Жетісу облысында Showdaun үйірмесі ашылды
24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Жетісу облысының Балпық би ауылында көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған үстел теннисі үйірмесі ашылды.
Енді Көксу ауданының тұрғындары орталық стадионда «Showdaun» деп аталатын спортпен шұғылданып, бір мезгіл бой сергітеді. Жанары суалған азаматтарға бейімделген ойын қимыл қозғалысты ширатуға, есту қабілетін дамытуға және жылдамдықты арттыруға ықпал етеді. Бұл өңірде ашылған бесінші спорт секциясы. Оған жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасап, саяси ұйым мен қоғамдық бірлестік өкілдері ұйытқы болған. Салтанатты шараға орай жарыс өткізіліп, 20 шақты ойыншы жеребе негізінде өзара сынға түсті.
Ербол Әтейбеков, Талдықорған қаласының тұрғыны:
- «Showdaun» деген жақсы ойын. Қанша зағип жандар бар үйде жатып шыға алмай жатқан. Солар келіп, осы шоудаунды ойнаса деп шақырамын. Бұл ойын денсаулыққа да пайдалы. Ермек те болады. Пайдасы жақсы. Бір-бірімізбен білісіп жатырмыз.
Мадина Дәуітова, облыстық «Showdaun» қоғамдық бірлестігінің басшысы:
- Филиалдар ашылғаннан кейін төрт ауданға Ақсу, Сарқан, Жаркент қаласы, Алакөл ауданында столдар қойылады. Ендігі жылға дейін жұмыс істеп көреміз. Жақсы демеушілер табылатын болса республикалық чемпионатты жасауға ниеттіміз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 17:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















