Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

ЖИ ұстаздардың көмекшісіне айналды

ЖИ ұстаздардың көмекшісіне айналды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жасанды интеллект мұғалімдердің көмекшісіне айналды. Интерактивті 3D-модельдер география, биология сынды пәндерде күрделі тақырыптарды жеңіл түсіндіріп, оқушылардың ынтасын арттырады.

Бүгінде жасанды зият мұғалімдердің цифрлық көмекшісіне айналған. Тақырыпты пысықтау үшін тест пен ойын түріндегі тапсырмаларды да жылдам әрі оңай дайындайды. Мәселен, № 111 келешек мектебі бүгінде цифрлық жүйеге көшіп, оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеріп отыр. Білім ошағында 3,5 мыңнан астам оқушы оқиды.

Сая Мейрамбаева, Астана қ. әкімдігінің «111 жалпы орта білім беретін мектеп» ШЖҚ МКК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Мысалы, Rocket AI деген платформаны алатын болсақ, биология сабағында жасушаның құрылымы, адам ағзасының құрылымы деген сияқты тақырыпты өткен кезде экранның жан-жағынан көрсете отырып оқушыға толық ақпарат береді. Оқушы көзбен көріп, оның есте сақтау қабілетін өте жоғары дамытады деп айтсақ болады. Google for Education платформасымен жұмыс жасаймыз. testter.kz деген қазақстандық платформа бар. Ол жерде тек қана жасанды интеллект емес, тестілеу, аралық білімді бағалау деген сияқты бөлімдерде әртүрлі платформаның мүмкіндіктерін пайдаланамыз.

Біз қазір STEM зертханада тұрмыз. Мұнда балалар өз жобаларын жасап шығарады. Мысалы, биылдан бастап олар ерекше жобаны қолға алған. Ол оқушылардың стресс деңгейін жасанды зерде негізінде анықтайтын платформа.  Бұдан бөлек, «Ақылды шлагбаум» жобасы да бар. Оның ерекшелігі көлік жақындағанда жүйе оны автоматты түрде танып, жүргізушінің бөгетсіз өтуіне мүмкіндік береді.

«Педагогтер жасанды интеллект көмегімен оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға басымдық беріп отыр. Бұл дағдылар қалыптаспаса, баланың когнитивті дамуы баяулайды», - дейді мамандар.

Бекнұр Қойшыбай, информатика пәнінің мұғалімі:

- Бұрынғымен салыстырғанда қазір барлық информатика сабақтарында жасанды интеллект қолданылады. Визуализация болсын, ойын саласы болсын, геймификация болса да барлық кезеңде информатикада жасанды интеллект қолданылып жатыр. Себебі бұл қазіргі білім саласының талабы деп айтсақ болады. Әр сынып деңгейі бойынша бағдарламалау 6-10 сыныпқа деген сияқты, 3D модельдеу 6 сыныптан басталады деген сияқты. Бұл кезде де жасанды интеллект қолданылады.

Оқушылар да сабақ берудің мұндай ерекше әдістеріне тәнті. Жасанды зерденің пайдасы - берілген ақпаратты тез өңдеп, тапсырманы жеңілдетеді. Педагогтерге қойылатын басты талап  - академиялық адалдық пен киберқауіпсіздікті сақтау. 

Сая Мейрамбаева, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Жасанды интеллект мұғалімге көп көмегін тигізеді. Біріншіден, уақытты үнемдеу жағынан. ҚМЖ жасағанда, бөлім бойынша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын жасаған кезде жасанды интеллекті қолдану өте тиімді. Бірақ әрбір мұғалім жасанды интеллектімен алынған ақпаратты сол күйінде пайдаланбай, оның артығын алып тастап, өңдеп беру өте маңызды.

Ал виртуалды зертханалар арқылы оқушылар химиялық реакцияларды қауіпсіз ортада зерттей алады.

Дильнара Мұқан, химия пәнінің мұғалімі:

- Эксперименттердің аса қауіптісі болса немесе уақытты тиімдірек пайдалануда бұл үлкен көмегін береді. Мысалы, айта кетейік,  химияда электровит тақырыбы болса, оны «изи сенс» бағдарламасында датчиктер арқылы түсіндіре аламын. Rocket AI бағдарламасына кіремін де балаларға дайын эксперимент түрін көрсете аламын. Соның бәрі қазір химияның үлкен тиімді мәселесі болуда.

Сабақ берудің заманауи тәсілдері бүгінде өз жемісін беріп келеді. Оқушылардың жетістіктері де аз емес. Мәселен, жас өнертапқыштар STEM бағыты бойынша дрон ұшыру жобасымен Дубайда өткен халықаралық сайыста жеңімпаз атанып, Түркияға жолдама жеңіп алған.

Авторлары: Дильназ Тұрғазыева, Досбол Байдильдин

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 15:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see114

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see113

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see111

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see104

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see103

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see101

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

08 Тамыз 2026 01:23see100

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see100

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары