Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

СҚО да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

Дохадағы турнир: қазақстандық тениисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Қазақстан энергия тапшылығына ұрынған ел мәртебесінен қашан арылады министр жауабы

Құдағиымның сыйлығына рақмет : Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы өзінің алғысын жеткізді (ФОТО)

БҚО да сальмонеллезбен ауырғандар саны екі еседен астамға өсті

Болашақ дипломаттар Қазақстанды зерттеуде

Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерді дөрекі түрде балағаттады

Ақтауда XXI ғасыр көшбасшысы cайысының аймақтық кезеңі қорытындыланды

Жапон иені құлдырады

Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген : Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Асылхан Асан фристайл акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз болады

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

Таяу Шығыстағы қызыл таң

Білім бизнеске айналды ма?

Білім бизнеске айналды ма?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазіргі кезде балалар мектептегі білімнен тыс міндетті түрде ақылы білім ор­та­лықтарына барады. Бұл үрдіс кейінгі 5 жылда қарқынды белең алды. Ресми дерек­терге сүйенсек, еліміздегі ірі қалаларда кемінде мыңға жуық жекеменшік білім орталығы бар. Ал бейресми тіркелмей жұмыс істеп жатқаны одан­ көп. Ақылы білімге деген сұраныстың артуы саладағы бәсекелестіктің кү­шеюі ме әлде мемлекеттік білім жүйесінің әлсіреуі ме? Мәселені қалай шешу керек?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Онлайн жүйенің олқылығы

«Covid-19» кезінде білім жүйесі ең үлкен сынақтардың бірін бастан өткергені белгілі. Дәл осы кезеңде Назарбаев уни­вер­ситетінің ғалымдары еліміздегі оқушылардың қо­сымша білімге тәуелділігін анық­тау мақсатында арнайы зерттеу жүр­гізген. 2021 жыл­дың қаңтар-мамыр айларында жүргізілген онлайн сауалнамаға елі­міздің әр өңірінен мектеп оқушылары қа­тысқан. Нәтиже­сінде, оқушылардың 75 пайызы кейінгі жылдары репетитор жалдағанын айтқан. Бұл көр­сеткіш репе­ти­торлықтың енді «қосымша құрал» емес, мектептегі негізгі білімнің орнына жүретін жүйелі қызметке айналғанын аңғартады.

Пандемия кезінде мектеп­тердің толық онлайн форматқа көшуі білім сапасына кері әсер еткен. Зерттеу деректеріне қа­рағанда, оқу­­шы­лардың басым бөлігі мұғалімдердің цифр­лық дағдылары жеткіліксіз болғанын, платформа­лар жиі істен шыға­тынын, кей сабақ­тарды толық түсінбейтінін атап көрсеткен. Сол себепті көп­теген оқушы: «Негізгі материалды он­лайн са­бақта емес, репетитордан түсіндім», деп­ жа­уап берген. Яғни репетиторлық білімнің кем­ қал­ған тұсын толтыратын негізгі арнаға айнал­ған.

Зерттеу көрсеткендей, ақылы сабаққа барудың бірінші себебі – Ұлттық бірыңғай тестілеуге да­йындық. Оқушылардың 69 па­йы­зы репетиторсыз жоғары ұпай жинау қиын екенін айтады. Бұл жерде ақылы бі­лім алу қосымша құрал емес, жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті қадам ретінде қабылданып отыр.

Сондай-ақ қосымша са­бақ­қа барудың қалтаға тү­сіре­тін қиын­дығы да бар. Оқушылардың көп­­шілігі айына 20-40 мың теңге аралығында ақша төлеген. Алайда бұл ең төменгі көрсеткіш, яғни бұл­ ақшаға тек топпен бірге білім алуға болады.

Зерттеу барысында оқу­шы­лар мен сарап­шылар көтерген ма­ңызды мәселе – репети­тор­лық қыз­меттің ешбір нормативтік талаппен реттелмеуі. Кімнің білікті, кімнің тәжірибесіз екені белгісіз. Нарықта арнайы лицензиялау, сапаны бақылау, баға саясатын реттеу сияқты те­тіктер жоқ. Бұл ахуалды зерттеушілер елдегі білім сапасына ұзақмерзімді қатер  ретінде қарастырған. 

Жауапкершілік кімде?

«Covid-19» пандемиясы уағында мектептер жаппай онлайн оқуға көшкен кезде мұғалімдердің оқушы­мен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі шектеліп, күнде­лік­ті бақылау мен оқу тапсырмаларын орындау мін­де­тінің едәуір бөлігі ата-аналарға жүктелгені белгілі. Сол кезде уақытша шара ретінде қабылданған бұл жауапкершілік пандемия аяқталғаннан кейін де ата-ананың мойнынан түсе қой­ған жоқ.

– Қызым биыл 1-сыныпқа барды. Шыным­ды айтсам, үйде үш кішкентай балам болған­дықтан бәріне бірдей уақыт бөлу оңай емес. Үй тапсырмасын бірге орындаймыз, бірақ жаңа тақырыпты үйрету, әр дыбысты, әр амалдың мәнін қайта-қайта түсіндіру үшін шынымен ұзақ уақыт керек. Сынып жетекшісі қызымның үлгерімі төмендеп жатқанын айтты. Бірақ үйде қасында сағаттап отыруға мүмкіндігім жоқ. Амал­сыз, мұғалімінің айтуымен қызыма ақылы қосымша сабақ алуға тура келді. Қазір сыныпта үлгерімі баяу­лау балаларды жеке жинап, өздері-ақ ақылы түрде оқытады екен. Таңдау қалмай тұр. Баланың артта қалып қойғанын қала­майсың, сондықтан төлейсің. Бала үшін бәріне дайынбыз, – дейді Жанар Еділбек.

Дегенмен бұған мұғалім­дер­дің де айтатын уәжі бар. Қағаз­бас­тылық пен артылған артық жұ­мыс­тан аса алмаймыз дегенді алға тартады.

– Қазір мұғалімнің ең үлкен мәселесі – шығармашылық еркін­діктің болмауы. Біз өз пә­німізді қызықты етіп өткізуге, оқушының деңгейіне қарай әдіс таңдауға дайынбыз, бірақ оған мүмкіндік аз. Уақыттың көп бөлігі әртүрлі құжат толтыруға, есеп беруге, формалды тапсырмаларды орындауға кетеді. Осы қағазбастылықтан бо­сасақ, сол уақытты оқушыға жұмсасақ, білім сапасы әлде­қайда жоғары болар еді. Мұғалім­нің ең маңызды мін­деті – балаға уақыт бөлу. Ал қазіргі жүйеде оған мүм­кіндік жоқ, – дейді мұғалім Индира Анашева. 

Шетел тәжірибесі

Бала үлгерімі үшін жауап­кер­шіліктің ата-ана мен мектеп арасында алмасып жүруі – тек елімізге тән құбылыс емес. Көп елдерде де осындай мәселе бар, бірақ әр мемлекет оны әртүрлі жолмен шешкен. Мәселен, Оңтүстік Кореяда да қосымша ақылы сабақ кең таралған. Оның бірден бір себебі – жоғары білім саласындағы бәсеке. Бұл елде мемлекеттік грант саны өте аз. Сондықтан оқушылардың көбі қалайда университетте тегін оқуға талпынады. Дегенмен Оңтүстік Корея көлеңкелі білім нарығымен күресуге мемлекеттік деңгей­де ден қойып жатыр.

Ал Сингапурда жүйе басқа­ша жұмыс істей­ді. Мұғалімнің әкімшілік жүгі жеңілде­тіл­ген, әр мектепте үлгерімі төмен оқу­шылар­ға арналған тегін қосымша сабақтар қарас­тырылған. Сон­­дықтан ата-анаға түсетін қысым біздегідей ауыр емес. Финляндияда жағдай мүлде өзгеше. Мұғалімнің кәсіби ер­кіндігі кең, қағаз жұмысы барынша азайтылған. Үлгері­мі артта қалған балаға мек­тептің ішінде-ақ жеке көмек көрсетіледі. Сол себепті репе­титорлық нарық қана­тын кең жая қоймаған. Ата-аналар­ға да «қосымшаға бері­ңіздер» деген талап қойылмайды.

АҚШ-та ата-аналар бала­сының оқуын қадағалап отырады, бірақ мектеп­тің өзінде психолог, тьютор, арнайы мамандар арқылы баланы қолдау жүйесі дамыған. Ақылы курс міндет емес, қосым­­ша мүмкіндік қана.

Халықаралық тәжіри­беден байқа­латы­ны мәсе­ле­лер ұқсас болғанмен, көп елде жауапкер­шілік нақ­ты бөлінген: мектеп өз мін­де­тін атқарады, ата-ана өз орнын біледі, ал жүйе оқу­шыға қосымша көмекті ақы­лы нарыққа итермелемей, мектептің ішінен-ақ ұсынады.

Көлеңкелі білім нары­ғын зерттеп жүрген қауым­дас­ты­рылған профессор Анас Хажардың ай­туынша, біздегі басты түйткіл осы теңгерімнің бұзы­луында болып отыр.

– Еліміздегі репетиторлық индустрия­ның өсуі мектеп сапа­сының әлсіреуінен, жоғары бәсе­келі тест жүйе­сінен, реттелмеген нарықтан туын­даған құбылыс. Репети­тор­лықты тыйы­м салу арқы­лы тоқтату мүмкін емес. Ке­рі­сінше, оны реттеу, сапаны стан­дарттау, ал ең бас­­тысы мектептің ака­де­мия­лық әлеуетін күшейту білім теңсіздігін азайтудың жалғыз жолы, – дейді ғалым.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 00:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

14 Қаңтар 2026 00:03see112

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

13 Қаңтар 2026 22:38see112

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

13 Қаңтар 2026 12:00see112

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

13 Қаңтар 2026 19:31see108

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

14 Қаңтар 2026 16:02see107

СҚО да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр

14 Қаңтар 2026 16:02see107

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

13 Қаңтар 2026 12:45see107

Дохадағы турнир: қазақстандық тениисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

13 Қаңтар 2026 14:38see107

Қазақстан энергия тапшылығына ұрынған ел мәртебесінен қашан арылады министр жауабы

14 Қаңтар 2026 17:55see107

Құдағиымның сыйлығына рақмет : Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы өзінің алғысын жеткізді (ФОТО)

13 Қаңтар 2026 17:26see106

БҚО да сальмонеллезбен ауырғандар саны екі еседен астамға өсті

13 Қаңтар 2026 14:38see106

Болашақ дипломаттар Қазақстанды зерттеуде

15 Қаңтар 2026 09:46see106

Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерді дөрекі түрде балағаттады

13 Қаңтар 2026 15:50see105

Ақтауда XXI ғасыр көшбасшысы cайысының аймақтық кезеңі қорытындыланды

13 Қаңтар 2026 14:25see105

Жапон иені құлдырады

13 Қаңтар 2026 21:11see105

Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген : Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

14 Қаңтар 2026 10:03see104

Асылхан Асан фристайл акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

13 Қаңтар 2026 12:00see104

Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз болады

14 Қаңтар 2026 10:34see104

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

14 Қаңтар 2026 09:18see104

Таяу Шығыстағы қызыл таң

15 Қаңтар 2026 05:30see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары