Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жастарды жұмыспен қамту: қандай мемлекеттік көмек түрлері көрсетіледі

Жастарды жұмыспен қамту: қандай мемлекеттік көмек түрлері көрсетіледі

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

- Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тарту мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мынадай жұмыстар жүргізді. Жастарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін оқыған адамдарды жұмысқа алуға кепілдік беретін жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылды. 2025 жылы кәсіптік оқытудың қысқа мерзімді курстарына жастардың қатарынан 3,4 мың адам жіберілді, оның ішінде 2,3 мыңы – оқу орындарына, 1,1 мыңы – жұмыс берушілерге оқуға жіберілді, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Қазіргі уақытта мансап орталықтары оқуын аяқтап, жұмысқа орналаспаған жастарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шараларды атқарып жатыр. Сонымен бірге, еңбек нарығында сұранысы бар кәсіптер бойынша онлайн оқумен 18,4 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 15,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Оқу онлайн режимде қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру маркетплейсі skills.enbek.kz порталында жүзеге асырылады. Онлайн курстар сұранысқа ие мамандықтарды оқығысы келетін немесе біліктілігін арттырғысы келетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматына қолжетімді.

Бұдан басқа, skills.enbek.kz порталында жастарды кәсіпкерлік бағытына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыруды оқытуға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары ұйымдастырылады. 

2025 жылдың басынан «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен жастар арасынан 18,9 мың адам қамтылды, соның арасында 10,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар алған жастар кейіннен 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар алуға үміткер бола алады.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana Pro

Осы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар берудің 3 легі іске асырылды, олардың қорытындылары бойынша жастарға 3,2 мың грант берілді.

- Сондай-ақ, жұмыссыз жастарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мансап орталықтары жұмыс берушілермен келісімнің негізінде субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырды. Арнаулы-орта және жоғары оқу орындарын бітірген жастарды жұмысқа орналастырудағы проблемалардың бірі - жұмыс тәжірибесінің жоқтығы. Осы проблеманы шешу үшін бүгінде еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары сияқты субсидияланатын жұмыс орындарының арнайы түрлерін іске асырады. Аталған субсидияланатын жұмыс орындарының мақсаты - еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға қажет еңбек құзыретін беру және алғашқы жұмыс орнына бейімдеу, - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

2025 жылдың басынан бастап жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына жалпы 38 мың адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде: 30,5 мыңы жастар практикасына жіберілді, 7 мың адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмысқа орналасты, 335 адам «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен қамтылды. Сонымен қатар, 36,9 мың адам әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар түріндегі субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

- Жалпы, 2025 жылы халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін 458,8 мың жас мансап орталықтарына жүгінді, оның ішінде 187,2 мыңы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды. Есепті кезеңде өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 400 мыңға жуық жас жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мыңы іске асырылып жатқан ұлттық жобалар, тұжырымдамалар және өңірлерді дамыту жоспарлары шеңберінде, 78,2 мыңы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында, 106,7 мыңы бос жұмыс орындарына, 193 мыңы Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде жұмысқа орналасты, - деп нақтылады Еңбек министрлігі.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің аясында іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шараларымен қатар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының еңбек мобильділігі орталықтары «JUMYSTAP (JOLTAP)» жобасын іске асырып жатыр. Оның басты нысаналы аудиториясы - бағдарсыз NEET санатындағы жастар.

Коллаж: Kazinform

Аталған жоба жастарға жаңа кәсіп меңгеруге, жеке іс ашуға, жұмыс табуға және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, 2024 жылғы қыркүйекте кәсіпті дұрыс таңдауға жәрдемдесу және мансаптық траекторияны басқару үшін «Мансап компасы» платформасы іске қосылды. Жасанды интеллектінің арқасында платформа ашық дерекқорлардағы вакансияларды анықтап, олардың маңызды мамандықтармен арақатынасын белгілейді. Қазіргі уақытта платформада 16 бағыт (ауыл шаруашылығы, білім беру, бизнес, медицина, туризм, ғылым, өнер, IT, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және т.б.) бойынша барынша кең таралған 745 кәсіптің тізімі қалыптастырылған.

Мұнымен қоса, «Мансап компасы» платформасында жыл сайын 100 мың оқушыны қамти отырып, кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылады. Бүгінгінде 100 683 мектеп оқушысы кәсіби бағдарлаудан өтті. Сондай-ақ, Электрондық еңбек биржасында (Портал) орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері үшін өндірістік практика функционалы іске қосылды. Функционалдылық студенттерге өндірістік практиканың қажетті орнын табуға ғана емес, сонымен қатар нақты бағыттарды алуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және кейіннен тұрақты жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Порталда «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесі мен «Жоғарғы білім берудің бірыңғай платформасы» жүйесінен алынған мәліметтер негізінде студент-практиканттың түйіндемесінің жобасы автоматты түрде қалыптастырылады. Одан әрі студенттің байланыс нөміріне Enbek.kz порталына шақырумен SMS-хабарлама жолданады, онда студенттер түйіндемесін толықтырып, өндірістік тәжірибеден өту орны бойынша іздеуге жариялай алады.

Министрлік порталды ілгерілету мақсатында:

ай сайын жұмыс берушілердің жеке кабинеттеріне Портал арқылы оның базасында өндірістік практиканы ұйымдастыру мүмкіндігі туралы кемінде 10 мың хабарлама жіберіледі. ай сайын Порталда жұмыс іздеп тіркелген студенттердің жеке кабинеттеріне өндірістік практикадан өтуге өтінім беру мүмкіндіктері туралы кемінде 5 мың хабарлама жіберіледі.

Айта кетейік, 2025 жылы оқушыларға кәсіби бағыт беретін «Мансап компасы» цифрлық платформа әзірленіп жатқанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 10:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары