Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жұмыс орындары, білім, медицина және цифрландыру: Әділет кандидаттары Қостанай облысының жұртшылығымен не талқылады

Жұмыс орындары, білім, медицина және цифрландыру: Әділет кандидаттары Қостанай облысының жұртшылығымен не талқылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысының жұртшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Әділет» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Штаб өкілдері «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, кездесу қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

Кандидаттар партия бағдарламасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағытына және азаматтардың құқықтары мен мүдделері, әділеттілік, заң үстемдігі, өңірлерді дамыту және өмір сүру сапасын арттыру қағидаттары негізге алынған жаңа Конституцияның ережелеріне сәйкес келетінін атап өтті. Партия бұл қағидаттар жергілікті жерлердегі нақты шешімдер арқылы іс жүзінде жалғасын табуы керек деп есептейді.

Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева бағдарламаның өңірлік блогы жергілікті жерлерге көбірек өкілеттік пен қаржылық ресурстар беріп, өңірлердің өз даму басымдықтарын дербес айқындауына мүмкіндік жасауды көздейтінін жеткізді. Өзге ұсыныстардың қатарында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды дамыту және жаңа тұрғын аудандарды мектептермен, балабақшалармен, емханалармен және қоғамдық кеңістіктермен қатар кешенді түрде салу бар.

Смышляеваның айтуынша, мұндай тәсіл Мемлекет басшысының өңірлерді нығайту және аумақтар арасындағы теңгерімді сақтау бағытына сай. Партия өңірлердің даму басымдықтарын өз бетінше айқындап, нәтижесіне жауап беру үшін көбірек мүмкіндігі болуы керек деп санайды.

Асхат Аймағамбетов Қостанай облысының ерекшелігіне назар аударды. Мұнда мектептердің 64%-ы шағын жинақты мектептер.

«Біздің мақсатымыз – қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқарту. Қостанай облысы үшін бұл мәселе аса өзекті. Партияның сайлауалды бағдарламасында еліміздің барлық аудандары мен моноқалаларын қамтитын және 700-ден астам шағын жинақты мектепке әдістемелік қолдау көрсететін Ауылдық тірек мектептердің ұлттық желісін құру көзделген. Сондай-ақ білікті педагогтерді ауылдық және шалғай өңірлерге тартуға арналған арнайы бағдарламаларды ұсынамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Партия төрағасының орынбасары Қаныш Тілеушин цифрландыру саласындағы ұсыныстарға тоқталды. Атап айтқанда, партия 3 мыңнан астам елді мекенді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы анықтамалар санын және азаматтардың түрлі мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттілігін азайтуды мақсат етіп отыр.

«Партия бағдарламасында 5 млн қазақстандықты цифрлық дағдыларға үйрету және жасанды интеллект пен креативті индустриялар саласында 100 мың бейінді маман даярлау міндеті қойылған. Сонымен қатар біз дербес деректерді қорғауға және киберқауіпсіздікке ерекше мән береміз», - деді Қаныш Тілеушин.

Партия өкілдерінің пікірінше, жаңа технологияларды дамыту цифрлық ортадағы адам құқықтарын қорғаумен қатар жүруі тиіс. Екатерина Смышляева партия адамның жасанды интеллектпен ашық әрі түсінікті өзара іс-қимылы, дербес деректерді қорғау және құпиялық қағидаттарын бекітуді ұсынатынын айтты.

Білім беру саласында академиялық адалдыққа және ерте жастан цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару ұсынылады.

Құрылтай депутаттығына кандидат Марат Башимов «Заң және тәртіп» блогына, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік институттардың жауапкершілігі мәселелеріне тоқталды.

«Әділеттілік – бұл заң үстемдігі, адал еңбекке құрмет, бизнес үшін тұрақты әрі түсінікті ережелер, өңірлер мен мегаполис тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты – біздің ұстанымымыздың негізі», - деді ол.

Партия өкілдерінің пікірінше, дәл осы бағыттар – азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігі, өңірлерді дамыту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі және адам мүмкіндіктерін кеңейту – «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасының ережелерін Мемлекет басшысының бағытымен және жаңа Конституцияның қағидаттарымен байланыстырады.

Кездесуді қорытындылаған Құрылтай депутаттығына кандидат Андрей Лаврентьев Қостанай облысының өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті зор екенін жеткізді. Ол өңірдің одан әрі дамуы өндірісті терең өңдеумен, жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындарын құрумен, сондай-ақ адами капиталды дамытумен байланысты болуы тиіс дейді.

Қостанай облысы – республикалық сайлауалды штабтың сапарлар кестесіндегі соңғы өңірлердің бірі. Бұған дейін партия кандидаттары елдің 18 өңірінде болды. Басқосулар барысында жиналған ұсыныстар мен өтініштер жүйеленіп, партияның алдағы жұмысында ескеріледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 11:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары