Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Шағын кәсіптен іргелі бизнеске

Шағын кәсіптен іргелі бизнеске

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгінде шағын және орта бизнес саласын қолдауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл бағытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іскерлерге жаңа мүмкіндік ашқанын айта кеткен жөн. Банк несиелерін субсидиялап, кепілдендіретін қордың көмегімен кәсіпкерлер қолжетімді пайыздық мөлшерлемемен несие алып, іс аясын кеңейтіп келеді. Мемлекет несиенің бір бөлігін субсидиялау арқылы кәсіп иелерінің қаржылық жүктемесін жеңілдетуі де кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз кәсіпкерлерге үлкен көмек болып отыр.

Бәсекеге қабілетті кәсіпорын

Қор қолдауын сезінген кәсіпорынның бірі – «Агрохимсервис-С» ЖШС. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын жұмысын бастаған серіктестік қазір сағатына 10 тоннаға дейін түйіршіктелген тыңайтқыш шығарып, аграршыларды қажетті өніммен қамтамасыз ететін мүмкіндікке ие болған. Биыл компания «Даму» қорының «Өрлеу» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы қаржыландыру алып, өндірісін кеңейтуге тағы бір қадам жасады.

«Агрохимсервис-С» ЖШС шығара­тын аммоний сульфаты ауыл ша­руашылығында қажетті тыңайтқыш сана­лады. Шаруаға аммоний сульфа­ты­ның түйіршіктелген қалпы өте тиім­ді. Тап­талмайтын, түйдектеліп қал­май­тын түйір­шіктер ұнтақтан ауыр болған­дық­тан желге ұшып, ысырап та болмайды.

Аммоний сульфатын шығаратын «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің нарықта жүргеніне 25 жылдан асып барады. Ширек ғасырдан бері Жалағаш ауданынан ашылған компания күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтарға тыңайтқыш жеткізіп келеді.

Алғашқы жылдары тыңайтқышты шеттен тасып келді. Ауыл шаруашы­лығына аса қажетті өнімді өзімізде шыға­руға тыңғылықты дайындалды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы көмегімен іс бастаған кәсіп иесіне банктің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, несие сомасының 50 пайызы мөлшерінде кепілдік берген «Даму» қоры көмекке келді.

«Нысан құрылысы басталғанда пандемия килігіп, біраз кідірістеп қалдық. Керекті жабдықтардың бәрін мамандарымыз құрастырып, іс бастап кеттік. Мұндай зауыт басқа аймақта жоқ. Дер кезінде демеу беріп, алғашқы қадамнан бастап қолдау танытқан «Даму» қорына алғыс айтамыз», дейді компания­ның қаржы директоры Валентина Ким.

Қазір Жалағаш кентіндегі кәсіпорын­ның өндірістік базасында 20 мың тоннаға дейін өнім сақтауға арналған қоймалар, ұзындығы 180 метр болатын екі теміржол тұйығы, тиеу-түсіру техникасы мен теміржол таразысы бар.

Кәсіпорын өндіретін тыңайтқыш бақша өнімдеріне де тиімді. Дегенмен қазіргі тұтынушылары негізінен күрішшілер. Былтыр Қостанай, Алматы облыстарынан сұраныс түсті. «Даму» қорының қолдауы арқасында жаңа өндіріске жол ашқан кәсіпорын биыл алғаш рет Астана қаласындағы көрмеге қатысып, өнімдерін өзге өңірлер өкіл­деріне таныстырды. Бірнеше аймақпен алдын ала келісім жасасты. Кәсіп иесі енді Еуропа нарығына шығуды жоспарлап отыр. Биыл компания «Даму» қорының «Өрлеу» жеңіл­дікпен несиелеу бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан 12,6%-бен тиімді несие алды.

Теміржол вагондары сапалы жөнделеді

Облыста теміржолдағы жолаушы­лар тасымалымен айналысатын «Марал-Нұр» ЖШС Жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешені – «Цифрлық депо» инвестициялық жобасын жүзеге асырып отыр. Жалпы құны
5,4 млрд теңге болатын жобаға жұмсалатын 2,2 млрд теңге «Даму» қорының «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясындағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарапынан қаржыландырылды. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде несие мөлшерлемесі жылдық 8%-ға дейін төмендеді.

«Қызылорда – Павлодар», «Жезқазған – Астана» бағыттарында тұрақты жолаушы тасымалын жолға қойған компания­ның бұл жобасы жолаушылар вагондарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеретін маңызды бастама. Мұндағы жөндеу үдерісінің барлығы цифрлық басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет сапасын арттырумен қатар, уа­қыт пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Біздің серіктестік бұл салада көп жыл тәжірибе жинаған компания қатарында тұр. Аймақаралық екі бағытта 59 вагонымыз бар. Осыған дейін вагондарымызды еліміздегі, Өзбекстан мен Беларусьтағы вагон деполарына апарып жөндетіп жүрдік. Дегенмен уақыт шығынынан бұрын жөндеуден шыққан вагондар сапасына көңіліміз толмаған кезіміз көп. Сондықтан да бес жыл бұрын осы инвестициялық жобаны қолға алып, бұйырса алда жылына 500-ден астам жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Осы арқылы қалада жаңадан 100-ден астам жұмыс орны ашылып, жастарды тұрақты табысы бар салаға бейімдегіміз келеді. Осы күні жолаушылар талабы да өсіп отыр. Вагонның қыста жылы, жазда салқын болғанын, бар жағдайдың жасалғанын қалайды. Біз жаңа технология арқасында сол үдеден шығамыз деп отырмыз», дейді «Марал-Нұр» ЖШС директорының кеңесшісі Әбдімәулен Әлішев.

14 жылда – 11 мыңнан астам жұмыс орны

2010–2024 жылдар аралығында мемлекеттен қолдау алған өңір кәсіпкерлері 11,3 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 537 млрд теңге салық төлепті. Журналистермен жүздесуде «Даму» қорының Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиал директоры Айдос Жылқайдаров осындай дерек айтты.

Жеңілдікпен қаржыландыру, ке­піл жеткіліксіз кезде кепілдік беру, пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы қолдау танытатын қор көмегі арқасында көптеген кәсіпкер шағын ісін үлкен бизнеске айналдырып отыр.

– «Даму» қоры ұлттық даму институты болғандықтан, еліміздің барлық өңірін­дегі шағын және орта бизнестің дамуына жәрдемдесіп, экономикаға айтарлықтай серпін береді. Негізінен өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, туризм, денсау­лық сақтау мен білім салаларына басымдық беріп отырмыз. Биыл мау­сым айында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына балама болып, кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік беретін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Облыста осы бағдарлама басталған уақыттан бері 19 жоба жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге қолдау алды», дейді филиал директоры.

Қызылорда 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары