Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Бизнеске аудит жүргізілді

Бизнеске аудит жүргізілді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

4,5 трлн теңгеге қолдау көрген кәсіпкерліктен оң әсер бар ма? Жоқ. Бұл Жоғары аудиторлық палатаның Мәжіліске берген жауабы. Бүгін депутаттар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі тексерісті тыңдады.

«Судың да сұрауы бар». Бірақ Павлодарда байып басқа. Егер жоғары аудит жоқ іздемесе, қомақты қаржы құмға сіңіп кетер ме еді?

Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы:

- Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар үшін қарсы міндеттемелер белгіленуі тиіс. Олар орындалмаған жағдайда қаражат қайтарылуы қажет. Алайда мұндай міндеттемелер барлық жерде көзделмеген. Нәтижесінде мысалы, Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған.

Бұны естіген депутаттар да бұрқ ете қалды. «Тиыннан теңге құраудың» орнына қалайша құрдымға кетті, - деп төте сұрақ қойды. Алдымен вице-премьер, кейін әкім орынбасары ақша жайында ақталып, бақты.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

- Ең кемі құрылыс 30% дайын болу керек. Тек сонда инфрақұрылымға ұсыныс бере алады.

Айгерім Қабылтаева, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

- Жалпы 6 жылда мемлекет кәсіпкерлерге 4 трлн 500 млрд теңге қолдау көрсетті. Қайтарымы қайда? Бизнес жайлы бізге белгілісі 4 млн 400 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл халықтың 48 пайызы. Экономикадағы үлесі де төмен. 5-7 пайыз арасында. Неге бұлай? Депутат Сабильянов саралап көрді.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 19 қолдау құрал арқылы 10 жыл бойы 17 млрд 11 млн теңге сомасына үздіксіз қаржылық қолдау көрсетілген. «Актеп» ЖШС – 13 қолдау құрал арқылы 10 жыл бойы 11 млрд 679 млн теңге сомасына қолдау көрсетілген. «Полтри Агро» ЖШС – 2019 жылғы мамырда құрылған. Ал 2020 жылдан бастап 4 жыл бойы 7 қолдау құрал арқылы 2 млрд 932 млн теңге сомасына үздіксіз қаржылық қолдау көрсетілуде. Бұған қоса бұл кәсіпорындар салық жеңілдіктерін де пайдаланған. Сондықтан бір субъектіге қайта-қайта бірнеше мемлекеттік қолдау түрін көрсетуді тоқтату керек.

Елде даму институттары көп. Тіпті атын атап, түсін түстеп, санамалап берді. Бірақ қарқынды дамып, қарышты қадам жасап жатқанымыз шамалы.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстанның Даму Банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «ҚазИндастри» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы, «ҚазТрейд» сауда саясатын дамыту орталығы және тағы басқа Оларда тиімділікті анықтау, талдау жүйесі қалыптаспаған.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары өз алдына өзекті мәселе.  Құрылған 20 жылдағы жетістігін жоғары аудит жіпке тізіп бере алмады. Есесіне, 13 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация 140 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзушылық жасаған. 33 млрд теңгеден аса бюджет ақшасын  тиімсіз пайдаланған.

Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы:

- Бүгінгі таңда корпорацияларда нақты мақсат, қызметтің бірыңғай бағдарлары және дамудың түсінікті моделі айқындалмаған. Корпорациялар кәсіпкерлерді негізінен жеңілдікпен кредит беру арқылы қолдауда. Аудиторларда осыған қатысты да сұрақ бар. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қаржы ұйымдары емес. Қызметтің бұл түрі олардың жарғысында көзделмеген және қолданыстағы заңнамада регламенттелмеген.

Қорыта келе, Жоғары аудиторлық палата бюджет қаржысы 133 млрд теңгеге тиімсіз жоспарланып, пайдаланылғанын анықтаған. Тағы сол шамада есеп бұрмаланған. Құқық қорғау органдарына 14 материал жіберілсе, тағы 105-і әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейді. Алайда амалға айланың да табылып жатқаны жақсы емес. 

Авторлары: Нысаналы Ығыл, Мадияр Қындыбаев 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see119

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see118

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see117

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see114

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see112

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see112

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see107

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары