз 2026 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары