Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Жол тәртібін реттеген рейд

Жол тәртібін реттеген рейд

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Өңірде жол қозғалысы біртіндеп тәртіпке түсіп келеді. Алдыңғы аптада өткен ауқымды саптық таратылым жол ережесін елемейтін жүргізушілерге «заң бәріне ортақ» екенін естеріне салды. Бұл жолы «жанашырларына» сеніп, жауапкершіліктен жалтару мүмкіншілігі мүлдем болмады. Астана қаласы мен Ақмола облысынан келген тәртіп сақшылары және өңірдің жол сақшылары заң бұзғандарды қатаң жауапқа тартып, айыппұл салып, көліктерін арнайы тұраққа жөнелтті.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Өңіраралық ауқымды сап­тық таратылым ұйым­дастырылғанға дейін өңірдегі сақшылар бірқатар про­филактикалық рейд өткізді. Бұған учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция батальоны мен полк қызметкерлері, Ұлттық ұлан жауынгерлері жұмылдырылды. Рейд барысы облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы басшылығының тікелей бақылауында өтті.

Әкімшілік полиция басқар­масының бастығы Бағдат Каки­мов­тің айтуынша, жүргізілген ша­ра­лардың негізгі мақсаты – құқық бұ­зушылықтың алдын алу, жүргізу­шілерге түсіндіру жұмысын күшейту, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру.

Кең көлемді профилактикалық жұмысқа қарамастан, бір тәуліктің өзінде облыс аумағында 800-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Оның 70-і – өрескел заң бұзушылық.

Рейд барысында 3 жүргізушінің мас күйінде көлік тізгіндегені анықталды. Жүргізу құқығынан айырылған  2 азаматтың қайта рульге отырғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, көлік әйнектерін заңсыз қараңғылау –  22, жүргізу куәлігінсіз көлік басқару – 8, сақтандырусыз жүрудің 16 фактісі тіркелді. Жалпы, 34 автокөлік айып тұрағына қойылған.

Полиция ерекше назар аударған мәселенің бірі – бұрын мас күйінде ұсталып, жүргізу құқығынан айы­рылған азаматтардың қайта заң бұзуы. Өкінішке қарай, мұндай жағдай азаймай тұр.

–  Мас күйінде көлік басқару – аса қауіпті әрекет. Бұл ауыр жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін. Соған қарамастан, кейбір азаматтар заң талаптарын елемейді. Мәселен, 38 жастағы тұрғын бұрын құқығынан айырылса да, қайтадан мас күйінде рульге отырған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деді басқарма басшысы.

Үш күнге жоспарланған сап­тық таратылым аяқталысымен қала көшелерінде ауқымды рейдтік шаралар басталды. Біз де патрульдік экипажбен бірге жолға шығып, тәртіп сақшыларының жұмыс барысын көзбен көрдік. Қызметтік көлік ішінде аға инспектор, полиция капитаны Айбек Байбатыров, полиция капитаны Дулат Ыдырысов, арнайы жасақ қызметкері, аға лейтенант Рахат Ғазизұлы бар.

Рейд барысында Айбек Байба­тыров кейінгі уақытта қалада тран­­зиттік, яғни уақытша тіркеу нөмі­рімен жүрген көліктердің көбей­ге­нін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ба­ғыттағы бақылауды күшейту қажет.

– Басты мақсат – заң бұзушы­лықтың алдын алу. Жолға шыққан әрбір жүргізуші өз өміріне ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігіне жа­уапты екенін түсінуі керек, – деді ол.

Патруль қызметкерлері көлік­терді тоқтатып, заманауи планшеттер арқылы мемлекеттік нөмірлерді бірден дерекқордан тексеріп отырды. Құжаттары күмән тудырған көліктер бірден егжей-тегжейлі қарауға алынады.

Жауынгер-интернационалистер көшесінде Грузия тіркеуіндегі «KIA K5» көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің Қазақстан азаматы бола тұра, шетелдік нөмір­мен көлік жүргізген оған 43 200 теңге айыппұл салынып, көлік айып тұрағына жөнелтілді.

Бірнеше сағаттың ішінде тран­зиттік нөмірмен жүрген онға жуық көлік анықталды. Олардың бірқа­тары арнайы тұраққа қойы­лып, жүргі­зу­шілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Патрульдеу кезінде өзге де құқық бұзушылықтар тіркелді. Мәселен, қауіпсіздік белдігін тақпаған, техни­­калық байқаудан өтпеген «ВАЗ-21099» көлігі тоқтатылды. Ресей азаматы басқарған қара түсті «BMW» көлігі де тексерістен өтті. Құ­жаттары талапқа сай болған­дықтан, жүргізушіге тек түсін­діру жұмысын жүргізді. Тағы бір тран­зиттік нөмірмен жүрген көлікке қатысты заң бұзушылық анық­талып, жүргізушіге 43 200 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл көлік те айып тұрағына қойылды.

Тәртіп сақшылары рейд барысында құқық бұзушылықты анық­таумен ғана шектелмей, азамат­тардың қауіпсіздігіне қатысты жағ­дайда да жедел әрекет етті. Со­ның бір мысалы – С.Ерубаев көше­сіндегі «Азат» сауда үйі маңында болған оқиға. Мас күйінде құлап қалған азамат туралы хабар түскен сәтте, полиция қызметкерлері дереу жетіп, жедел жәрдем шақырды.

«Кеншілер Мәдениет сарайы» аялдамасы маңында патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары өзін жайсыз сезінген қыз баланы байқайды. Полицейлер оған алғашқы медици­налық көмек көрсетіп, кейін шұ­ғыл түрде медициналық мекемеге жеткізді.

Мұндай сәттерде полиция қыз­метінің мәні айқындала түседі. Олар тек заң талаптарының орындалуын қадағалайтын орган ғана емес, қажет кезде адам өміріне араша түсетін, жауапкершілігі жоғары қызмет иелері екенін көрсетеді.

Күнделікті қызметтік нұсқа­маларда  ауыр зардапқа әкелуі мүмкін өрескел құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне айрықша мән беріледі. Соның ішінде мас күйінде көлік басқару, жалған мем­лекеттік нөмірлерді пайдалану, жол қозғалысына қауіп төндіретін өзге де әрекеттер қатаң бақылауда тұр.

Рейд барысында Балқаш қала­сында жалған тіркеу белгісімен жүр­ген «Nissan» көлігі анықталып, тоқ­тат­ылды. Тексеру кезінде 32 жас­тағы жүргізушіден қолдан жасал­ған пы­шақ табылып, тәр­кіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал тағы бір жағдайда «Volks­wagen Passat» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі көлігіне арнайы жарық сигналдарын – қызыл және көк түсті құрылғыларды заңсыз орнатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Осы деректердің өзі рейдтік шаралардың жолдағы тәртіпті күшейтуге ғана емес, қоғам­дық қауіпсіздікке төнетін нақты қатерлердің алдын алуға бағыт­талғанын айқын аңғартады.

Жалпы, полиция қызметкерлері күн сайын шамамен 2000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кеседі. Біз қатысқан бір тәуліктің өзінде мас күйінде көлік бас­қарған 2 жүргізуші, көлік жүр­гізу құқығынан айырылған 5 адам, жалған тіркеу белгілерін пай­даланудың 5 де­регі, қарсы жолаққа шығудың 7 фактісі анықталды. Қысқасы, үш күндік рейд қорытындысы өңірдегі жол қозғалысы мәдениетін әлі де жетілдіре түсу қажеттігін көрсетіп отыр.

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see150

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see148

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see147

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see147

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see147

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see145

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see144

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see140

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see140

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see136

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see135

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see134

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see132

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see129

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see127

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see122

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see120

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see119

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see115

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары