Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жетісу облысында өңірдегі алғашқы көркем гимнастика залы қолданысқа берілді

Жетісу облысында өңірдегі алғашқы көркем гимнастика залы қолданысқа берілді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Мемлекет басшысының өңірде бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес жыл сайын көптеген спорт нысандары салынуда. Жетісу облысы құрылғаннан бері 39 нысан бой көтеріп, жаңғыртылды. Олардың қатарында тұрғын үйі бар волейбол жаттығу базасы, үстел теннисі орталығы, мұз аренасы және бүгінгі ашылып отырған заманауи көркем гимнастика залы бар. Жаңа спорт кешенінде жасалып отырған жағдайлар осы күрделі әрі әсем спорт түріне жастарды көбірек тартуға ықпал ететіне сенімдімін, — деді Б. Исабаев.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Салтанатты лента қию рәсімінен кейін қонақтар жаңа спорт нысанының ішін аралап, жабдықталуымен танысты. Жас спортшылармен әңгімелескен өңір басшысы көркем гимнастиканы дамытуға облыста бүгінгі күні барлық жағдай жасалып отырғанын айтып, болашақта еліміздің атын шығаратын мықты чемпион болу үшін қажырлы еңбектеніп, үздіксіз жаттығу керектігін айтты. Мұнан соң спорт қайраткерлерімен бірге балаларға гимнастика құрал-жабдықтары, сол сияқты спорттың басқа да түрлеріне арналған инвентарьлар табыс етті.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Жаттықтырушылардың бірі Елена Беликова көркем гимнастикаға арналған жаңа зал жөнінде өз пікірін білдірді:

— Жас спортшыларымыз үшін жеке жаттығу залы салынғанына қуаныштымыз. Бұған дейін түрлі спорт кешендерінде жаттығуымызға тура келді, бұл біршама жайсыздық туғызатын. Бұл мәселені облыс әкімінің халықпен кездесуінде көтердік. Сол кезде бізге бұл мәселе назардан тыс қалмайды деп уәде берді. Бүгін біздің арманымыз орындалды деуге болады. Бұл арнайы залда жаттығу процесі үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған — төбенің биіктігі 14 метр, жарақаттануды болдырмау үшін платформасы мен гимнастика кілемі бар ағаш еден төселген. Бұл залдың ашылуы Жетісуда көркем гимнастиканың дамуына, біздің гимнасттардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне тың серпін береді деп ойлаймын, — деді ол.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Жас спортшылар да өз ойларын ортаға салды:

— Мен көркем гимнастикамен он жылдан бері шұғылданамын. Бұған дейін әртүрлі спорт кешендерінің залдарында жаттығып жүрдік, олардың төбесі аласа болды да жаттығуда тәуекелдерге баруға мүмкіндік бермейтін. Қазір жаңа залдың төбесі биік, түрлі күрделі жаттығуларды жасауға ыңғайлы, яғни үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды, енді спорт шеберлігін қорғауға болады, — дейді спорт шеберлігіне үміткер Анастасия Теряева.

Тағы бір жас гимнастшы Аяна Мұрат та осындай пікірде.

— Көркем гимнастикадан спорт шеберлігіне үміткермін. Спорттың осы түрімен айналысқаныма жеті жыл болды. Қазіргі залымыз жарық, биік, үлкен. Мұнда кәсіби дайындығымызды шыңдап, әлемдік спорт жарыстарында еліміздің туын көкке көтереміз деп сенемін, — деді ол.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Ана-аналардың бірі Гүлжанат Ументаева залдың салынғанына ризашылығын білдірді.

— Менің төрт қызым бар. Екінші қызым Аяулым төрт жасынан бері гимнастикаға қатысады. Жастайынан өзінің бейімі болды, сондықтан таныстарымның кеңесі бойынша гимнастика үйірмесіне бердім. Қазір сегіз жылдан бері осы спорт түрімен тұрақты айналысып келеді. Қаламызда тұрақты жаттығатын көркем гимнастиканың арнайы залы болғанына ата-ана ретінде қуаныштымын. Болашақта қызым чемпион болатынына сенемін, — дейді Гүлжанат.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Атап өтсек, ғимараттың құрылысы өткен жылдың ақпан айында басталған болатын. Мұнда екі зал бар, оның бірі гимнастика жаттығуларына арналса, екіншісі волейбол, баскетбол, мини футбол ойындарын өткізуге болатын әмбебап зал.

Жалпы, бүгінгі күні Талдықорғанда 200-ге жуық бала тұрақты түрде көркем гимнастикамен айналысады, оларды кәсіби жаттықтырушылар жаттықтырады.

Айта кетелік Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 20:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары