Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Жер құнары төмендеп барады: мәселе қаржыда ма, жүйеде ме

Жер құнары төмендеп барады: мәселе қаржыда ма, жүйеде ме

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Өсім бар, бірақ жеткіліксіз

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сәйкес, 2024 жылы елде 1,3 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Бұл – ғылыми негізделген қажеттіліктің 42%-ы ғана. 2025 жылы көрсеткіш 1,8 млн тоннаға дейін өсіп, 57%-ға жетті. Көрсеткіштің артқанына қарамастан, бұл деңгей топырақтағы жоғалған қоректік заттарды толық қалпына келтіруге жеткіліксіз. Яғни егістік жердің жартысына жуығы әлі де тыңайтқышты толық алмай отыр. Соның салдары да айқын. Қазақстанда 29,9 млн гектар ауыл шаруашылығы жері тозған. Бұл бір күнде пайда болған мәселе емес, жылдар бойы жиналған үрдіс. Себебі әр жиналған өнім топырақтағы қоректік заттарды азайтады. Ал олар жүйелі түрде толықтырылмаса, жер біртіндеп құнарынан айырылады.

Мамандар мұны топырақ құнарының азаюымен байланыстырады. Яғни жер қорегін беріп жатыр, бірақ оның орны толық толмай отыр.

– Егер топырақтағы қоректік заттар жыл сайын азайып, орны толықтырылмаса, оның құнары төмендейді. Бұл 20–30 жылда күрделі мәселеге айналады. Ал 57% – жеткілікті деңгей емес. Бұл жердің біртіндеп әлсіреп жатқанын көрсетеді, - дейді С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры Амангелді Жұмабаев.

Алайда мәселе тек тыңайтқыш көлемінің жеткіліксіздігінде ғана емес. Оны пайдалануға бөлінген қаражаттың игерілуінде де түйткіл бар.

Министрлікке жолданған ресми сауалға берілген жауапта тыңайтқыштардың өңірлер бойынша түрлері бөлек көрсетілмейтіні айтылған. Яғни азот, фосфор, калий секілді тыңайтқыштардың нақты көлемі жеке есептелмейді. Жергілікті атқарушы органдар мәліметті тек жалпы көлеммен ұсынады. Соның салдарынан толық көрініс қалыптаспайды. Мемлекет жыл сайын тыңайтқыштарды субсидиялауға ондаған миллиард теңге бөлгенімен, өңірлерге нақты қандай тыңайтқыштың қанша көлемде жеткізілгені туралы дерек жоқ. Демек, бұл қаржының тиімділігі мен әділ бөлінуін толық бағалау мүмкін емес.

Министрлік нақты деректер бойынша Ұлттық статистика бюросына жүгінуді ұсынады. Алайда мұндағы мәліметтер де толық емес, себебі деректер барлық өндірушіні қамтымай, іріктемелі түрде ғана жиналады.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қаржы қайда жұмсалды?

2025 жылы минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға жалпы 82,4 млрд теңге бөлінді. Оның 34 млрд теңгесі жергілікті бюджеттерден, ал 48,4 млрд теңгесі Үкімет резервінен қарастырылды. Министрлік мәліметінше, жергілікті бюджет қаражаты толық игерілген. Үкімет резервінен бөлінген қаржының 46,4 млрд теңгесі, яғни шамамен 96%-ы пайдаланылған.

Ресми деректерге қарағанда, қаржының басым бөлігі игерілген. Алайда бұл көрсеткіштер жағдайдың толық көрінісін бермейді. Мәселен, елдегі негізгі астық өндіретін өңірлер – Ақмола мен Қостанай облыстары – бюджетке 2,041 млрд теңгені кері қайтарған. Бұл бөлінген қаражаттың бір бөлігі пайдаланылмай қалғанын көрсетеді.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, игерілмеген қаражат 10 қарашаға дейін бюджетке қайтарылады. Демек қаражат алдын ала бөлініп, арнайы шоттарға аударылғанымен, фермерлер оны толық пайдалана алмаған. Министрлік мұны тыңайтқыштардың қымбаттығымен және фермерлердің қаржылық мүмкіндігінің төмендігімен түсіндіреді. Яғни тыңайтқыш қажет болғанымен, оны сатып алуға көптеген шаруаның мүмкіндігі жетпейді. Қолданыстағы жүйе бойынша фермер алдымен өз қаражатын жұмсап, кейін субсидия алады. Алайда бұл тетік барлық фермер үшін бірдей қолжетімді емес.

Өңірлік теңсіздік

Өңірлер арасындағы айырмашылық та айқын көрінеді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында тыңайтқыш енгізу деңгейі қажетті мөлшердің небәрі 9%-ын құрайды. Атырау облысында – 16%. Бұл көрсеткіштер кей өңірлерде жүйе толық жұмыс істемей отырғанын көрсетеді. Өйткені бұл аймақтарда жер тыңайтқышпен жеткілікті қамтылмай, жыл сайын сол күйі өңделіп келеді. Соның салдарынан топырақ әлсіреп, ауыл шаруашылығының нәтижесі де төмендейді.

Мамандардың айтуынша, мәселе тек қаржыда емес, жағдай мен мүмкіндікте.

– Субсидия жағдайы бар жерде ғана нәтиже береді. Тыңайтқыш жеткізетін орындар, мамандар, техника қажет. Батыс өңірлерде бұл жеткіліксіз. Сондықтан бәріне бірдей мүмкіндік берілді дегенмен, нәтиже әртүрлі, - дейді Жұмабаев.

Министрлік барлық фермерге бірдей мүмкіндік берілгенін айтады. Алайда іс жүзінде өңірлердің жағдайы әртүрлі болғандықтан, нәтиже де бірдей емес. Мысалы, жағдайы жақсы Қостанай өңіріндегі фермер мен мүмкіндігі шектеулі Атырау облысындағы шаруаның мүмкіндігін салыстыру қиын. Сонымен қатар тыңайтқышты қанша қолдану керегін әр шаруашылық өзі шешеді. Мемлекет тек шекті мөлшерді белгілейді. Яғни жердің тозуын бақылаудың нақты тетігі толық қалыптаспаған.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті.

30 млн гектарға жуық жер қауіп аймағында

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сәйкес, ел аумағындағы 272,5 млн гектар жердің 29,9 млн гектары әртүрлі деңгейде тозған. Бұл – ауыл шаруашылығы алқаптарының шамамен 14%-ы.

Министрлік бұл жағдайдың негізгі себептері ретінде жел және су эрозиясын, құрғақ климатты, сондай-ақ 1954 жылдан басталған тың игеруді атайды. Сол кезеңде табиғи-климаттық ерекшеліктер ескерілмей, 25 млн гектардан астам дала жаппай жыртылған. Бұл 14% – жай ғана статистика емес, ұзақ жылдар бойы жиналған мәселе. Мамандардың айтуынша, оның салдары бүгінде айқын байқалып отыр.

– 1954 жылғы тың игеру науқаны мыңдаған жылда қалыптасқан даланы жыртып жіберді. Ол кезде топырақтың төзімділігі ескерілмеді. Бүгінде сол шешімдердің салдарын көріп отырмыз. Қазір жылына небәрі 6–7 млн гектар ғана зерттеледі. Ал ауыл шаруашылығы жерінің жалпы аумағы 220 млн гектардан асады. Осы қарқынмен жердің толық жағдайын анықтау үшін шамамен 30 жыл қажет. Бұл – жол беруге болмайтын жағдай, - дейді ғалым.

Осы мәселені ескере отырып, 2023 жылы жер мен топырақты зерттейтін бірыңғай қызмет құрылды. 2025 жылы оның аясында 6,7 млн гектарда топырақ зерттеліп, 3,8 млн гектарда жердің қоректік құрамы талданды, 7,5 млн гектарда өсімдік жамылғысы зерделенді. Бұл көрсеткіштер көлемді көрінгенімен, жалпы ауқыммен салыстырғанда жеткіліксіз. Себебі Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерінің аумағы 220 млн гектардан асады. Қазіргі қарқын сақталса, барлық жерді толық зерттеу үшін ондаған жыл қажет болады.

Заң жүзінде жауапкершілік тетігі бар. Жер кодексінің 65-бабына сәйкес, жер иелері топырақтың тозуына жол бермеуі тиіс. 93-бапта жерді мәжбүрлеп алып қою көзделген. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 338-бабы бойынша айыппұл немесе ескерту қарастырылған. Алайда талап бар болғанымен, оның орындалуы туралы ресми жауапта нақты дерек жоқ. Қанша шаруашылық жауапқа тартылды, қанша жер қайтарылды, қанша айыппұл салынды – бұл туралы мәлімет берілмеген. Бұл заң талаптарының іс жүзінде толық орындалмай отырғанын көрсетеді.

Инфографика: Kazinform

Тыңайтқыш өндірісі: жауапсыз қалған сауалдар

Қазақстандағы тыңайтқыш өндіру мүмкіндігі, сырттан әкелінетін өнім көлемі және Жамбыл облысында іске асырылып жатқан «ЕвроХим–Қаратау» жобасының жай-күйіне қатысты сауалдарға Ауыл шаруашылығы министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жүгінуді ұсынды.

Бұл – рәсім талабына сай жауап. Алайда ол мәселенің өзегін ашпайды. Елдің азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты орган негізгі сауалға нақты жауап бермеген. Яғни 2025 жылы жоспарланған 1,9 млн тонна тыңайтқышты енгізу үшін еліміздегі өндіріс жеткілікті ме, әлде сырттан әкелінетін өнімге тәуелділік сақтала ма – бұл жағы ашық күйінде қалып отыр.

Сонымен қатар субсидия беріліп отырған тыңайтқыштардың қайдан жеткізілетіні де нақты көрсетілмеген. Бұл мемлекет қаржылай қолдап отырған өнімнің шығу тегі туралы толық мәліметтің жоқ екенін аңғартады. Осы тұста Жамбыл облысындағы «ЕвроХим–Қаратау» жобасының маңызы ерекше. Жоба іске қосылған жағдайда, ішкі нарықты фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз ететін ірі өндіріс көздерінің біріне айналуы мүмкін. Бұл – елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды бағыт. Алайда жеткізу жолы толық бақылауға алынбай субсидия беру тәуекелді арттырады. Мұндай жағдайда мемлекет бөлген қаражат отандық өндірісті дамытуға емес, сырттан әкелінетін тыңайтқыштарды қолдауға жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай жағдайдың ресми есепте көрініс таппай қалуы да ықтимал.

Өнім артқанымен, нәтиже жеткіліксіз

Субсидияның тиімділігі туралы сауалға Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылғы өнім көлемінің 2024 жылмен салыстырғанда артқанын алға тартады. Атап айтқанда, дәнді дақылдар – 6,7%-ға, бидай – 10,1%-ға, мақта – 11,6%-ға өскен.

Өнім артқанымен, бұл көрсеткіштер жағдайдың толық жақсарғанын білдірмейді. Себебі мәселені тек осы деректермен бағалау жеткіліксіз. Өйткені өнім көлемі бір ғана факторға тәуелді емес. Оған ауа райы, тұқым сапасы, қолданылатын технология, суару жағдайы сияқты бірқатар жағдай әсер етеді. Тіпті кей жағдайда кездейсоқ факторлардың да ықпалы болуы мүмкін. Сондықтан екі жылдың көрсеткішін салыстыру тыңайтқыштың нақты қаншалықты әсер еткенін дәл көрсете алмайды.Министрлік те өнімнің артуына бірнеше фактор әсер ететінін атап өтеді. Осыған қарамастан, ресми жауапта субсидияның нақты тиімділігіне қатысты экономикалық есептер келтірілмеген. Мәселен, қосымша алынған әр центнер өнімге қанша бюджет қаражаты жұмсалғаны туралы дерек жоқ. Ал мұндай мәліметсіз субсидияны мемлекеттік саясат құралы ретінде толық бағалау қиын. Осылайша, мемлекет мәселені тіркеп, қаржы бөліп, көрсеткіштердің өскенін хабарлағанымен, жағдай түбегейлі өзгерген жоқ. Себебі жердің тозуы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 29,9 млн гектар жер әртүрлі деңгейде бүлінген. Ол алдағы уақытта мал азығының азаюына және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Бұл – болашақтың емес, бүгін қалыптасып жатқан жағдай. Өйткені әр маусым сайын фермерлер жерге қажетті мөлшерден екі есе аз тыңайтқыш енгізіп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Наурыз 2026 16:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see180

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see163

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see160

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see158

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see157

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see156

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see156

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see156

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see156

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see155

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see155

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see154

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see154

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see153

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see153

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see152

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see151

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see151

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see151

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see150
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары