Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Сана тазармай, дала тазармайды

Сана тазармай, дала тазармайды

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Тым науқаншылмыз. Аптасына бір сенбілікке шығып, айналадағы қоқысты тазалағанымызбен, жер әлем жасарып, жайнамайды. Сана тазармай, дала тазармайды. Бұл – өскемендік эко белсенді Ясса Тәңірдің пікірі. Табиғатқа бейжай қарамайтын жас жігіттің ұстанымы нық, бағыты айқын.

– Бізге қоқыстың шашылып жатуы қалыпты жағдайға айналып, санаға сіңген. Көктемде сенбілікке шығамыз. Мәре-сәре болып оны тазалаймыз. Иә, қар астынан қалдықтардың қарауыта бастағанына көз үйренген. Ал өркениетті елдерде пластик бөтелке мен полиэтилен пакеттер – баға жетпес шикізат, таптырмас энергия көзі. Шындықты айтайын, бізге науқандық сенбілік емес, қоқысты толыққанды сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі қажет. «Таза Қазақстан» дегеніміз сол болар еді, – дейді Ясса.

Жас та болса, игі іске бас болып жүрген жігіт басқа да белсенділермен бірлесе тазалық жұмысын ұйымдастырады. Ол біреуге міндет артып, техника сұрамайды, өз жұмысын жарқыратып әлем желіге көрсете де бермейді. Үндемей жүріп үлкен іс тындырып жүр. Ұсыныс-пікіріне құлақ түре отырып, зауыт салуға не кедергі деп сұрадым.

– Қоқыс өңдейтін технология бар, ниет те жоқ емес. Тек билік тарапынан нақты тетіктер, «Даму» немесе «Атамекен» қоры арқылы жеңілдетілген несиелер мен инвесторларға жасалатын жағдай жетіспейді. Шикізат халықтың қолында, тек соны жүйелі арнаға түсіретін саяси ерік пен кәсіпкерлік белсенділік керек, – дейді кейіпкеріміз.

Өзінің тың идеясы мен азаматтық ұстанымы бар жігіттің айтуынша, баланы жөргектегі кезінен бастап табиғатты аялауға, отансүйгіштікке баулымасақ, ертең кеш болады. Ал санаға сөз қонбаса, заң сөйлеуге тиіс деп есептейді.

– Тәртіпке бағынғысы келмегенге айыппұлдан басқа ем жоқ. Камераларды көбейтіп, профилактиканы күшейту – қоғамды сауықтырудың бір жолы. Жақсы сөзбен ұқпағанды заңның темірдей тәртібі түзетеді. Әлбетте, заң жалпыға бірдей әрекет етуге тиіс, – дейді Я.Тәңір.

Ясса тек сенбіліктерде емес, жалпы қоғамда белсенді. Ол құрған «Церо» қоғамдық бірлестігінің жұмысы құр ұран ғана емес. Олардың әр қадамы ғылыми зерттеуге сүйенеді. Мәселен, айта-айта жауыр болған Өскемендегі көк түтіннің баст­ы себебі тек зауыттар емес, көліктерден көтерілген ұсақ дисперсті шаң мен жеке сектордың түтіні екенін тәуелсіз сараптамадан өткізіп дәлелдеп берді.

Халықаралық ынтымақтастық танытып, шетелдік волонтерлермен де селбесіп жұмыс істеседі. Ресейлік волонтер Алексей Сибирскиймен бірлесе отырып, кейінгі екі жылда Шығыс пен Солтүстік Қазақстан өңірлерінде 150 мыңнан аса ағаш егуге атсалысты. Бұл – қағаз бетіндегі есеп емес, болашақ ұрпақтың тынысы, таза ауасы.

– Әкімдікте де жалынды жастар аз емес. Бүгінде мемлекет пен волонтерлер арасында сындарлы диалог орнаған. Техникалық қолдау, құрал-сайман, ақпараттық демеу бағытында мемлекеттік қолдаудың шеті көрініп келеді, – деп мемлекеттен көрсетілетін қолдауды да атап өтті ол.

Алайда ең басты мәселе – бейжайлық. Әрбір азамат өз ауласының тазалығына өзі жауапты екенін сезінгенде ғана экологиялық дағдарысты жеңуге болады. Тазалық табалдырықтан емес, әр адамның ішкі мәдениеті мен санасынан басталады.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары