Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

Астанада Қорғалжын тас жолы ішінара жабылады

Жетісу жұрты Сейфуллин мұрасымен танысты

Жетісу жұрты Сейфуллин мұрасымен танысты

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінің қорынан әкелінген жүзден астам жәдігер жеті­сулықтарға алғаш рет ұсынылды. Көрмені тамашалаған жұрт ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының тағдырымен біте қайнасқан қайраткердің өмір жолына терең бойлап, оның бай мұрасымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Астана қаласы әкімдігінің «Біріккен музейлер дирекциясы» МКҚК директорының орынбасары Нұрсерік Жолбарысұлы көрменің мазмұнына тоқталды.

«Көрме Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін қамтиды. Біз тек ақынды ғана емес, ұлт тағдыры үшін күрескен қайраткерді, ағартушыны, мемлекет қызметкерін танытуды мақсат еттік. Экспозициядағы әрбір жәдігердің өзіндік тарихы бар. Олар арқылы келушілер Сәкеннің тұлғасын тереңірек тани алады», деді  Н.Жолбарысұлы.

Көрме экспозициясы Сәкен Сей­фуллиннің балалық шағынан бастап мемлекет қайраткері дәрежесіне дейінгі өмір белестерін қамтиды. Ақынның туған жері, отбасы, білім жолы, ағартушылық қызметі мен ұлт руханиятына сіңірген еңбегі кеңінен көрсетілген. Әсіресе қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолындағы қызметі мен ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесі көрменің маңызды бөлімдерінің біріне айналған. Оны бізге арнайы тамашалауға келген талдықорғандық тұрғын Гүлнар Әбдірахманқызы мақтанышпен жеткізді.

«Біз Сәкен Сейфуллинді мектептен ақын ретінде білеміз. Ал бүгін оның жеке заттарын, отбасы тұтынған бұйымдарды көріп, тұлғаның өміріне жақындай түскендей әсер алдым. Әсіресе қолжазбалары мен фотосуреттері ерекше толқытты. Мұндай көрмелер жастар үшін өте қажет», деді ол.

Көрменің ең құнды тұстарының бірі – Сейфуллиндер әулетіне тиесілі түпнұсқа жәдігерлер. Мұнда ақынның  анасы Жамалдың ұршығы мен ­сама­­­­у­рыны, Сәкеннің күміс қасығы, жары Гүлбаһрам сақтап келген ақ дастарқаны, кофе тартқышы, патефоны, қойын дәптерлері, қолжазбалары, жазу машинкасы, сирек фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары қойылған. Бұл жәдігерлер көрерменді тұлғаның шығармашылық әлеміне ғана емес, оның адами болмысына да жақындата түсті. Осы ретте Жазушылар одағының Жетісу облысындағы өкілі, ақын Жангелді Немеребай бұл көрменің рухани ма­ңызына тоқталды.

«Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ мемлекетшілдігінің тари­хындағы ірі тұлға. Оның шығар­малары мен қоғамдық қызметі тұтас бір дәуірдің шежіресі іспетті. Жәдігерлерге қарап тұрып, тарихтың өзін сөйлеткендей әсер аласың. Бұл – өткен мен бүгінді жал­ғай­тын маңызды мәдени көпір»,  деді ақын.

Көрмеде қазақ әдебиетінің алтын қорына енген «Асау тұлпар», «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолында», «Айша», «Тар жол, тайғақ кешу» шығармаларының алғашқы басылымдары да қойылған. Сондай-ақ қазақ халқының тарихи атауын қайтаруға үндеген «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» атты әйгілі мақаласына арнайы орын берілген.

Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармашылығы – ұлт тағдырымен тамырлас тағылымды тарих. Сәкен қалдырған әдеби мұра мен қоғамдық қызметтің өнегесі бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Жетісу облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see116

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see112

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see107

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see106

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see101

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see101

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see100

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see98

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97

Астанада Қорғалжын тас жолы ішінара жабылады

08 Тамыз 2026 16:09see96
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары