Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Жылу желілері жаңарады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Кәсіптің кілті гаражда

Сана экранындағы сәуле

Сана экранындағы сәуле

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақ киносының тарихына үңілген сайын, өткен ғасырдың 60-жылдары ерекше бір шоқтығы биік кезең ретінде көзге түседі. Бұл – тек тұщымды фильмдер түсірілген уақыт қана емес, ұлттың өзін-өзі іздеген, өткенін саралап, болашағына бағыт түзеген рухани серпіліс дәуірі еді. Экранға шыққан әрбір туындыда ұлттық сана, халықтық болмыс, тарихи жады жаңаша тыныс алды. Осындай тағдырлы кезеңде кино өнерінің жүрегіне айналған тұлғалардың бірі – Әкім Тарази.

Суреткер­дің шығар­машылық жолы туралы айт­қан­да, әдет­тегі заң­ды­лықтар бұзылады. Әдет­те жазушылар киноға келеді. Ал кино арқылы үлкен әдебиетке келгендер сирек. Әкім Тарази – сол сирек құбылыстың бірі. Қаламгердің шығармашылық жолы кино сценарийі­нен басталып, кейін прозадағы биік белестерге ұласты. «Кино маған жазу­шы­лыққа жол ашты» деген сөзі – жай ғана естелік емес, тұтас бір өнер филосо­фиясының түйіні.

Мәскеудегі Жоғары сценарлық курс­та оқып жүрген жылдары жазылған «Жазира» сценарийі – жазушының қазақ киносына ашқан алғашқы есігі еді. Көп ұзамай ол қазақ киносының алтын қорына енген «Тұлпардың ізі» (1964, реж. Мәжит Бегалин), «Арман – атаман» (1967, реж. Шәріп Бейсембаев), «Қараш-Қараш оқиғасы» (1968, реж. Болат Шәмшиев) сынды үш бірдей фильмнің авторы атанды. Бір қарағанда, жанры мен тақырыбы әртүрлі бұл туындыларды біріктіретін ортақ нәрсе – адам жанына үңілу, психологиялық тереңдік һәм ұлттық бояу.

«Тұлпардың ізі» – қазақ киносының шоқтығы биік туындыларының бірі. Бұл фильм сырттай қарағанда қарапайым шопан отбасының өмірін баяндайды. Алайда оның астарында тұтас бір халықтың тағдыры, үнсіз мұңы, ішкі драмасы жатыр. Ал «Арман – атаман» балаларға арналғанымен, оның тәр­биелік, философиялық астары терең. Баланың арман әлемі арқылы қоғамның шындығы көрінеді. «Қараш-Қараш оқиғасы» – Мұхтар Әуезов шығар­масының желісімен түсіріліп, әділет, кек, адам тағдыры секілді мәңгілік тақы­рыптарды қозғайды. Осы үш фильмнің өзі-ақ Әкім Таразидың тек сценарист емес, адам жанының терең қатпарла­рын ашатын психолог-жазушы екенін дәлелдейді.

Әкім Таразидың кинодраматур­гиядағы, жалпы қазақ киносындағы келесі сүбелі еңбегі – белгілі жазушы, драматург Роза Мұқанованың әңгімесі бойынша экрандалған «Қызжылаған» (2001, реж. Сатыбалды Нарымбетов) мен «Мұстафа Шоқай» (2008, реж. Сатыбалды Нарымбетов) фильмдерінің сценарий авторларының бірі болды. Әкім ағамыз өткен ғасырдың алпысыншы жылдары, яғни қазақ киносының ең бір кемелденген тұсында дүниеге келген, ұлттық киномыздың тарихына әлдеқашан классикалық шығармалар болып енген жоғарыда аталған үш фильм­нен өзге, еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде де тақырыбы, идеясы өте бір салмақты екі бірдей фильмнің басы-қасында болыпты.

Жалпы, Тарази шығармашылығының өзегі – «сана экраны» ұғымымен тығыз байланысты. Оның пайымдауынша, әр адамның ішінде көзге көрінбейтін, бірақ үнемі жұмыс істеп тұратын ішкі экран бар. Жазушының міндеті – сол экрандағы бейнелерді дәл, анық, әсерлі етіп жеткізу. Көркем әдебиеттегі нақтылық пен ай­қындық туралы Әкім Таразидың өзі былай дейді: «...Менің ойымша, әр адамның экраны бар. Бәріміз киногерміз. Оқығанда да, жазғанда да сол сана экра­нындағы су­ретті көркем тілмен көркем етіп ақ қағазға түсіре алу керек. Сана экраны. Про­заның да құпия сыры – экран. Өзің анық көре алсаң, оқырман да көреді. Ал шұбылтып жазсаң, оқырман үшін қызық емес...».

Бұл ұстаным әлем әдебиетінің алыптарымен үндес. Лев Толстой «анық көр­мегенді жазба» десе, Михаил Бул­­гаков «көз алдыңда жоқ дүниені қа­ғазға түсірме» дейді. Ал Андрей Тар­ковский үшін жақсы сценарий – терең жазушылық дарынның жемісі. Осы үш ойдың тоғысқан тұсында Әкім Тарази шығармашылығы тұр.

Иә, Тарази үшін жазу – көру. Оның «сана экраны» туралы ойы – тек метафора емес, тұтас шығармашылық әдіс. Ол алдымен ішкі әлемінде көрініс жасайды, содан кейін ғана оны сөзге айналдырады. Сондықтан қаламгердің прозасын оқығанда, кино көріп отырғандай әсер аласың. Кадрлар ауысады, жа­рық өзгереді, дыбыс естіледі. Оқыр­ман – көрерменге айналады. Ал кино теориясы тұрғысынан алғанда, Андрей Тарковский айтқан «сценарист – ең алдымен жазушы» деген тұжырым Әкім Таразидың шығармашылығында толық дәлелденгендей. Оның сценарийле­рінде әрбір деталь – тірі, әрбір пауза – мағыналы. Кейде кейіпкердің бірауыз сөз айтпауы тұтас монологтен артық әсер қалдырады. Оның кейіпкерлері – өмірдің өзінен алынғандай. Олар мінсіз емес, керісінше, қайшылыққа толы. Бір сәтте батыл, бір сәтте әлсіз. Бірақ дәл осы шынайылық оларды тірі етеді. Кейде олар сөйлейді, кейде үнсіз қалады. Ал сол үнсіздіктің өзін­де тұтас бір тағдырдың салмағы жатады.

Әкім Тарази тек шығармашылықпен шектелмей, қазақ киносының дамуы­на институционалдық деңгейде де үлкен үлес қосты. Ол 1962–1970 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының редакциялық алқа мүшесі, бас редакторы бола жүріп, осы кезеңде түсі­рілген қаншама фильм мен олардың сценарийінің талқылау жұмыстарына белсене қатысты. Кино өнерімен байланысы Қазақстан кинеметаграфис­тер одағының бірінші хатшысы болып қызмет еткен 1970–1980 жылдары да жалғасын табады. Кино өнеріндегі үлкен тәжірибесі көп ұзамай алды­мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемле­кеттік театр және кино институтында (қазіргі Темірбек Жүргенов атындағы Қа­зақ ұлттық өнер академиясы), сонан соң Ас­тана қаласындағы Қазақ ұлт­тық өнер университетінде (қазіргі Күләш Бай­сейітова атындағы Қазақ ұлтт­ық өнер университеті) де болашақ кинодраматург­тер дайындауда көмекке келгені даусыз.

Көріп отырғанымыздай, көрнек­ті жазушы Әкім Таразидың кинодра­матургиядағы алғашқы қадамының өзі толағай шығар­машылық табыс әкелгені кездейсоқ емес еді. Сондықтан жазушы прозасының кинематографиялық табиғаты дегенде, ең алдымен, жекелеген бейнелер мен оқиғалардың көз алдыңызда анық көрінуі, монтаждық құрылымы, кейіпкерлер бейнесі мен оқиғалар тізбегін баяндауда алма-кезек ауысып отыратын, оқырманға «көрініп, сезіліп, естіліп тұратын» әрқилы план­дардың, ракурстардың, жарықтың, ды­быстың, т.б. көмегіне жүгінуі, оқиға­лар­дың ішкі ритмі мен атмосферасын қалып­тастырып, оны «уыстан шығармай» ұстап отыру ерекшеліктері аса назар аудар­тады. Бұл ерекшеліктердің кез кел­ген прозалық шығармасының ішкі және сырт­қы тұтастығы мен көркемдік бірлі­гінің сақталуына тигізетін ықпалы өте зор.

Әкім Тарази ең алдымен – өте терең психолог жазушы, кинодраматург. Шығармаларындағы кейіпкерлердің бейнесі іс-әрекеті мен сөз арақатынасының ғажап дәлдігімен ерекшеленеді. Тіпті кейіпкердің үнсіздігінің өзі кейде қызыл сөзден әлдеқайда әсерлі, әлдеқайда түсі­нік­тірек. Бұл жоғарыда аталған бар­лық фильмнің, соның ішінде, әсіресе, пси­хологиялық драмаға құрылған «Тұл­пар­дың ізі» фильмінің сценарийіне (әрине фильмге де) де қатысты.

Әкім Таразидың кинодағы шығарма­шы­лығында да, қазақ киносының тарихында да «Тұлпардың ізі» фильмінің алатын орны ерекше. Ең алдымен, ол қазақ ұлттық кинодраматургиясы мен режиссурасының әдемі үндестік та­уып, бір жерде тоғысқанын айғақтайды. Сонымен бірге, «Тұлпардың ізі» – ұлттық кино өнерінің тарихында қазақ тілінде түсірілген тұңғыш фильм. Тағы бір маңызды сәт – сценарий мәселесі ең бір өзекті болып тұрған 1960 жылдардың басында кинематографистердің назарын бірден аудартқан «Жазира» сценарийінің авторы Әкім Әшімов осы фильмнен бас­тап қазақ өнері мен әдебиетінің тарихына «Әкім Тарази» болып енді.

«Тұлпардың ізі» – кинематография­лық стилі, формасы, жанры, әрине, кейіп­керлерінің бейнесі де ең алдымен, әдеби сценарийінің негізінде дүниеге келген фильм. «Арман – атаман», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қыз­жылаған», «Мұс­тафа Шоқай» фильм­дері де осындай шығармалардың қа­тарынан екенін айтуымыз керек. Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты көр­некті жазушы, драматург, кино­драматург Әкім Таразидың сцена­рийлері бойынша түсірілген бұл фильм­дердің әрқайсысының қазақ кино­сының тарихы үшін маңызы өте зор.

Әкім Тарази – тек бір дәуірдің емес, бірнеше кезеңнің үнін жеткізген суреткер. Ол үшін өнер – уақытқа тәуелді емес, керісінше, уақытты сөйлететін күш. Суреткер шығармаларында кеше мен бүгін, шындық пен қиял, сөз бен бейне өзара үйлесім табады. Сондықтан Тарази туралы айтқанда, біз тек жазушыны немесе сценаристі емес, тұтас бір көркем ойлау жүйесін айтамыз. Ол – экран арқылы ойлайтын, сөз арқылы көрсететін, үнсіздік арқылы сөйлейтін сирек дарын. Қазақ киносының тарихында Әкім Таразидың орны – жарық сәуле секілді. Ол сәуле кейде бәсең көрінуі мүмкін, бірақ ешқашан сөнбейді. Өйткені ол сыртқы жарық емес, ішкі нұрдан туған. Ал ішкі нұр – мәңгілік.

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинотанушы

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 08:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see120

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see115

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see112

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see110

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see110

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see109

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see104

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see104

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see103

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see103

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see101

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see99

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see98

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары