Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

Таза қала конкурсы басталды

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

Жасыл сана жаңғырығы

Жасыл сана жаңғырығы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақмола облысында да бұл бағыттағы басты қозғаушы күш – «Таза Қазақстан» республикалық акция аясында жүргізіліп жатқан ауқымды іс көп. Осыған дейін өңірде сенбіліктер түрінде ғана ұйымдастырылып келген тазалық шаралары ендігі кезекте ересектермен қатар жастардың да өміріне тыңнан түрен салғандай.

Экологиялық мәдениет: сандар мен серпін

Облыс аумағында экология­лық мәдениетті дамыту бағытын­дағы жұмыстардың ауқымы да жыл сайын кеңейіп келеді. Мә­селен, тек былтырдың өзінде об­лыс бойынша 2 900-ден астам эко­логиялық акция ұйымдасты­рылып, оған 320 мыңға жуық жас қатысқаны мәлім. Бұл өңір жас­тарының табиғатты қорғау ісіне бейжай қарауды қойып, қоршаған орта ахуалының маңызын жете түсініп, баса мән бере бастағанын айғақтай түседі.

Жыл бойы өңірдің барлық ай­мағын толықтай қамтыған та­за­лық акциялары барысында жастар қоғамдық аумақтарда қордаланып қалған күл-қоқыстарды тазалау­дан бастап, аулаларды абаттан­дыру, ағаштарды әктеу, өзен ар­налары мен демалыс орындарын ретке келтіру сияқты аса маңызды істерге белсене араласқан.

Бұл жұмыстар тек тазалықпен шектелмей, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, табиғатқа жанашырлық көзқарас қалыптас­тыруға негіз болып отыр. Жастар­дың өзі де мұндай бастамалардың маңызын ерекше атап отыр. Олар­дың тың жұмыстарға деген көзқарасы мен белсенділігі эко­логиялық санасының жаңа дең­гейге көтерілгенін айқындайды. Осы ретте еріктілердің пікірі де ерекше мәнге ие. 

– Біз «Таза Қазақстан» акция­сын жай ғана шара ретінде емес, ортақ жауапкершілік деп қабыл­даймыз. Қаламыздың тазалығы мен экологиясын сақтау – әрқай­сымыздың қасиетті борышымыз. Осындай бастамалар арқылы біз табиғатқа деген жанашырлықты арттырып қана қоймай, өңіріміз­дің дамуы мен көркеюіне де өз үле­сімізді қосып келеміз деп ой­лаймын, – дейді «Мейірім» во­лон­терлік ұйымының мүшесі Ақсұңқар Қуат.

Бұл пікір бүгінгі жастардың экология мәселесіне бейжай қа­ра­майтынын, керісінше, оны өз өмірлік ұстанымына айналдыра бастағанын аңғартады. 

«Қарлы десант»: қыстағы игі бастама

Экологиялық бастамалардың ішінде теріскей аймақтар үшін ерекше маңызға ие жобаның бірі – «Қарлы десант» акциясы. Қыс мезгілінде жүзеге асырыла­тын бұл жобаның бір ерекшелігі сол – тек экологияға емес, әлеу­меттік жауапкершілікке де баса назар аударылады.

Мәселен, тек былтырғы жыл­дың басынан бері облыс бойынша 400-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 13 мыңнан астам ерікті мен жастар ұйымдарының өкілі тар­тылған. Осы сандар акцияның жас­тар тарапынан кеңінен қолдау тапқанын айғақтайды. Жұды­рық­тай жұмылған істің қашанда бе­рекесі мен берері де мол емес пе?! Жер қайысқан жастардың тегеу­рінді әрекетінің арқасында өңір­де 600-ден астам әлеуметтік ны­сан – мектептер, ауруханалар, ес­керт­кіштер мен қоғамдық орын­дар омбы қардан тазартылған.

Сонымен қатар акция аясында жалғызбасты қарттарға көмек көр­сету де жолға қойылғанын атап өткен жөн. Мәселен, тек об­лыс орталығы Көкшетаудың өзін­де еріктілер 100-ден астам қарт­тың ауласын қасат қардан тазалап, тұрмыстық қолдау көрсеткен. Облыс бойынша мұндай көмек 500-ге жуық көнекөз қарияға көр­сетіліп, жастарды ақжарма алғыс­қа бөледі. Бұл өңір жастарының табиғатқа ғана емес, қоғамға деген жанашырлығын танытатын ма­ңызды қадам екені даусыз.

Білім мен жауапкершіліктің тоғысы

Экологиялық мәдениетті қа­лыптастыруда білім беру бағы­тындағы іс-шаралардың да орны аса ерекше. Соның айқын мыса­лы – «Экосана» интеллектуалдық квиз­дері десек қателеспеспіз. Мә­селен, осы жылдың 10 наурызында Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылында өткен куизге 300-ден астам жас қатысып, эко­логиялық мәселелер бойынша білімін сынға салды. Дәл осындай форматтағы іс-шаралар Сан­дық­тау ауданы мен Степногорск қала­сында да ұйымдастырылыпты.

Куиз барысында қатысушылар қалдықтарды бөлек жинау жүйе­сін енгізу, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, ауылдық ау­мақтардың санитарлық жағдайын жақсарту сияқты ел экологиясы үшін аса маңызды ұсынысын ортаға салды.

Степногорск қаласында ұйым­дас­тырылған «Таза Қазақстан – болашақтың бастауы» атты квиз де жастардың экологиялық ой­лауын дамытуға ықпал еткенін атап өткен жөн. Мұнда қатысушы­лар теория­лық біліммен қатар, прак­тикалық тап­сырмалар орын­дап, қордалан­ған мәселелерді түзетуге бағыттал­ған нақты ше­шім­дерін ұсынды.

Елорданың іргесіндегі Қосшы қаласында өткен «Экоәдеттер» ап­талығы экологиялық мәде­ниет­тің тек акциямен шектелмейтінін айғақтап берді. Бұл жоба аясында жастар күнделікті өмірде де эко­логиялық әдеттерді қалыптас­ты­руға болатынын нақты дәлел­дермен жұрт назарына ұсынды. Жастар қарапайым әдеттердің өзі үлкен өзгерістерге бастайтынын нақты іспен дәлелдеп берді.

Шара барысында игі бастамаға мұрындық болған қатысушылар көп реттік ыдыстарды қолдану, плас­тикті азайту, макулатураны бө­лек жинау, шоппер пайдалану сияқты қарапайым, бірақ тиімді әре­кет­тер арқылы қоршаған ор­таны қор­­ғау­ға болатынын көр­сетті. Бастама аясын­да үн қатқан жастар қоршаған ортаны қорғау­ды күнде­лікті өмір салтына ай­налдыруға ерек­ше мән беріп отыр. Осындай саналы жас­тың бірі – Қосшы қалалық ­Жас­тар ресурстық орталы­ғының во­лонтері Аружан Борам­баева. Оның ай­туынша, экология­лық жа­уап­кер­шілік ең алдымен әр адамның жеке таңдауынан басталады. 

– Мен «Таза Қазақстан» жоба­сын толық қолдаймын. Қазір эко­әдеттер апталығы басталды. Осыған байланысты өз тәжіри­бем­мен бөліскім келеді. Мәселен, өз басым күнделікті өмірде плас­тик бөтелкелер мен бірреттік ыдыс­тардан бас тартып, олардың орнына шыны ыдыстарды қол­дана бастадым. Сонымен қатар үнемі өзіммен бірге шоппер алып жүремін. Бұл – күтпеген жерден дүкенге кірген жағдайда плас­тик пакеттерден бас тартуға мүм­кін­дік береді. Осындай шағын қа­дам­дар­дың өзі қоршаған ор­таның таза­лығына оң әсерін ти­гізеді деп сенемін, – дейді ерікті А.Борамбаева.

Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыру ірі акциялардан ғана емес, әр адамның күнделікті өмі­ріндегі қарапайым да саналы таң­дауынан басталатынын көрсетеді.

Наурызнамадағы экологиялық үн

Өңірде Наурызнама онкүндігі аясында өткен «Тазару күні» де экологиялық мәдениетті насихат­таудың жарқын үлгісіне айналды. Көкшетау қаласында өткен аса ауқымды акцияға 200-ге жуық ерікті қатысып, аса үлкен ауқымда ұйымдастырылған Наурыз мере­кесінен кейін шаһардың көрікті орнының бірі «Жаңа жаға­лау» аумағын қоқыстан тазартып шықты.

Екі шақырымға жуық аумақты қамтыған бұл жұмыс тазалық ша­расы ғана емес, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болды десек, артық айт­пас­пыз. Волонтерлер мерекелік ша­радан кейін шашылып қалған пластик және шыны қалдықтарды жинастырып, демалыс орында­рын ретке келтірді.

Ұйымдастырушылардың дере­гіне сенсек, жыл басынан бері қалада 50-ге жуық осыған ұқсас акция ұйымдастырылған. Алдағы уақытта ағаш отырғызу, арық­тарды тазалау, ескерткіштерді абаттандыру сияқты жұмыстар жалғаса бермек.

Экологияны насихаттаудың жаңа деңгейі

Халықтың экологиялық мәде­ние­тін қалыптастыруда ақпарат­тық жұмыстардың да рөлі ерекше екені сөзсіз. Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының дерегінше, тек жыл басынан бері ғана «Көкше ТВ» телеарнасында 4 бейнеролик пен 32 сюжет эфир­ге шыққан. Сондай-ақ өңірлік ба­сылымдарда 115-тен астам, рес­публикалық БАҚ-та 40-тан астам жарияланым жарық көрсе, әлеу­меттік желілерде 33 мыңнан ас­там ақпараттық пост жарияланған.

Бұл көрсеткіштер экология­лық тақырыптың қоғамдағы өзек­тілігін арттырып, халықтың на­зарын табиғатты қорғау мәсе­лесі­не аударуда маңызды рөл атқарып отыр.

Ұсынылған деректерге сүйен­сек, бүгінде Ақмола облысында 62 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Жалпы еріктілер саны 3,5 мыңнан асады. Олар экологиялық акция­лармен қатар, әлеуметтік бағыт­тағы жұмыстар мен жобаларға да белсенді қатысып отыр.

Еріктілердің бастамалары қо­ғамдағы өзара көмек пен жауап­кершілік мәдениетін қалыптас­тыруға ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн. Әсіресе, қарттарға көмек көрсету, табиғатты қорғау және қоғамдық кеңістіктерді жақ­сарту бағытындағы жұмыстар олардың маңызын арттыра түсуде.

P.S. 

Ақмола облысында жүзеге асырылған экологиялық бастамалар жастардың санасында жаңа құндылықтардың қалып­тасып келе жатқанын аңғартады. Яғни, бүгінгі жас буын табиғатты қорғауды міндет емес, өмірлік ұстаным ретінде қабылдай бас­таған. «Таза Қазақстан» акция­сы аясындағы жұмыстар тек қор­шаған ортаны тазартумен шектел­мей, қоғамда экологиялық мәдениетті, жауапкершілік пен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға бағыттайды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Сәуір 2026 06:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see122

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see120

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see120

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see117

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see116

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see116

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see115

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see114

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see112

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see112

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see111

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see111

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see111

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see111

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see111

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see110

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see110

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see110

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see109

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары