Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Қазақстан Халық партиясы Атырауда зейнетақы мәселесін талқылады

Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты

Тоқаев пен Путин XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында келіссөз жүргізді

Қазақстанда бір тәулікте орман қорында үш өрт тіркелді

Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

Еурокомиссия TikTok тың балалар қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерін анықтады

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

Жетісу мәдениеті жандана түсті

Жетісу мәдениеті жандана түсті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәдениет десе, көптің ойына сахна, ән мен күй, театр мен кітап келеді. Ал сол рухани байлықтың көлеңкесінде көзге көріне бермейтін, бірақ ел жадын, халық тағдырын сақтап тұрған бір сала бар. Ол – архив пен құжаттама. Жетісу өңірі бұл бағытта жетіліп келеді. Өңірде мәдени мәселелер де жоқ емес. Дегенмен жаңадан салынған мәдениет үйлері шалғай ауылдардың рухани өміріне дем берді.

Суреттерді түсірген – Жұмабай Мұсабек

Архив қазынаға толып тұр

Жетісу облысы құрылғаннан бері мәдениет саласында ауқымды жұмыс ат­қарылды. Өңірде 29 жаңа Мәдениет үйі бой көтерді. Бүгінде 6 мәдени ны­сан­ның құрылысы жүріп жатыр. Биыл ­ 36 мәдени нысан күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі. Облыста барлығы 138 рухани мекеме болса, соның қырыққа жуығы то­лық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Сахналық киім­дер, музыкалық аспаптар, LED экрандар мен заманауи компьютерлік жабдықтар­мен жабдықталған бұл нысандардың мәдени өмірі қайнап тұр.

«Әрине, барлық мәдени ошақтың жағдайы бірдей мінсіз деуге келмейді. Шешімін күткен мәселелер де бар. 2026–2029 жылдарға арналған әлеумет­тік нысандар құрылысына жариялан­ған мораторий жаңа ғимараттардың салынуын уақытша тежегенімен, қазір­гі жөндеу жұмыстары тоқтамайды. Бұл бағыттағы жоспарлар жасалып қойған. Облыстық әкімдіктің қолдауы да айқын сезіледі. Біз алмағайып жылдары Жетісу мәдениетінің сақталып қалуына жанын салған азаматтардың еңбегін көзбен көріп өстік. Театрдың тұтастығын сақтауда Алмахан, Кенде­бай, Әлихан сынды өнер тарландары­ның еңбегі өлшеусіз болса, М.Төлебаев атындағы оркестрдің бүгінге жетуіне Әли Алпысбаевтың жанкешті еңбегі ерекше. Өз қаражатының жартысын оркестрге жұмсап, ұжымды сын сағаттан алып шыққан сол буынның өнегесі мол», дейді облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов.

Оның айтуынша, кітапханалар мен мәдениет үйлері қатар дамып келеді. Көптеген кітапхана өнер ошақтарының ішінде орналасқандықтан, олардың жағдайы да бірге жанданып отыр. Оған қоса облыс музейлерінің жұмысы толық жолға қойылған. Мәселен, М.Тыныш­баев атындағы өлкетану музейін заманауи талапқа сай қайта жаңғырту жос­парда бар. Ғимаратқа қосымша қабат салынып, конференция залы, арнайы экс­позициялық алаңдар мен қызметтік бөл­мелер қарастырылмақ. Сондай-ақ облыстық кітапхананы да жаңаша қалып­қа келтіру көзделіп отыр.

Тағы бір өзекті мәселе – архив ғимараты. Бүгінде облыс орталығындағы архив қоры 99 пайызға толып, құжат қабылдау мүмкіндігі шектелген. Осыған байланысты архив ғимаратының алдына 600 шаршы метрлік қосымша нысан салу жоспарланып отыр. Көбіне архивке жүгінетіндер – зейнет жасына жеткен азаматтар. Олар зейнетақы мөлшерін көбейту немесе нақтылау үшін, қай жылы, қай мекемеде қызмет атқарғанын дәлелдеу мақсатында келеді. Осындай сәттерде архив қызметкерлері әрбір парақты жіті тексеріп, қажетті мәліметті тауып, азаматтарға қолғабыс етеді. Бұл – үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін еңбек.

«Архившілердің жұмысы қарапа­йым көрінгенімен, аса ауыр жағдайда жүзе­ге асады. Табиғи таза ауасы жоқ бөлмелер­де, арнайы температуралық режім сақтай отырып, күні бойы тынымсыз қызмет етеді. Құжаттар арнайы қатырмаларда сақталады. Себебі қағаз­ға қонған әрбір шаң-тозаң – жазудың жауы. Уақыт өте келе ол қағаздағы мәтін­ді жеп, өшіріп жіберуі мүмкін. Осы ерек­шеліктерді ескере келе, басқарма тарапынан архив ісін заманауи талаптар­ға бейімдеу мақсатында екі бірдей план-сканер сатып алынды. Мамандардың айтуынша, адамдар жылына бір-екі рет рентгенге түссе, план-сканердің адам ағзасына тигізер әсері соған шамалас. Сондықтан архив қызметкерлері арнайы қорғаныш киіммен жұмыс істейді», дейді басқарма басшысы.

Бүгінде архившілер күніне шамамен мыңға жуық құжатты план-сканер­ден өткізіп, электронды нұсқаға көшіріп жатыр. Бұл жұмыс – қағаз құжаттарды сақтап қана қоймай, келешек ұрпаққа қолжетімді етуге бағытталған. Цифр­лан­­­дыру арқылы архив деректері жо­ғал­­майды, іздеу жеңілдейді, уақыт үнем­деледі.

Құжаттама бағыты да ерекше жауап­кершілікті талап етеді. Облыс аумағын­дағы құпия құжаттар сақталатын орын осы басқарманың қарамағында. Бұл жұмыс Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе атқарылады. Қазіргі таңда бас­қарма ғимаратында және облыстық архивте арнайы жабдықталған, қауіпсіздік талаптарына толық жауап беретін құпия құжат сақтау бөлмелері бар. 

Жаңа мәдениет үйлері көбейеді

Облыс құрылғаннан бері мәдениет саласындағы инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді. Әйтсе де, мәдениет үйлері­нің мәселесі толық шешілді деуге әлі ерте. Соған қарамастан, бұл салада «сең қозғалды» деуге толық негіз бар. Ең ғажабы, 30-ға­ тарта мәдениет ошағы пай­далануға бе­рілді. Бұл – тәуелсіздіктің 35 жылында қор­даланған мәселелердің біртіндеп ше­шіле бастағанының көрінісі.

«Облысқа қызметке келгенде алдымнан екі күрделі мәселе шықты. Оның бірі – Қоғалы, екіншісі – Бақтыбай ауылындағы мәдениет үйлері. Екі нысанда да мердігер ұйымдар жосықсыз әрекетке барып, мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсаған. Осыған байланыс­ты сот үдерістері жүргізіліп, нәтижесін­де басқарма тарабы жеңіске жетті. Бү­гін­де Қоғалы ауылындағы мәдениет үйі то­лық ашылып, халық игілігіне жұмыс істеп тұр. Көптен бері жыры бітпей кел­ген Бақтыбай ауылындағы мәдениет үйінің мәселесі де түбегейлі шешімін тапты. Қазір құрылыс жұмысы аяқталуға жақын, нысан биыл ел игілігіне беріледі», дейді Қ.Сүлейменов.

Мәдениет саласында атқарылған жұмыстар қазір нәтиже беріп отыр. Облыс әкімі­нің бастамасымен бұрын мемлекеттік қызметкерлер ат ізін сал­маған шалғай ауылдар да назардан тыс қалған жоқ. Бір айта кетерлігі, өңір басшысы Бейбіт Өксікбайұлының өзі алыс ауылдарды аралап, халықтың түйткілді мәселелерін сол орында шешіп берді.

Мәселен, Көпбірлік ауылында жол жөнделіп, спорт нысаны мен меди­ци­налық мекеме салынды. Бұрын мәдениет үйі болмаған елді мекендерде жаңа ­өнер ошақтары бой көтерді. Бір ғана Қаратал ауданының өзінде кейінгі жылдары ­6 мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Әсіресе ауылдық мәдениет үйлеріне айрықша қолдау көрсетілді. Былтыр 128 млн теңге бөлініп, барлық ауыл мәдениет үйлеріне арналған сахналық киімдер тігілді. Сонымен қатар 300 млн теңгеден астам қаражат бөлі­ніп, облыс аумағындағы 114 тари­хи ескерткішке күрделі жөндеу жұмы­сы жүргізілді. Материалдық базамен қатар, өнер саласының мазмұны да жаңаша бағыт алды. Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Жомарт Қаратастың айтуынша, өнер саласында биыл да үлкен жобалар қолға алынады.

«Сахналық киім, дыбыс аппаратурасы, музыкалық аспаптар толық жаңар­тылды. Ауылдағы мәдениет үйлері бү­гін­де республика сарайларынан кем түспейтін деңгейге жетті. Шоғы өше бас­таған ұлттық өнердің әр саласына жан бітті. Айтыс өнері қайта жанданды. Бұрын «Балғынбек пен Жандарбектен кейін айтыс жібі үзілді» деген пікірлер айтылған кезеңде бұл салаға жаңа тыныс берілді. «Жер жәннаты – Жетісу» атты ауқымды телевизиялық айтыс жобасы ұйымдастырылып, әр ауданнан жас айтыскер ақындар шыға бастады. Өнерпаздар легі қалыптасты. Бұл жұмыс биыл да жалғасады», дейді ол.

Бүгінде облыстағы әрбір өнер меке­месі еліміздің үлкен сахналарында өнер көрсетуге дайын. Ең бастысы – ауылдан шыққан өнерпазды республикалық концертке апара алатын деңгейге жету. Бұл – мәдени саясаттың нақты нәтижесі, жүйелі жұмыстың жемісі.

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55

Ғимарат су жаңа кейіпке енді

Білім • Бүгін, 07:45

Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады

Өшпес даңқ • Кеше

Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс

Қоғам • Кеше

Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы

Қоғам • Кеше

Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы

Құрылтай • Кеше

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

Қоғам • Кеше

Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады

Ата заң • Кеше

С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Экология • Кеше

Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 08:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

25 Шілде 2026 05:24see156

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

25 Шілде 2026 13:01see156

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

25 Шілде 2026 08:50see155

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

25 Шілде 2026 15:22see149

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

25 Шілде 2026 11:57see149

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

25 Шілде 2026 09:21see147

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

25 Шілде 2026 15:05see146

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

25 Шілде 2026 14:33see144

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

25 Шілде 2026 21:11see141

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

25 Шілде 2026 22:16see139

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

25 Шілде 2026 08:21see139

Қазақстан Халық партиясы Атырауда зейнетақы мәселесін талқылады

25 Шілде 2026 22:16see131

Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты

25 Шілде 2026 22:59see130

Тоқаев пен Путин XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында келіссөз жүргізді

25 Шілде 2026 21:03see126

Қазақстанда бір тәулікте орман қорында үш өрт тіркелді

25 Шілде 2026 22:08see123

Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

25 Шілде 2026 20:54see120

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

26 Шілде 2026 20:00see119

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

26 Шілде 2026 13:08see118

Еурокомиссия TikTok тың балалар қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерін анықтады

25 Шілде 2026 11:57see118

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

26 Шілде 2026 08:35see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары