Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Желдің әсері: Атырау облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Желдің әсері: Атырау облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырау облысы әкімінің төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, қолайсыз ауа райының салдарын жою және аймақтың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 

Қазгидромет мәліметінше, бүгін Индер ауданында желдің екпіні  30 м/с-қа, Атырау қаласында 24 м/с-қа дейін жеткен. Түнде облыс бойынша жел 23–28 м/с-қа күшейіп, ертең күндіз 18 м/с, кешке қарай 15–18 м/с болады деп күтілуде. Сол себепті барлық қызмет күшейтілген режимдегі жұмысты жалғастыруда.

Төтенше жағдайлар департаменті ұшқан шатырларды жинау және демонтаж жұмыстарын ұйымдастырды, автожолдардың жекелеген учаскелері жабылды, тасжолдарға кезекшілік қойылып, жылыну қосындары ашылды және құтқару бригадалары жұмылдырылды.

Облыс аудандарында бірқатар нысанға зақым келген. Индер ауданында 6 нысанның шатыры бүлініп, электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарына 7 бригада мен 8 техника тартылған. Мақат ауданында мектептің шатыры бұзылған, электр желілерін қалпына келтіруге 6 апаттық бригада жұмылдырылды. Махамбет ауданында екі нысан — аудандық емхана мен 60 пәтерлі тұрғын үйдің шатырларына зиян келіп, 5 бригада жұмыс істеуде. Құрманғазы ауданында мектеп, мәдениет үйі, амбулатория және спорт залына зардап тиген. Атырау қаласында 7 нысанның шатыры мен қасбеті бүлінген. Исатай және Қызылқоға аудандарында жағдай тұрақты, күшті желдің айтарлықтай зияны тіркелмеген. 

Серік Шәпкенов бүлінген нысандарды жедел оқшаулап, адамдардың қауіпті аумақтарға кіруіне жол бермеуді, сондай-ақ полиция органдарымен бірге ұшқан шатырларды уақытында жинау және демонтаж жұмыстарын айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Бүлінген нысандардың әкімшілігіне және салалық басқармаларға әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіру бойынша алдын ала есептерді дереу дайындау, оған резервтік қордан қажетті қаражат бөлуді қарастыру, ал кепілдік мерзімі аяқталмаған нысандарды жөндеуді мердігер ұйымдардың кепілдік міндеттемелері аясында қамтамасыз ету жүктелді.

“Атырау Жарық” ЖШС мәліметінше, облыс бойынша 105 нүктеде электр жарығының сөнуі тіркелген. Негізгі себеп — сымдардың үзілуі және бір-бірімен айқасуы. Ақауларды жоюға 40 бригада жұмылдырылған, оның 11-і Атырау қаласында. Қалыпқа келтіру жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр, 85 пайызы аяқталды.

Облыс әкімі диспетчерлік қызметтердің жұмысын күшейтуді және қалыпқа келтіру жұмыстарының мерзімі жайында тұрғындарды уақытында хабардар етіп отыруды тапсырды. Сондай-ақ автожолдардағы қозғалыс шектеулерінің сақталуына бақылауды күшейту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тасжолдарда уақытша тоқтап тұрған жүргізушілер мен жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүктелді.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру нысандарын ауа райы тұрақталғанша онлайн оқыту форматына көшіру қажет. Бұған қоса, желдің күшеюіне байланысты бүліну қаупі бар ғимараттар мен құрылыстарға тұрақты мониторинг жүргізілуі тиіс. Ұйым басшыларына тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырамын», — деді облыс әкімі. 

Қазгидромет болжамына сәйкес, 15 желтоқсанның кешіне дейін боран соғады.

Кеше, 23:53

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:328
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Желтоқсан 2025 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары