Жетісу тұрғыны сайлау комиссиясын сотқа берді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Жетісу облысының тұрғыны аумақтық сайлау комиссиясын сотқа берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясына барлығы 203 өтініш түскен. Соның басым бөлігі сайлау заңнамасын түсіндіруге қатысты. Ал аумақтық сайлау комиссияларының жұмысы бойынша шағымдар түскен жоқ. Бірақ Жетісу облысының бір азаматы жергілікті комиссияны сотқа берген.
"Азамат Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясына өзін кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша сотқа жүгінді. Облыс соты талапты қанағаттандырудан бас тартты. Себебі Құрылтай депутаттарына кандидаттарды ұсыну құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі",-деді Жанәбілова комиссияның бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін мәдениет және ақпарат министрлігі сайлауалды үгіт-насихат кезінде анықталған заң бұзушылықтардың санын жариялады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 20:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















